Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет728/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   724   725   726   727   728   729   730   731   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Қ.Д. ЖАНПЕЙІСОВА

1

, И.С. АГИБАЕВА

2

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті м.а.

1



Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранаты

2

 Астана қ.

ЭЛЕКТОРАЛДЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ 

САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Мақалада қазіргі шет елдік мемлекеттердегі электоралды мәдениетті салыстырмалы түрде талдау 

арқылы Қазақстандағы әлекторалды мәдениетті жан-жақты қарастырумен, оның қалыптасу факторлары 

және дамуы көрсетілген. Электоралды мәдениетті қалыптастырудағы шет елдік тәжірибені ескерудің 

маңыздылығы анықталған.

Түйін сөздер: электоралды мәдениет,сайлау, демократия, дауыс берушілер.

Электоралды мәдениеттің қалыптасып дамуы қазіргі таңда әрбір елдің саяси даму қызметі мен 

бағыты  сол  елдің  саяси  тәртібіне  тікелей  байланысты.  Саяси  биліктің  қалыптасуының  легалды-

рационалды түрі бойынша сайлау үдерісінің ықпалы демократиялық режимдерге тән. Дегенмен, 

қазіргі  таңдағы  көршілес,  әлемдік  елдердегі  саяси  жағдайдағы  сыртқы  және  ішкі  тұрақсыздық 

факторларын  ескерсек,  сайлау  мен  референдумдар  осы  мәселелерді  реттеу  мен  шешуге  ықпал 

ететін  қоғамдық  жүйенің  ықпалды  механизмі  болып  табылатынын  және  саяси  жүйенің  барлық 

элементтерін өзгерте алатын электоралды мәдениеттің маңызы айтарлықтай екені рас. Сондықтан, 

мақалада қоғамда болып жатқан сайлау процесіндегі және сайлаудан тыс уақыттағы процестерге 

электоралды  мәдениеттің  тура  ықпалын  шетелдік  тәжірибе  ерекшелігіне  байланысты  саяси 

салыстырмалы талдау негізінде анықтауға тырыстық.  

Демократиялық тәртіпке негізделген кез-келген елде электоралды мәдениеттің функциялары 

бағыттық, нұсқаулық. бейімділік, әлеуметтену, интеграциялық және коммуникациялық сипаттағы 

бағыттарға негізделген:

1.  электоралды мәдениет саяси мәдениеттің кең ұғымына қатысты қоғамдағы үстемдік ететін 

электоралды  процестердің  мазмұны  мен  сипатын  анықтайтын  құндылықтар,  ұсыныстар  мен 

нормалар жиынтығы;

2.  қоғамның  электоралды  мәдениеті  индивидтың  электоралды  мінез-құлқын,  сайлауға 

қатысу қатыспауын, сайлау кампаниялары кезіндегі әр түрлі әрекет формаларына қатысуын, жеке 

кандидаттар мен саясат күштерін таңдаудағы электоралды көрінісін анықтайды;

3.  электоралды мәдениет түрлі саяси бірлестіктері мен жеке тұлғалар ұсынған қоғамдық даму 

мақсаттары мен оған жету жолындағы баланстық қарым-қатынастарды сипаттайды;

4.  электоралды мәдениет сайлау кампанияларының процестері мен кандидаттарды, олардың 

бағдарламаларын білікті бағалау деңгейі.

Жалпы  сайлау  үдерісінің  бірнеше  қызметтері  бар  екені  белгілі.  Сондықтан  электораттың 

жүріс-тұрыс  әрекеті  осыған  байланысты  болады.  Олар,  бағыттылық  функциясы  эмоционалды-

психологиялық элементтермен сипатталған әсіресе мажоритарлық округтер және жергілікті билік 

депутат корпусының өкілдерін сайлау кезінде айқындалады.

 Нұсқаулық функциясы саяси мәдениеттің функциясынан қатты ерекшеленіп, көбінесе аудандық 

және этникалық құндылықтармен шектеледі.

Әлеуметтену функциясы тиісті жасқа толған кезден бастап жүзеге асырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   724   725   726   727   728   729   730   731   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет