Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет820/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   816   817   818   819   820   821   822   823   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

512


         

Қорытқанда,  Тұрақсыз  мемлекеттер  индексі  сараптау  және  болжау  сипатынан  гөрі,  бағалау 

тұрғыдағы  мониторингтік  жүйе  болып  келетінін  атап  өтуі  керек.  Зерттеу  әдіснамасы  «тұрақты» 

және  «тұрақсыз»  мемлекет  жөнінен  идеологиялық  түсінікке  негізделеді,  бұл  тиісінше  берілген 

индекстің ірі кемшілігі болып табылады.  

Кешенді мониторинг



Алдын  ала  аңықтау  мен  алдын  ала  жауап  беру  Форумның  (FEWER)  мәліметтері  бойынша 

мониторнигтің түрлі әдістерін қосарлап қолдану ең тиімді мониторингтік зерттеуге жатады. Әлемдік 

деңгейде  кешенді  мониторингтің  әдіснамасын  қолданатын  ірі    ғылыми-зерттеу  орталықтары 

ретінде  Швейцария  Бейбітшілік  Фондының  (Swiss  Peace  Foundation)  ФАСТ  атты  Шиеленістерді 

алдын  ала  аңықтау  жүйесі  (Früh-Analyse  von  Spannungen  und.  Tatsachenermittlung  -  FAST)  және 

Ресей  Ғылымдар  Академиясының  Африка  Институты    Өркениеттік  және  аймақтық  зерттеулер 

орталығының Жүйелі тәуекелдердің мониторингтік тобы (Группа мониторинга системных рисков 

ЦЦРИ Института Африки РАН) болып келеді.

«ФАСТ»  Шиеленістерді  алдын  ала  аңықтау  жүйесі  –  алаңдық  зерттеулер,  сараптамалық 



бағалаулар, сандық және сапалық әдістерді біріктіріп қолдану арқылы шиеленістік және дағдарыстық 

үдерістерді зерттейтін бұл тәуелсіз мониторингтік жоба 1998 ж. Швейцария Бейбітшілік Фондымен 

құрылған  болатын.  Ол  күнделікті  мониторинг  нәтижесінде  шиеленістік  оқиғалардың  даму 

динамикасын  көрсететін  сандық  көрсеткіштерді  жинауға  және  оларды  Гарвард  университетінің 

ғалымдары жасаған «Ивент-талдау үшін біріктірілген мәліметтер» (Integrated Data for Events Analysis 

-  IDEA)  атты  программалық  жабдық  арқылы  компьютерлік  өңдеуге  негізделеді.  Нәтижесінде 

«ФАСТ» мониторингтік жобасы алаңдық зерттеулер, мәтіндік ақпараттың компьютерлік өңдеуін 

және  сандық  әдістерді  қосарлап  қолдану  нәтижесінде  шиеленістік  және  дағдарыстық  үдерістер 

жөнінен барынша толыққанды мағлұмат бере алады.

Саяси  тәуекелдер  мен  дағдарыстарға  мониторингінің  маңыздылығын  келесідей  қорытуға 

болады: әрбір мониторингтік зерттеудің мақсаты - қажетті ақпарат ағымдарының жиналуын және 

шоғырлануын  қамтамасыз  ету.  Бұл  мемлекеттің  шиеленістер  мен  дағдарыстардың  пайда  болу 

үдерістерін бақылау қабілеттілігін арттырар еді. Ал бұл өз алдында тұтас мемлекеттің басқарылуын 

жетілдіріп,  табиғи  және  техногендік  апаттар,  әлеуметтік  қайшылықтар,  саяси  тәуекелдер  мен 

дағдарыстар алдындағы тұрақтылығын күшейтер еді. Мониторингтік зерттеулерді өткізетін тәуелсіз 

ғылыми-зерттеу  орталықтарының  маңыздылығы  да  елеулі,  өйткені  бұл  ақпарат  шынайлығын 

салыстырмалы тексеруге мүмкіндік береді. Әрине, бұл салада қызмет ететін отандық мемлекеттік 

органдар мен тәуелсіз ұйымдарды Батыстық үлгідегі зерттеудің барлық әдістерін қолдану негізінде 

мониторингті  кешенді  және  жүйелі  өткізіп  тұратын  ғылыми  орталықтар  тәріздес  құрғандығы 

жөн. Бұл тұрғыда, ресейлік зерттеуші Р.В.Панин атап өткендей, мұндай ғылыми орталықтар кеңес 

беру қызметінен гөрі, технологиялық сипатта болуы керек, яғни барлық заманауи аналитикалық 

жабдықтар мен технологиялар көмегімен ақпаратты жинап, сақтайды және сараптамалық өңделген 

түрде саяси шешім қабылдау үшін өткізеді [4, 164]. Берілген тұжырым қазақстандық мониторингтік 

жүйелерді  құру  үшін  де  өте  өзекті.  Заманауи  саяси  үдеріс  дамуының  мұндай  талабына  жауап 

беруден  бас  тартудың  өзі  тәуекел  факторына  жатпақшы.  Қарастырылатын  тақырып  контексінде 

жағдай,біздің пікірімізше, тап осы сипатқа ие.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   816   817   818   819   820   821   822   823   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет