№ 3 (106) 2015
545
қолына шоғырланатынын көрсететін көптеген материалдарды дәлел ретінде келтіреді. Рисмен
билеуші элитаны жоққа шығарып, басты ұйымдасқан топтардың (саяси партиялар, кәсіби одақтар,
бизнес ұйымдары, фермерлік одақтар және т.б.) алуан түрлілігін бейнелейтін билік құрылымының
аморфтығын жақтайды. Ол бастысы биліктің материалдық мүмкіндіктері мен шекаралары емес,
психикалық жай – адамның өзін-өзі қаншалықты күшті немесе тәуелді сезінуі деп, билік ұғымына
субъективистік түрде қарайды. «Егер бизнесмендер өздерін әлсіз де тәуелді сезінетін болса, онда
олар қолдарында бар ресурстарына қарамастан шынымен де әлсіздеу әрі неғұрлым тәуелдіге айна-
лады» [5].
Плюрализм демократия теориясын неғұрлым шынайы етуге талпынады, ол саяси үдеріске
азаматтардың қатысуының негізгі механизмдерін анықтаудан өз мәселесін көреді.
«Номенклатура» термині арқылы Кеңестік Одақтың және өзге де коммунистік мемлекеттердің
билеуші элитасын атау қабылданған болатын. Әлеуметтік теңдіктің маркстік идеалына қарамастан,
марксизм жақтастары саяси билікті тартып алғаннан кейін жаңа формаларға ие болғанымен
теңсіздік сақталып қалды. Мемлекеттік басқарудың басында бекіген номенклатура партиялық
бюрократияның жоғарғы қабатынан тұрды. Ол бірқатар елдердің, әсіресе КСРО-ның саяси тарихы-
на үлкен әсерін тигізген іштей интеграцияланған және артықшылығы бар топ болды.
Кеңестік партиялы-мемлекеттік номенклатураның төрт ұрпағын атап көрсетуге болады. Бұл
ұрпақтардың елеулі ерекшеліктері болды және де онысы Кеңес Одағының дамуында өз рөлін
атқарды.
Шартты түрде «лениндік гвардия» деп аталған бірінші ұрпақ большевистік партияға
революцияға дейін кірген кәсіби революционерлерден тұрды. Бұл ұрпақ өкілдерінің арасын-
да жұмысшы орта мен шаруалардан шығушылар өте аз болды. Олардың көбі орташа таптардан
шығушылар болды. Большевистік қызметшілердің бәрі де әртүрлі кезде бір жерлерде оқып, өздерін-
өздері ағартқанымен де олардың аз ғана бөлігінің жоғарғы білімі болды. Жаңа кеңестік элитаның
бірінші ұрпағының елеулі бөлігі революцияға дейінгі саяси эмиграция ортасынан шықты. Бұл адам-
дар батыс еуропалық елдердің өмірін, шетелдік әлеуметтік қозғалысты жақсы біліп, шет тілдерінде
сөйледі. Бірақ олар ресейлік реалияларды нашар біліп, мемлекетті басқаруға қажетті нақты білімсіз
болып, мемлекеттік басқару тәжірибелері болмады. Большевиктер қызметінің бірінші жылдарының
қанағаттанарлықсыз нәтижелері де басқасынан өзге басқарушы элитаның төменгі қызметтік са-
пасымен деп түсіндірілді. Бірақ жағдай біртіндеп өзгеріп, жаңа қожайындар өз лауазымдарын тез
игере бастады [6].
Бірақ жалпы алғанда «лениншіл гвардия» социал-демократиялық қозғалыстың революцияға
дейінгі дәстүрлерінің ұстанушысы бола отырып, Кеңестер Одағында қалыптасып келе жатқан ба-
сты белгісі ішкі біртұтастық, көсемге берілгендік болып табылатын тоталитарлық жүйенің аясына
сіңісе алмады.
Номенклатураның жаңа ұрпағы И.В. Сталиннің жеңісінен кейін «лениншіл гвардияны»
ығыстырды. Азамат соғысынан кейін өсіп кеткен партиялық аппаратқа жұмысшы-шаруа тегінен
шыққан қызметшілердің үлкен тобы келіп қосылды. Олардың білімдік және мәдени деңгейі әлдеқайда
төмен болып, ешқашан шетелді көрмеген, маркстік теория туралы ең ескі көзқарасты ұстанушылар
болды. И.Сталиннің жеңісі, әлемдік революция идеясынан бас тарту, радикалды интернациона-
лизмнен ұлттық дәстүрлерді жаңғырту жағына қарай біртіндеп бас тарту номенклатураның екінші
ұрпағының айқын түрде сандық жағынан басым болуының нәтижесінде мүмкін болды. «Лениншіл
гвардия» билік құрылымдарынан елеулі түрде ығыстырылып, толығымен шеттетілді.
«Үлкен террор» жылдары (1937 – 1939жж.) репрессияға бірінші кезекте «лениншіл гвардия-
дан» қалғандары ұшырады, сонымен қатар репрессия құрбандарының арасында номенклатураның
екінші ұрпағының өкілдері де болды. Мұндай «тазалаудың» нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі
партиялы-мемлекеттік аппаратта мыңдаған орындар босап қалды. Бұл орындарға елдің билік
құрылымдарында ұзақ уақыт бойына негізгі орынды иеленген жаңа ұрпақ отырды. Билеуші элитаға
кеңестік кезеңде білім алған жастар келді. Бұл үдеріс бұқаралық сипатқа ие болды.
Номенклатуралы элита өкілдеріне қарсы репрессиялардың тоталитарлық жүйеде бірқатар
қызметті атқарғанын атап өткен жөн. Өз міндеттерін адал орындау үшін шынайы экономикалық ынта-
ландыру жоқ болған кезде оның орнын өз тағдыры үшін қорқу ауыстырды. Мұнан өзге, мемлекеттік
және партиялық аппараттың номенклатуралық жүйесі жемқорлыққа қолайлы мүмкіндіктер
|