Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет544/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

326


Маңғышлақтық  қожалар.  Түрікмен  қожаларының  бұл  тобы  аты  айтып  тұрғандай  шығу  тегі 

бойынша  Маңғышлақ  өңірімен  байланысты.  Маңғышлаққа  бұл  топтың  келуі  халықтық  аңыз 

бойынша, ағайынды екі қожадан тараған ұрпақтар. Олардың үлкені Сап қожа (шын аты Иш немесе  

Овез қожа) және кішісі Назар қожа Вастан (Хорезмнен) келген. Олар Маңғышлақта бай Абдалдың 

үйіне келіп тоқтап, оны ауыр науқастан емдейді. Сол үшін олардың біріне (Назар қожа болу керек) 

өзінің  қызын  әйелдікке  береді.  Сондықтан  да  Маңғышлақтық  қожалар  мен  абдалдар  арасында 

туыстық байланыс сақталған. Назар қожаның 2 баласының бірі Абдал қожа аталып, бұл ат оның 

барлық ұрпақтарына таралған.

Саплар – Сап қожадан тараған ұрпақтар. Олар «таза» дін жолын қуғаны және қасиетті дін тәртібін 

ұстаудағы ерекшелігі үшін құрметті атақ алды. Саф, сап – таза, тақуа – дін тәртібін ұстаушы, адал 

мағынасында. М.Н.Галкин айтуынша, Александр портында (Каспий жағалауы, Шевченко – қазіргі 

Ақтау қаласында) құрамы 80 үй қожа көшіп жүреді. Олар туралы мынадай аңыз бар: «Меккеден 

Хиуаға екі ағайындының бірі байлық іздеп шығады, бірақ оған байлық бұйырмай, есесіне әдемі 

жас қырғыз (қазақ-И.З.) қызын алады. Одан өрбіген ұрпақтар Маңғышлақ қожалары»  [20, 77] деп 

аталып кетеді.

Қазан хандығында немесе Қазан жерінде Мұхаммедтің қызы Фатима мен оның күйеуі Әліден 

тараған сейіттер ерекше орын алып «жергілікті дін иелерінің басшысы» [23, 42] аталды, енді бірде 

«татарлардың жоғарғы дін иелері» [24, 176] аталып, жалпы атпен мұсылман дін иелерінің ерекше 

тобын құрады [23, 43]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет