Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет818/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   814   815   816   817   818   819   820   821   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

510


Сараптамалық бағалаулар негізіндегі мониторинг

Сараптамалық  бағалаулар  негізіндегі  мониторинг  –  зерттеушіні  қызықтыратын  тақырып 

бойынша эксперттік интервьюлерді жинау әдісі. Негізгі жұмыс жиналған интервьюлер мен олардан 

алынған мәліметтерді сандық және сапалық әдістер көмегімен сараптамалық өңдеуден тұрады. 

Сараптамалық  бағалау  әдісінің  елеулі  артықшылығы  ретінде  берілген  нақты  мамандалу 

саласындағы  сарапшының  біліктілігі,  беделі  мен  тәжірибесі  бола  алады.  Шиеленістік  және 

дағдарыстық жағдайларды дұрыс ұғыну үшін, әсіресе оларды реттеуге тартылған жоғары мемлекет 

басшыларының,  саясаткерлердің,  дипломаттар  мен  журналисттердің,  бизнес-элита  өкілдерінің 

бағалаулары құнды. Сараптамалық бағалаулар әдісінің кемшіліктері:

-  Жоғары  лауазымдық  дәрежесіне  байланысты  кейбір  сарапшылардан  (мысалы  жоғары 

мемлекет басшыларынан) интервью алу тым күрделі, тіпті зерттеушілердің шектелген саны ғана 

(мәселен, беделді қоғам қайраткерлері) мұндай мүмкіндікке ие. Мұндай сарапшылардан интервью 

алу процедурасы ұзақ келіссөздер мен кездесудің барлық шарттарын алдын ала келісуін талап етеді. 

Ал, мәселен, жоғары бизнес-элита өкілдері интервью алу үшін тым үлкен гонорарды талап етуі 

мүмкін.  Бұл, тиісінше, зерттеуді жүзеге асыру шығындарын да көбейтеді.

-  Сарапшы  пікірінің  субьективтілігіне  байланысты,  одан  шығарған  нәтижелердің  де  қате 

болу мүмкіндігі.  

Сараптамалық  бағалаулар  әдісіне  негізделетін  бірқатар  ірі  дүниежүзілік  мониторингтік 

жүйелер  белгілі,  олардың  ішінде:  халықаралық  үкіметтік  емес  ұйым  Transparency  International 

жасаған Жемқорлық индексі (Corruption Perception Index), Freedom House ұйымының «Әлемдегі 

бостандық»  (Freedom  in  the World),  «Өтпелі  ұлттар»  (Nations  in Transit)  жобалары  және  Мәскеу 

Карнеги Орталығының Демократия индекстері [3, 43-44].

Жемқорлық  индексі  –  дүние  жүзі  мемлекеттерінде  сыбайлас  жемқорлықты  аңықтауға 



бағытталған  мониторингтік  жүйе.  Дерекнамалық  негіз  ретінде  халықаралық  ұйымдар 

сарапшыларының пікірлері мен бағалаулары қолданылады. Ақпараттың шынайлығы сауалнаманың 

«екі  жақты  схемасы»  нәтижесінде  жүзеге  асады:  экономикасы  өтпелі  сатыдағы  мемлекеттердің 

сарапшылары  дамыған  мемлекеттердегі  жемқорлық  деңгейін  бағаласа,  дамыған  мемлекеттердің 

эксперттері  өтпелі  кезеңдердегі  мемлекеттерді  бағалайды.  Алынған  мәліметтердің  индексация-

сы  келесі  диапазанонда  жүзеге  асады:  0-ден  (жемқорлық  мүлдем  жоқ)  10-ға  (жемқорлықтың  ең 

үлкен деңгейі) дейін. Әрбір нақты мемлекет үшін индекстің интегральді көрсеткіші соңғы үш жыл 

көрсеткіштерінің арифметикалық ортасы ретінде есептеледі. 

  Transparency International ұйымының сарапшылары жасаған Жемқорлық индексінің бірқатар 

артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері де бар. Ірі артықшылығы ретінде, Индексте қолданылатын 

сараптамалық бағалаулар әдісі «көлеңкелі» экономикадағы жемқорлық деңгейін аңықтай алады, ал 

бұл әдетте, статистикалық талдау кезінде жүзеге асыру мүмкін емес. Кемшілігіне эксперттердің 

субьективтік  бағалауы  көбінесе  мемлекеттердің  халықаралық  аренадағы  имиджіне  және  ондағы 

саяси  басшылықтың  жемқорлықпен  күресудің  позициясына  байланысты  болуын  жатқызуға  бо-

лады [3, 44-45]. 1-суретте Transparency International «араб көктемі» алдында жасаған Жемқорлық 

индексіне мысал келтіріледі [5, 33].

        



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   814   815   816   817   818   819   820   821   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет