Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет731/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   727   728   729   730   731   732   733   734   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

450


Жоғарыдағы талдауға мән берсек, әр мемлекеттің шетелде қандай-да бір себептермен жүрген 

сайлаушыларына берілген мүмкіншіліктер ерекшеліктерін қарастырдық. Көптеген елдерде сайлау 

барысында  пошта  және  интернет  арқылы  дауыс  жолдай  алса,  біздің  елдегі  сайлау  барысында 

шетелдегі  азаматтар  үшін  арнайы  сайлау  учаскелері  ұйымдастырылған.  Дегенмен  қазіргі 

таңдағы  ақпарат  байланыстарын  көбірек  тиімді  пайдалануға  болады.  Бұл  сол  мемлекеттердің 

өз  азаматтарының  саяси  құқықтарын  құрметтеу  ерекшеліктері  болып  табылады.  Және  оларды 

жүргізудің  мүмкіншіліктері  қарастырылған.  Азаматтардың  қайда  жүрсе  де  мемлекеттік  биліктің 

қалыптасуы үдерісінен тыс қалмауы электорат мәдениетінің дамуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ,  осы  мәселелерді  ұйымдастыру  бойынша  қ

азіргі  кезде  көптеген  елдерде  сайлау 

науқандарын  ұйымдастыру  кәсібі  жолға  қойылабастаған.  Осы  салаға  маманданған  агенттіктер 

құрылды. Мысалы, 1968 жылдан Парижде саяси науқандар жөніндегі кеңесшілерінің халықаралық 

ассоциациясы  жұмыс  істейді.  Ресейде  сайлау  алдындағы  науқандар  кезінде  саяси  консалтинглік 

фирмалар  құрылды.  Ресейде  саяси  кеңес  беру  тарихының  жарқын  беттерін  сайлау  науқандары 

барысында  жұмыс  істеген,  кандидаттардың  сайлаушылармен  кездесуін  ұйымдастырған,  сайлау 

штабының пайдалануына ағымдағы рейтингтер туралы мәліметтерді ғана емес, халықтың ниеттері, 

көзқарастары мен ұстанымдары туралы ақпаратты, аймақтар бойынша, елді мекендердің түрлері 

бойынша, кәсіптері бойынша, жас ерекшеліктері бойынша дифференцияланған ақпаратты да берген, 

бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара бірлесіп жұмыс істегей отырып, электорат мәдениетінің 

қалыптауы мен дамуына жұмыс жасайды.

Өйткені, біріншіден, қазіргі мәдениет, ең алдымен саяси мәдениет-ол өз қызметінде сайлауда 

көрініс  табады,  ал  сайлау  демократияның  институты  бола  тұра  қажетті  мәдениетті  таңдайды. 

Демократиялық өзгерістер, жалпы мәдениетті, соның ішінде, оның жүйешіктерін жекелей алғанда, 

азаматтардың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін, олардың идеялық саяси бағдарларымен 

және билікке менім деңгейінен көрініс табатын электоралды мәдениетті дамыту барысында ғана 

мүмкін.


Екіншіден,  қоғамдық  өмірдің  демократиялану  үрдісі  және  электоралды  мәдениеттің 

институционалдануы  бір-бірімен  тығыз  байланысты  процестер.  Демократиялық  электоралды 

мәдениеттің  қалыптасуы  саяси  өмірдің  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді,  қоғамдық  дамудың 

демократиялық қағидаларының орнығып бекітілуіне алып келеді, жеке тұлғаның саяси әлеуметтену 

процессіне  ықпалын  тигізеді  және  азаматтық  мәдениеттің  қалыптасуының  алғышарты  болып 

табылады.  Дегенмен,  электоралды  мәдениеттегі  аталған  жағымды  үрдістер  қазіргі  қазақстандық 

қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шартында мүмкін, ол өз кезегінде елдегі болып 

жатырған әлеуметтік-саяси реформалардың сәттілігіне тәуелді. 

Үшіншіден,  саяси  ғылымда  электоралды  мәдениеттің  деңгейін  және  түрлерін  анықтауға 

көмектесетін стандартты көрсеткіштердің болмауы осы салада ғылыми зерттеулерді тереңдетуге 

мүмкіндік береді.

Төртіншіден,  электоралды  мәдениет  факторларын  зерттеудің  тәжірибелік  маңыздылығы 

кейбір елдердегі «түрлі-түсті» төңкерістер деп аталатын құбылыстар көрсеткендей, саяси таңдау 

–  бұл  саяси  мінез-құлықтың  программаланғандығы  немесе  электоралды  мәдениет  түрі  емес,  ал 

сайлаушылардың қоғамның саяси жүйесіне және электоралды процеске қатынасушыларға нақты 

қатынасы [3].

Атап айтатын болсақ, электоралдық үдеріске ықпал етуге бағытталған кез келген технология, 

әдістер мен тәсілдер сайлаушылардың дағдылы қалыптасқан саяси мәдениетіне, ой толғамдарына, 

санасы мен психологиясына сәйкес келген жағдайда ғана электоралды мәдениетті тиімді жетілдіруге 

болады.


Сайлау үдерісінде электоралды мәдениеттіңзор маңызы бар. Сайлау мәдениет білім, бағалау және 

сайлау мінез-құлық және тұтастай алғанда сайлау процесінің сайлау қарым-қатынас стандарттарын 

салыстырмалы түрде тұрақты жүйесі, сайлау процестері туралы халықтың ұжымдық жады болып 

табылады. Сайлау мәдениет тікелей қоғам мен жеке адамның жалпы саяси мәдениет байланысты.

Қорыта  келгенде,  көптеген  еуропалық  елдермен  Қазақстан  республикасында  мемлекеттік 

және муниципалдық сайлауға электораттыңқатысуы шамамен бір деңгейде екенін атап өткен жөн. 

Электоралды мәдениетті қалыптастыруда сайлау технологияларының рөлі зор. Талдау қорытындысы 

негізінде  туындайтын  ұсыныс,  елдің  ішіндегі  сайлаушылар  ғана  емес,  сонымен  бірге  шетелдегі 

азаматтардың саяси құқығын ескеру арқылы толыққанды демократиялық талаптарға сәйкес өкілді 

билікті қалыптастыру мүмкін болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   727   728   729   730   731   732   733   734   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет