Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет543/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   963
№ 3 (106) 2015

325


дәстүрі,  пайғамбармен  туыстық  байланысы  мен  оның  жақын  серіктері  туралы  аңыздардың  пай-

да  болуы  және  халыққа  әр  түрлі  кең  жайылған  исламға  дейінгі  діни  наным  сенімдер  мен  әдет-

ғұрыптардың  сақталуы  екендігін  көрсетеді.  Демек,  «овляд»  ұғымының  қасиеттілігін  түсіндіру 

халифтардың шығу тегі туралы пікірдің орын алғандығымен басым болды [21, 7-8]. Осы орайда 

түрікмендер арасындағы қожаларды С.М.Демидов зерттеуіне сүйене отырып, олардың бірқатарына 

тоқталуды жөн көрдік [20, 55-114];

Зенни қожа. Оңтүстік түрікмен қожаларының кіші тобын зенни қожалар құрады. Қожалардың 

шығу тегі төртінші халиф Әзіреті Әлі мен Мұхаммедтің қызы Фатимадан (түрікмендерде - Патыма) 

өрбігендер. «Қожа» термині «қожайын» атауына байланысты «ие», «еге», «мырза» деген мағынаны 

береді деп, онан әрі қожалардың беделі, олардың ерлігі мен соғыс істеріне белсенді қатысуымен 

байланысты деп түсіндірілген. Бұл әлеуметтік топ XVII-XVIII ғ.ғ. түрікмен тайпаларының орнала-

суы бойынша 3 өңірде; Балхан – Маңғышлақ – Хорезм өңірлерінде орын алды.

Балқанлы қожа; дағлы, ысраватлы, депбамганлы, хорасанлы тармақтарына бөлінді. Балқанлы 

(балқандық)  қожалар  тобының  пайда  болуы  Балқанмен  байланысты,  олар  екіге  бөлінеді;  даглы 

(таулық)  барынша  көне  бөлігі  және  екіншісі  көршілес  Иран  өңірінен  Балқанға  келген  кейбір 

информаторлар айтуы бойынша ысраватлы, ал кейбіреулерінің пікірінше, барлық топтың жалпы 

атауымен  балқанлы  деп  аталды.  Мұның  біріншісі  бөлінбейді  де,  екіншісі  3-ке;  ысыраватлы 

(ысырабатлы), депбамганлы (депбамалы) және хорасанлы деп бөлінеді [20, 68-69]. Даглы атауының 

шығуына байланысты пікір әр түрлі. Оның бірі, олар балқанлыға қосылып  кейіннен Даг молда 

атымен байланыстырылып дәрігерлік өнермен дәріптеліп бір падишаны емдеген десе, екінші бірі, 

балқанлы қожалар  қалмақ және Хиуа хандарының ұрпақтарын емдегені үшін тау (қай тау екені 

белгісіз) бойындағы Қара Яйлы ауданындағы жерді алады, соған байланысты «даглы» - «таулы» 

деп аталады.

Депбамганлы,  хорасанлы  және  балқанлы  ысраватлы  деген  жалпы  атпен  белгілі  болған. 

Ысраватлы -  астрабадтық, яғни Астрабадтан. Информаторлар айтуынша, олар Иран қаласының 

бірінен Балқанға келген, олар «бұл жердегіге (Балқан өңіріне) қарағанда Иранда көп» - дейді.

Хорасанлы  –  «хорасандықтар»,  яғни  Иран  Хорасанынан  екені  түсінікті,  себебі  түрікмендер 

бұл қожа тобына байланысты Оңтүстік Түрікменстан аумағын ешқашан айтқан емес. Бұл топ деп-

бамганлы және депбамалы деп аталатын 2 топқа бөлінді. Біріншісі, деппе сөзінен шыққан болу 

керек. Деппе қыш құмыраның негізгі белгісі және ганлы – «қанды» деген сөз. Бұл топтың шығу 

тарихынан байқайтынымыз бір құмыра үшін қанды төбелес болған. Бұл халықтық этимологияда 

орын алған мысалдардың бірі. Ал, екінші түрі; ”депбам” – Солтүстік Ирандағы қала немесе облыс, 

”алы” - Әлi аты. Сондай-ақ бұл вариантты нақты географиялық атаумен де көрсетуге болады: деп-

бам – бұрмаланған Дамган, ал «алы» негізгі түріктік аффикс – «лы» (депбамалы-дамгандық).

Бердыли  және  мятыли  –  бердили  және  мэтили.  Берды  және  мяты  рубасыларының  атынан 

шыққан,  сөзбе-сөз  мағынасы  «бердындық»  және  «мятындық».  Бердыли  8-ге  бөлінеді;  гечи  аяқ 

(гечилилер),  джемхур,  арабачи,  акджа  (акча)  балдыр,  аланлар,  топлар,  шагла,  гызыллар.  Ал  мя-

тыли 3-ке бөлінеді; татлар, байталлы және лава. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мағынасы бар. 

Мысалы,  «акча  балдыр»  сөзбе-сөз  «ақ  уылдырық»  деген  мағына  береді.  Ол  әдетте,  «аппақ  аяқ» 

атауымен де ерекшеленеді. Ал «шағла» шуыл (шум) – жауыз, қу сөзінің эквиваленті. Алаң (алан) 

синонимі «ақымақ», «есалаң». Лава ерлердің ертедегі сырт киімінің бір түрімен түсіндірілген.

Арабачи (арабачы) – Балхан өңірінде кейінгі ортағасырлық түрікмен тайпаларының арасында 

орналасқан.  Ал  татлар  (татлар  –  ол  көптік  жалғау)  тат  терминінен  туындаған.  Хорезм  мен 

Амудария бойы аудандарының жергілікті отырықшы халықтары қатынастарындағы түрікмендерде 

қолданылады, бұл бөлік бірқатар информаторлардың пікірінше Хиуадан, яғни Хорезмнен келген 

деп саналды [20, 68-69]. Ал, М.Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағында» “Tat (dat)” – жат, шет 

адам немесе парсыша сөйлейтін адам деген мағынаны білдіреді [22, 126]. Мүмкін, ол түрікмендер 

арасында парсыша сөйлейтін адам қожа дегенді де білдіруі мүмкін.   Айта кету керек, шагла және 

топлар кішкене бөліктер ретінде эрсарларда кездестіріледі.

Шагла гызылконлы (сөзбе сөз қызыл қойлы) чакыр ұрпағының гюнеш бөліміне кіреді, ал то-

плар рахимбердыли бөлігінде караджа улуг депе бөліміне кіреді [20, 71-74].

Нохурлық қожалар – Нохур селосында тұратын түрікмен қожаларының көп бөлігі– нохурлар. 

Олардың    шығу  тегі  әр  түрлі  3  топтан  құралған:  олар    Дайнали,  Хорасанли  және  балканли  деп 

аталады  және  олардың  бірі  Дайннан,  бірі  Хорасаннан,  бірі  Балқаннан  келген.  Енді  бір  мәлімет 

бойынша, нохурлық қожалардың бір бөлігі Хиуадан, ал екеуі Ираннан келген [20, 76].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет