Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет67/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

40

Соның өзіне сәл тоқталайықшы. Абайдың тілі де уақытындағы ертегінің, жай жұпыны әңгімешінің 



тілі  емес  болатын.  Құр  ғана  тақ-тұқ,  болымсыз  ұғымның,  татымсыз,  ылғалсыз  шындықтың  тілі 

де емес-ті. Абай көп ізденген ойшыл жазушы еді. Рас, ол да тіл жөнінде ізденгенмен өз жанынан 

тың сөз шығарған жоқ. Бірақ соның орайына ол қазақтың өз тұсындағы тұтыну тіліндегі жабайы 

ұғым  сөздерін  сырлап,  көріктеп  керекке  жаратты»  [10,282  б.]  –  деген  еді.  М.О.Әуезов  Абайдың 

жалпыхалықтық лексикадағы сөзді өз шығармаларында поэтикалық сөзге, стилистикалық бірлікке 

айналдыруын айтып тұрған жоқ па?! 

Көркем образ жеке сөзден тұрса да, сөз тіркесі, сөйлемнен тұрса да, шумақтан, тұтас бөлімнен 

тұрса да көркем шығарма тілінің эстетикалық құрылымға ие бөлшегі ретінде көрініс береді. Көркем 

шығарма  тілінде  сөздің  қызметі  түбегейлі  өзгереді.  Жаңа  стилистикалық  ортада  экспрессивті-

бейнелеуіштік  қасиеттері  барынша  артады.  Көркем  шығармадағы  сөзге  тек  лексикология, 

грамматика тұрғысынан қарауға болмайды. Бұл мәселені М.О.Әуезов жеріне жеткізе айтып кеткен: 

«Сол түрдегі зерттеуші ғалым ғана тілде, әсіресе көркем әдебиет тілінде, грамматикалық шарттарға 

қосымша,  поэзиялық  өзгеше  үстем  шарт  талаптар  барын  таныр  еді.  Оның  ұғымынша  көркем 

шығарманың бір сөйлемінде тұрған сөз бір-ақ қана ұғым, түсінік бермейді. Соны берудің үстіне ол 

әр алуан қосымша ассоциация тудырып, оқушыға қосымша елес-емеурін танытып тұрады. Бұндай 

қатарда, жеке сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып кетеді. Сондай шағына 

жетіп жанданған сөздің демі, лебі білініп, тың тірлік етіп, бал-бұл жанып түрады.

Көп қолданудан өлі сөз боп кеткен сөз емес, қызықты, ыстық лепті қайнар сөз болады. Міне, 

осындай боп табыса түйіскен, қатар тұрған сөздер ақындық айғағы болады. Шеберлік кестесіне 

жүреді»


 [10,283 б.]

. М.Әуезов пікірінен түйгеніміз көркем шығарма тілі поэтикалық шарттарға, 

заңдылықтарға негізделіп құрылады. Ол шарттардың үддесінен шығу екінің бірінің қолынан 

келе бермейді. Шынайы шебер ғана «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» жарыққа әкеле 

алады. 

Көркем  әдебиет  тілінің  поэтикалық  шарттары  шығарманың  композициялық-стилистикалық 

құрылымынан, тілдік фактілдерді ұйымдастыру тәсілдерінен көрініс береді. 

Абай поэзиясының ерекшелігі идеялық-композициялық құрылымының біртұтас болып келуінде 

жатыр.  Тілдік  құралдар  ақынның  ойын,  идеясын,  жан  сезімін  беруде  көркемдік-эстетикалық 

талғамына сай шебер үйлесім тапқан жүйелі құрылым түзеді. Ақын шығармаларында мазмұн мен 

форма ажырамас бірлік ретінде көрінеді. Қандай суреткер болса да халықтық тілден басқа тіл жасай 

алмасы даусыз. Абай да шығармаларын өзі өмір сүрген дәуірдегі жалпыхалықтық тілде тудырды. 

Абайдың тілі дегенде адамның ой-сезіміне, ақыл-санасына, жан-дүниесіне бірдей әсер ететіндей 

экспрессивті-бейнелілігін айтамыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет