Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


сурет – Әлеуметтік сауланамалар негізіндегі мониторинг № 3 (106) 2015



Pdf көрінісі
бет819/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   815   816   817   818   819   820   821   822   ...   963
1сурет – Әлеуметтік сауланамалар негізіндегі мониторинг


№ 3 (106) 2015

511


Әлеуметтік  сауалнамалар  негізіндегі  мониторингтік  зерттеу  сараптамалық  бағалаулар 

мониторингі тәріздес әдістемені қоланады: зерттеу әлеуметтанулық анкета және интервью техника-

сы негізінде жүзеге асады. Сауалнамаларды мерзімді өткізіп тұруы және респонденттерді іріктеудің 

үлкен масштабы берілген зерттеу түріне мониторингтік жоба сипатын береді.

Әлемдік деңгейде халықаралық сауалнамаларды жүргізетін алдынғы қатарлы ғылыми-зерттеу 

орталықтары ретінде қоғамдық пікірідің халықаралық институты Gallup International Association, 

Euronet халықаралық зерттеу желісі болып келеді.

Юрий Леваданың Аналитикалық орталығы (Левада-орталығы) – бұқаралық сауалнамалар (жеке, 

телефондық, пошталық), эксперттер мен саяси элита өкілдерінен тереңдетілген интервью алу, фокус-

топтар және өзге әлеуметтанулық әдістер негізінде алуан түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, 

маркетингтік зерттеулерді жүргізетін Ресейдегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі [2, 48]. 

2 -суретте «Левада-орталығы» 2000-2003 ж. ресейліктердің қарсылық акцияларына жасаған ивент-

талдау мысалын көруге болады [3, 114].

2-сурет – 2000-2003 ж. ресейліктердің қарсылық акциялары

Медиа-мониторинг



Медиа-мониторинг  (немесе  БАҚ  мониторингі)  –  жаңалықтық,  сараптамалық  ақпараттың 

жүйелі  бақылауын,  сұрыптау  және  сақтауын  білдіреді.  Негізгі  дерек  көздері:  БАҚ-тың  баспа 

басылымдары  (және  олардың  электронды  копиялары),  электронды  БАҚ,  жаңалықтық  ленталар, 

ақпараттық агентіктер мәліметтері, радио және теледидар бағдарламалары. Медиа-мониторингтің 

негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-  Болып жатқан негізгі оқиғаларды тіркеу;

-  Белгілі бір тұлға немесе ұйым атауының кездесу жиелігін қадағалау;

-  Алдағы оқиғалар анонстарын дайындау;

-  Мониторинг бойынша есептемелер дайындау [4, 59].

   «Бейбітшілік  үшін»  Фондының  Тұрақсыз  мемлекеттер  индексі  (Failed  States  Index  of  the 

Fond  for  Peace).  «Бейбітшілік  үшін»  Фонды  «тұрақсыз»  деп,  «өз  территориялық  көлем  ішінде 

бақылау мен легетимді күш қолдану мүмкіндігінен айырылған, қоғамды саяси басқара алмайтын» 

мемлекетті түсінеді.

  Тұрақсыз  мемлекеттер  индексі  «Шиеленістерді  жүйелі  бағалаудың  шкаласы»  (Conflict 

Assessment System Tool - CAST) атты әдістеме негізінде құралады: мәліметтер базасынан алдын 

ала 1:10 іріктеу қадамымен алынған БАҚ хабарламаларының негізгі мәлімдемелері мемлекеттің 

тұрақсыздығын аңықтайтын 12 индикатор бойынша жіктеліп, ауыспалыларға 1-ден 10-ға дейінгі 

мәндер беріледі. Бұл индикаторлар 3 топқа бөлінеді: әлеуметтік (1-4), экономикалық (5-6), саяси 

және әскери (7-12). Одан кейін ақпарат эксперттермен өңделіп, олардың сараптамалық есептемелері 

негізінде Индекс те құралады [3, 53-54]. 

БАҚ  мониторингі  негізінде  жасалған  2012  ж.  Тұрақсыз  мемлекеттер  индексі  өз  құрамында 

177 мемлекетті қамтиды, ең «тұрақсыз» мемлекет деп Сомали (1 орын, көрсеткіші - 114,9)  болып 

шықса, ең «тұрақты» мемлекет ретінде Финляндия (177 орын, 20,0) танылыпты. 

3-суретте 2011 ж. бірқатар араб мемлекеттерінде әлемдік медиа-құралдарының қанды «араб 

көктемі» оқиғаларын сипаттау жиелілігін көрсететін, «Шиеленістерді жүйелі бағалаудың шкаласы» 

негізінде жасалған контент-талдау мысалы келтіріледі [6]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   815   816   817   818   819   820   821   822   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет