Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет670/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

408


чудо:  стратегия  развития  и  экономическая  реформа»  атты  еңбегінде  оқырман  қауымға  ой  салар 

маңызды  тұжырым  бар:  «Реформа  кезеңіндегі  елдердің  дәстүрлі  экономикалық  жүйесінде  ортақ 

белгілерімен қатар ұқсас кемшіліктері бар. Сондықтан да қайта құру  жолдары да тақылеттес болу 

қажет» [3]. Яғни, қытай реформаларының  тәжірибесі тек өзіне ғана тиісті емес, жалпыға ортақ си-

патта деген сөз. Осы тәжірибе  жоспарлы экономикадан нарыққа көшу өтпелі кезеңінде халықтың 

басына түскен ауыртпалықты жеңілдету  жолдарын көрсетеді. 

Не  нәрсе  болсын  салыстырумен  танылатындығы  шындық.  Ғалым  экономистердің    қытай 

реформаларының  тәжірибесі тек өзіне ғана тиісті емес, жалпыға ортақ сипатта деген тұжырымын  

негізге алып,  екі елдің өтпелі кезеңдегі ортақ белгілері болғандығын  дәлелдеу мақсатында мына 

гипотезаны ұсынамыз. 

Гипотеза: Қазақстан ауыл шаруашылығындағы (бұдан былай а/ш) реформаны Қытайдың осы 

саладағы тәжірибесіне сүйеніп жүргізуі қажет еді, өйткені екі елдің де өтпелі кезеңдегі объективті 

және субъективті алғы-шарттары, мақсат-міндеттері ұқсас болды. 

Дәлелдер:

1. 1978 ж. ҚХР-да басталған реформалардың объективті, субъективті алғы- шарттары: 

1.Азық-түлік тапшылығы;



2.Бағаның тұрақсыздығы (инфляция);

3.Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштерге қарағанда жоғары дамуы;



4.Халықтың көңіл-күйіндегі күйзеліс, яғни бұқаралық құлшыныстың шегіне жетуі (Мәдени 

революцияның зардаптары);

20-жылдық қытай коммуналарының теріс тәжірибесі реформа авторларының халықты ын-



таландыру жолдарын іздеуге итермеледі.

Қытай мемлекетінің алдына қойған мақсаты: елді гүлденген, қуатты державаға айналдыру. Осы 

мақсатқа жету жолында үкімет әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып,  ұдайы даму жолында  

реформалар жүргізу міндеттерін алдына қойды.

2.1994-1995 жж. Қазақстанда басталған реформалардың объективті, субъективті алғы- шартта-

ры: 


1.Жоспарлы  экономиканы  жүргізудің  экстенсивті  тәсілі  өндірістік  қатынастарға    нұқсан 

келтірді,  экономикалық ынталандыру әдістері жұмыс істемеді;

2.  Елдің  ішкі  нарығындағы  халық  тұтынатын  тауарлардың  тапшылығынан    азық  -түлік 

карточкаларының еңгізілуі;

3.Тауар бағаларының  кесімді бағадан еркін бағаға көшуі, инфляция:

4.  Жарқын  коммунистік  болашақтың  бұлыңғырлығынан  туындаған  әлеуметтік  апатия, 

пессимистік көңіл-күй;

5. Үкіметтің экономикалық тығырықтан шығудың жолдарын қарастыруы.

Қазақстан үкіметінің алдына қойған мақсаты:экономиканы реформалау, жоспарлы экономикадан 

көп укладты нарықтық экономикаға көшу.  Осы мақсатты жүзеге асыру жолында  келесі міндеттер 

қойылды: 

экономиканы либерализациялау; 



халық шаруашылығындағы монополияны жою, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру;

жеке меншіктің түрлі формаларын жасау, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту.



Екі  елдің  ерекшеліктерін  ескерсек,  Қытайда  реформалар  1980  жылы  басталса,  Қазақстанда 

1993 жылы басталды, яғни біз 10-13 жылға кешеуілдедік.

Ал енді осы екі мемлекетте реформалар жүргізу әдістері мен нәтижесін  қарастырсақ, алшақтық 

жер мен көктей екенін көреміз. 

Қытайдағы а/ш реформасын жүргізу әдістері:

экономикалық  жүйені  эволюциялық  жолмен  кешенді  тұрғыда  реформалау;  мемлекеттің 

бақылауымен жүйелі түрде әміршілік- әкімшілік жүйеден нарықтық экономикаға біртіндеп көшу

кезең-кезеңмен  эксперимент  түрінде  реформаны  микродеңгейден  бастап(завод,  кәсіпорын), 

макродеңгейге (мемлекет)  жеткізу; 

халықтың ұлттық-мәдени ерекшелігін,  елдің табиғи-географиялық, демографиялық жағдайын 

ескеріп, байыпты прагматикалық саясат жүргізу.

Сындарлы  саясаттың  арқасында    Қытай  үкіметі  1978  жылы    социалистік  саяси  жүйені  сол 

қалпында сақтап, жоспарлы экономика аясында  реформалар дәуірін бастап кетті. «Су түбіндегі 

тастарды басып, өзеннен өту» деген ұранмен басталған  экономикалық модернизация жүйелі түрде 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет