Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет873/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   869   870   871   872   873   874   875   876   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

547


қорға  айналдыруға  мүмкіндік  берген  кеңестік  элитаны  ол  үшін  жаңа  қызмет  түрлеріне  қосуға 

мүмкіндік  берген  жағдайлар  туғызды.  Тоқсаныншы  жылдардың  басынан  бастап,  билеуші  тапта 

келесі өзгерістер орын алды: жасару, ауылдан кетушілердің үлесінің төмендеуі, интеллектуалдар 

мен кәсіпқойларды кеңінен тарту. Нәтижесінде оның бойында нарыққа бейімделген шаруалар мен 

прагматиктердің қомақты үлесі өсті.

Бұл  үдерістер  саяси  элитаның  идеялы-саяси  бірлігінің  әлсіреуімен  қатар  жүрді.  Алғашқы 

посткеңестік  жылдарда  ол  модернизаторлық,  либерал-реформаторлық,  консервативтік,  ұлтшыл-

коммунистік элиталардың қарсы тұруына негізделді. Нәтижесінде алғашқы толқынның демократ-

либералдары саяси өмірдің перифериясына жартылай ығыстырылып, негізі кеңестік номенклатура-

дан қалыптасқан бюрократиялы-басқарушылық тапқа жартылай сіңіп кетті. Коммунистік элитаның 

елеулі бөлігі, әсіресе аймақтағы конфронтациялық фразеологияның пайдаланылуына қарамастан 

бюрократиялық құрылымдарға еніп, жүйеге қарсы күш болуын қойды.      

Жалпы алғанда, орын алған өзгерістерге қарамастан қазіргі элитаның іскер және адамгершілік 

қасиеттерінің  деңгейі  жеткіліксіз  түрде  жоғары  болып  қала  беруде.  Билікте  толығымен  дерлік 

бақылау жоқ болғанда бұл жағдай қоғам дағдарысының негізгі себептерінің біріне айналды.

Қазіргі  элитаны  құрайтын  топтардың  іргесі  сөгілген  және  аморфты,  оларды  өткір 

келіспеушіліктер  қақ  айыруда.  Топтардың  өздерінің  арасында  кескілескен  бәсеке  де  орын  алып 

отыр. Элита ішінде қалыптасқан күштер бөлінісі олардың бір-біріне өктемдік жағдайға ие болуға 

мүмкіндік бермейді.

Түрлі кландар мен топтардың бәсекесімен қатар элита ішінде өзге бір тенденция да пайда бол-

ды – билікті сақтау үшін бірігу. Мысалы, Ресейде бұл туралы 1996 жылы Б.Н. Ельцинді президент 

етіп, қайта сайлау мақсатында «семибанкирщинаның» пайда болуы куәлік етеді [7].

Посткеңестік  кеңістік  елдеріндегі  көптеген  элиталар  өздерінің  саяси  және  идеологиялық 

ұқсастықтарын іздеп жүр. Бұл тосын альянстардан, «өзгерістерден», бөлінулерден, ажырасулардан, 

либералдардың мемлекеттікке және ұлтшыл-патриоттарға айналуынан көрінеді.

Қазіргі элитаның әлсіздігі онда реформалардың ұзақ уақытты бағдарламаларының болмауынан 

да көрінеді, либерализмнің негізгі құндылықтарын отандық жағдайда сынап көру талпыныстары 

сол құндылықтардың танымастай болып бұрмалануына дейін әкеліп соқтырады: индивидуализм 

шексіз менменшілдікке, ал еркіндік – жауапкерсіздік пен озбырлыққа, бәсеке-күштінің бәсекелесіне 

қатысты диктатына айналады.

Элитаның  қазіргі  күйі  оның  қалыптасу  барысының  бітпегендігі  туралы  айтуға  мүмкіндік 

береді. Оның бойында билеуші элитаға тән жұмылушылық, тұтастық, бірлік сияқты қасиеттер жоқ. 

Оны құраушы топтардың көбінде кең әлеуметтік база жоқ, жабық болуға бейімділік басым, элитаны 

қуыршақтандырғысы келеді.

Қазіргі  элита  өзінің  өктемдік  жағдайын  түрлі  бағыттағы  және  негізінен  теріс  бағытталған 

факторлардың  арқасында  –  билікке  халықтың  құлақ  асу  инерциясы,  халықтың  әлеуметтік 

енжарлығы, оны жағдайдың нашарлап кетуінен қорқуына орай сақтайды.

Нарықтық  экономика  мен  құқықты  мемлекеттің  қалыптасуы  элитаны  рекрутингтеудің  жаңа 

жүйесін құрған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жүйе бәсекені бастаушылар мен жетекшілердің іскерлік 

және адамгершілік қасиеттеріне негізделуі тиіс.

«Жаңа  саяси  элитаның»  кімдерден  тұратынын  түсіну  үшін  соңғы  жылдар  бойына  кеңестік 

(коммунистік)  режиммен  күрескен  қоғамдық  қозғалыс  құрамын  талдап  шығу  керек.  Бұл 

демократиялық «ағымда» келесі әлеуметтік-саяси топтардың өкілдері басымдық танытты:

1.  Өз кәсіби қызметінің арқасында ескі режимнің репрессиялық сипатын ерекше өткір сезініп, 

оның келешегінің жоқтығын түсінген интеллигенттер.

2.  Қоғамның  бүкіл  қалған  қабаттарында  болған  демократиялық  құндылықтар  мен  ұлттық 

жанданудың жақтаушылары, яғни коммунизмнің идеялық қарсыластары.

3.  Бұрынғы режимнен қандай да болсын бір түрде зардап шеккен адамдар, оның ішінде тек 

репрессияланғандар емес, диссиденттер мен саяси тұтқындар, өздерінің ойларынша өмірлерін то-

талитаризм ойрандаған бүкіл азаматтар.

4.  Партиялық элитаның кейбір интеллектуалдары. Дәл солар, бұқаралық ақпарат құралдарына 

қолдары жете отырып, «революцияны санада» бастау атты ресми аңызнамаға алғаш елеулі соққылар 

жасай алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   869   870   871   872   873   874   875   876   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет