Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет750/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   963
№ 3 (106) 2015

465


арқылы  таңдау  жасауға  итермелейді.  Олар  әлеуметтік  маңызы  бар  маркетинг  дегенді  тек  желеу 

етеді, кез-келген брендтің түкпіріндегі ең негізгісі – тұтынушының таңдауына ықпал жасай отырып 

басқару. Тұтынушы өз еркімен таңдау жасадым дегенімен, ол таңдаудың себебін айта алғанымен, 

таңдау  себебінің  одан  да  тереңде  жатқанын  білмейді.  Оның  таңдау  жасаудағы  ой-өрісінің  бәрі 

алдын-ала  бағдарламаланып,  таңдауға  әсер  ететін  құндылықтарға  брендтің  байланып  қойғанын 

сезінсе  де  санасымен  түсіне  бермейді.  Кез-келген  компания  табыс  әкелетін  әрекеттерінің  нақты 

себебін, мәнін айта салмайды, оны қызметкерлерінің бәрі де бірдей біле бермейді, тек тікелей пайда 

көретін басшылары ғана біледі. Бренд те сондай, оның қалай жасалатынын мамандар ғана біледі, 

басқаларға түсіндіргенде жартылай ғана айтады.

Бренд табиғатын түсіну үшін осыған дейін жазылған ғылыми еңбектер аздық етеді, оны әлі 

де зерттей түсу керек. Алайда осы еңбек барысында тек брендинг мамандарының еңбектерін ғана 

емес, оған қатысы бар басқа салаларда жазылған еңбектерді саралай отырып табылған, брендингте 

қолдануға  болатын  алгоритм  жайлы  айтылды.  Бұл  алгоритмнің  дұрыс-бұрыстығын  тек  уақыт 

көрсетеді, алайда елдің мәртебесін көтеруге келгенде күтіп отыра бермеу керек екендігі анық.

Кез-келген бәсекелестік бар салалардағыдай ел үшін де брендинг әдісін әбден қолдануға болады. 

Брендинг  –  бизнестің пайданы өсіре түсу үшін ойлап  тапқан құралы, алайда оны  ел пайдасына 

қолдану арқылы көптеген мақсатқа қол жеткізе аламыз. Брендингті анық түсіне отырып еліміздің 

әл-ауқатын көтерумен қатар рухани байлығын сақтап қана қоймай, бұдан зор пайда да көре аламыз. 

Брендингті зерттеу әрқайсымызға пайда әкеледі, оның адамға да қатысты екендігін ұмытпау қажет. 

Бренд жасау үшін алдыға нақты мақсат қою керек, келетін пайданы да анық бағдарлау қажет. Ел 

брендінде ол мақсат мейлінше биік болуы қажет, ал пайда барынша көп болуы тиіс.

Ел брендингін тек елді сыртқа таныстыру үшін ғана емес, ел ішінде де қолдануға болады. Әр 

аймақтың жеке брендін жасай отырып, оларды ерекшелендіріп қана қоймай, олардың тұтынушы (оған 

ел тұрғындары да кіреді) санасындағы бейнесін нақты пайда әкелетіндей қылып қалыптастыруға 

болады.  Кез-келген  аймақ  брендін  тұтынушыға  қызықты  етіп  жасауға  болады,  алайда  ол  елдің 

ажырамас бөлшегі болып табылатынын ұмытпаған абзал. Аймақ бренді ел брендіне зиянын тигізуі 

де мүмкін, бұлай болмауы үшін оны ел басшылығының бақылауымен жасау қажет. Сол себепті ел 

брендін басқарып отыратын орган қажет, оны әртүрлі мекемелерге бөліп беруге де болмайды. Және 

ел брендінің ең бастысы пайда әкелуге бағытталғанын ұғу қажет. Бренд – тұтынушының таңдауына 

ықпал етуге бағытталған құрал, сондықтан оның санасын бақылауға алудан ұялмау керек. Сонда 

ғана елге пайдасы бар бренд қалыптастыра аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет