Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет540/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

322


ретінде өмір сүре отырып, олар жергілікті халық арасында  шартты түрде «қожалар» деген атпен 

белгілі болды.

Қожалар тобы тарихи-табиғи күрделі процесс нәтижесінде қалыптасқан этнос құрылымының 

элементі  болып  табылатын  этникалық  жүйе    ретінде  қазақ  ұлтының  бір  бөлігіне  айналғанына 

да  көптеген  ғасыр  өтті.  Этностың  құрылымындағы  мұндай  даралану  Л.Н.Гумилев  бойынша, 

субэтнос болып табылады [1, 108]. Субэтникалық ұғым белгілі бір этностан әлеуметтік, мәдени, 

әдет-ғұрыптық,  тілдік,  территориялық  ерекшелігі  бар  топ.  Осы  орайда,  қожалардың  әлеуметтік 

ерекшеліктері  мен  этномәдениетінде  кейбір  ерекшелікті  белгілерi  сақталғандықтан,  ол  қазақ 

халқының құрамындағы субэтникалық  топтың бірі саналады. 

Қожалар елдің рухани өмірінде мұсылмандық мәдениеттің ең жоғарғы қызметшісі, сондықтан 

да  Орта  Азия  мен  қазақ  халқы  арасында  мұсылман  дінін  таратып  уағыздаушы,  әрі  Мұхаммед 

пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы болып есептеледі.

«Қожа» ұғымы парсы тілінде «хваджа» - «ие», «еге», «мырза»  деген мағынаны білдірiп, ислам 

дiнi  тараған  елдерде  діни  адамдарға  берілетін  құрметті  атақ  [2,217;237]  болды,  ал  араб  тілінен 

аударғанда  «ағартушы»  [3,92]  деген  мағынаны  білдірді.  Өздерін  пайғамбар  әулетіне  санайтын 

қожалар мен ислам дінінен хабары барлардың барлығы дерлік «қожа» қатарына қосылып, ислам 

дінін уағыздауға қызмет атқарды. Солардың бірталайы қазақ даласында да тарайды [4, 15]. Сонымен, 

қожалар  Орта  Азия  халықтары  арасында  Мұхаммед  пайғамбардың  4  шадиярынан  (серігінен) 

тараған әулеттер.

Орта Азия халықтарының ішінде тәжіктер мен өзбектер [5, 148] және түрікмендер арасында 

дараланған  топты қожалар мен сейіттер құрады. Олар жергілікті жерде жалпы атпен қожалар деп 

аталып, тарих шеңберінде «тәжік қожа», «түрікмен қожа» және «өзбек қожа» деген атаумен аталды.

Мұхаммед  пайғамбардың  алғашқы  халифтарының  ұрпағы  қожалардың  Орта  Азия  мен 

Қазақстан аумағында этникалық қалыптасуы араб жаулап алуы немесе «дін үшін» соғыс кезеңімен 

байланысты.

YII  ғ.  30  жылдарында  Мәдинадағы  халифат  Аравиядан  тыс  жерлерге  «дін  үшін  соғыс»  деп 

аталатын ұрыс қимылдарын жасады. Нәтижесінде Палестинаны, Египетті, Византия империясын, 

Иранды, Солтүстік Африка, Закавказье және Орта Азия мен Қазақстан аумағына дейін келгендігі 

тарихтан белгілі.

Арабтардың Орта Азияға келуі YIII ғ. алғашқы ширегінде. Алайда, арабтардың жаулап алуы 

басталған  қарсаңда  Орта  Азия  мен  Қазақстан  аумағының  көп  бөлігі  Батыс  Түрік  қағанатының 

билігінде болған. Олардың Орта Азияға келуі Кутейба ибн Муслим есімімен тығыз байланысты. 

Ол туралы деректердің бірінде; «628 ж. Кутейба ибн Муслим, яғни Умайя тұқымының алтыншы 

халифасы  Уәлид  ибн  Абдул  Малик  заманында  Кашмирге  жақын  Кануч  шаһарын  алып,  содан 

Балхтан  (  Жайхун  –  қазіргі  Амудария)  өтіп,  Қашғарға  келген»  [6],  енді  бір  мәліметте  олардың 

Мауреннахр өңіріне келуі 705 ж. деп келтіріледі. Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 ж. 

Пайкендке (Бұқараға таяу) қарай беттейді. 714 ж. Кутейба Шашты басып алып, Испиджабқа жорық 

жасады [7,34]. Алайда, бұл өңірдің ислам дініне енуі Қарахан мемлекеті тұсында еді. Х ғ. басында 

Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатуқ ислам дінін қабылдаған болса, оның ұлы Боғрахан Харуб 

бин Мұса 960 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Бұл туралы Мударрис Аалам ахун 

айтады  деп  келтіреді  Құрбанғали  Халиди;  «Түркістан  жаппай  Сыдық  Бұғрахан  (Боғрахан-И.З.) 

алдында исламға енді, себебі «түріктен әуелі исламға енген Сыдық деп» осы Боғраханды айтқан. 

Түркілердің  мұсылман  болуы  Бұғраханнан  бұрын  болса  да  Бұғрахан  заманында  ислам  дамып 

гүлденген» [7, 35]. Бұл туралы В.В.Бартольд: Қарахандық билеушілердің яғма тайпасынан шыққан 

әулеттің өкілі Сатұқ Боғрахан Абд ал Керимнің алғаш рет исламды қабылдағанын айтса [8, 759], 

С.Г. Кляшторный алғаш қарахандық билеушілер дәуірінде болған ірі оқиғалардың бірі түріктердің 

исламды  қабылдауы  деп  толықтыра  түсіп,  алайда  қарахан  мемлекетіне  955  ж.  мұсылманды 

қабылдатқан Сатұқ Боғрахан Абд ал Керимнің өзі емес, оның ұлы Мұса деп айтады [9, 114]. Айта 

кетелік,  бұл  саяси  діни  идеологиялық  процестерден  бұрын  Орта  Азияда  ислам  дінін  таратушы 

арабтарға қарсы 776-780 ж.ж. Муканна қозғалысы болған.

Дін таратушылардың Орта Азия мен Қазақстан территориясына келуі  туралы ХІІІ ғ. бірінші 

жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақы жазып қалдырған шежіре. Бұл шежіре 1988 ж. 

Сәруаров Қуандық ақсақалдан Мұхамметхан Сайыпназаров және Мұзафар Шалаповтар көмегімен 

табылған  [10].  Ал  осы  «Насаб-нама»  нұсқасын  1896  ж.  Туркестанские  Ведомости  газетінде 

Н.Лыкошин  Ташкенттің  Бешағаш  бөлігіндегі  Яланг-кари  махалласында  тұрған  Исамуддин  хан 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет