тұраланып, завод, фабрика, совхоздардың жағдайы соғыстан кейінгі көріністі көз алдымызға
елестетсе, көршілес Қытайда керісінше, Кеңес өкіметінің көмегімен салынған өндіріс
нысандарында индустриализация процесі жоғары қарқынмен жүріп, а/ш жекешелендіру
саясаты өзінің алғашқы жемісін бере бастаған еді [12].
Қытай шаруасы қанша жыл қырғын болса да коммунадағы өз үлесін нақты білетіндіктен,еншісін
алып шығуға келгенде ерен пысықтық танытты. Ал қазақ шаруасы керісінше заңға сүйеніп, өз
пайын (үлесін) қуып жүріп талап етуге дәрменсіз болды, өйткені аталған заңда а/ш еңбеккерлерінің
өз пайын (үлес) алу механизмі қарастырылмаған еді. Ауылдағы ағайындардың бар ұтқаны өздеріне
тиеселі үй-жай, үй жанындағы жер телімдерін жекешелендірді, шабындық жерлер мерзімсіз
тегін пайдалануға берілді. Реформа авторлары кеңес халқының өз меншігінен сонау 30-жылдар
зұлматында аса жауыздықпен ажыратылғандығын, құқықтық сауатсыздығын ескермеді. Оған қоса,
КСРО-ның құлауынан қоғамдық санада туындаған көңіл-күй, әлеуметтік бойкүйездік, пессимизм
сияқты келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алып реформаның бағытын мүлдем басқа жаққа бұрып
жіберді.
|