Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет872/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   868   869   870   871   872   873   874   875   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

546


туғызды. Төменгі жақтан шынайы бақылау немесе қандай да болсын бір жариялылықтың болмауы-

нан партиялық-мемлекеттік аппараттың жемқорлық мүмкіндктері күрт артып отырды. 

Әрине, көптеген элита өкілдері өз өмірі мен тағдыры үшін үнемі үрейленіп жүрді. И.Сталиннің 

өлімінен  кейін  репрессияларды тоқтату  мен  режимді либералдандыру  идеясы бірден  анағұрлым 

айқын атақты болып шыға келді. Жалпы алғанда номенклатура сталинсіздендіру барысын қолдады. 

Болған  өзгерсітердегі  шешуші  рөл  50-жылдардың  ортасында  партиялы-мемлекеттік  аппараттың 

барлық сатыларына толығымен бекіген номенклатураның үшінші ұрпағына тиесілі болды.

Номенклатура  үшін  соңында  «тоқырау»  (застой)  деп  аталған  «алтын  ғасыр»  келіп  жетті. 

Партиялы-мемлекеттік қызметшілер үшін тыныштық орнап, олардың өмірі мен мансабы тұрақты 

және айқын болды. Бірақ қоғамда шиеленісті құбылыстар артып, қарама қайшылықтар пісіп жетілді. 

Басшылық оларды елемеуді қалады. Кеңестік номенклатураның үшінші ұрпағы билік құрылымына 

жас кезінде келіп, онда ондаған жылдар бойы отырып, режимге геронтократиялық сипат берді.

Билік басындағыны ауыстыруға келетін жаңа ұрпақтың бейнесі біртіндеп пайда бола бастады. 

Өз  қызметінде  алдыңғы  ұрпақтар  басшылыққа  алған  идеялық  себептер  көлеңкеге  кетіп,  бірінші 

орынға прагматизм және кейде ашық мансапқорлық шығып отырды. Сонымен, кеңестік элитаның 

төртінші ұрпағы ашық түрдегі технократиялық сипатқа ие болды.

Бұрынғы саяси және экономикалық жүйенің құлдырауы билеуші элитаның да ауысатындығын 

білдірді.  Элиталардың  ауысу  сипатын  сипаттай  отырып,  бүкіл  кеңестік  республикаларды  шарт-

ты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – партиялы-мемлекеттік элита тек атауларын ғана 

өзгертіп,  өз  көзқарастарын  сақтаған  Орта  Азиялық  республикалар  (мысалы,  Түрікменстанда 

коммунистік  партия  «демократиялық»  деп,  ал  Өзбекстанда  -  «халықтық-демократиялық»  деп 

атала  бастады).  Екінші  топ  –  бұрынғы  партиялық  номенклатура  елеулі  түрде  атқарушы  билік 

құрылымдарынан ығыстырылып тасталған республикалар (мысалы, Армения, Латвия, Эстония). 

Үшінші, посткеңестік мемлекеттердің ең үлкен тобы, оған Ресей де кіреді, ол билеуші элитаның жар-

тылай ауысуымен ерекшеленеді. Әлеуметтану институттарының мәліметі бойынша, кеңестік номен-

клатура өкілдері 1994 жылы жоғарғы ресейлік басшылықтың шамамен 75%-ын (үкіметті қосқанда), 

партиялық  элитаның  50%-ын  және  парламенттік  элитаның  60%-ын,  бизнес-элитаның  шамамен 

40%-ын, аймақтық элиталардың 80%-ын құрады. Ескі номенклатураның қазіргі заманғы ресейлік 

номенклатураның құрамындағы көп түрде болуын «номенклатуралық қарымтаны» көрсететін тра-

гедия ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Номенклатура жаңа жағдайда да пайдаланылған басқарушы 

тәжірибенің ұстанушысы болды[6]. 

Қазіргі күні Ресейдегі билеуші элитаның құрамы едәуір түрде тұрақталды. Ол ескі номенклату-

радан шығушылармен бірге 80-90-жылдардың шегінде жылжып шыққан жаңа көшбасшылардан да 

тұрады. Бүгіндері жоғарыға деген жол қайтадан неғұрлым күрделі және барынша тура емес болып 

келеді.

    Маңызды өзгерістер саяси элита құрамында емес, оның құрылымында маңызды болып отыр. 

Бүгінгі  ресейлік  реалийлерді  талдау  үшін  плюрализм  концепциясы  неғұрлым  дұрыс  сай  келеді, 

себебі бүгінгі ресейлік тап, кеңестік номенклатурадан айырмашылығы мұнан әрі негіздік жағынан 

біртұтас  емес.  Ол  идеялы-саяси  жағынан  ғана  емес,  қызметтік  белгілері  жағынан  да  көптеген 

топтарға ыдырайды. Осыған орай аймақтық элиталар да неғұрлым маңызды мағынаға ие және әрі 

қарай да солай бола береді. 

Кеңестік уақытта номенклатураның жергілікті деңгейде интеграциялану деңгейі үлкен болған 

жоқ, себебі кадрлардың тек тікелей емес, сонымен бірге көлденең жылжу тәжірибесі де болды. Ал 

көптеген қызметкерлердің мақсаты орталықтағы жауапты жұмысқа ауысу болды. 90-жылдар басын-

да жағдай өзгерді. Аймақтық элиталар алдында үлкен мүмкіндіктер ашылып, бұл олардың ортақ 

корпоративтік  мүдделер  негізінде  жұмылуына  себін  тигізді.  Аймақтық  элиталардың  бөлектенуі, 

олардың  қызметінің  бақылаусыз  болуының  күшеюі  ресейлік  мемлекеттің  тұтастығына  қауіп 

төндіріп, оның басқарылу деңгейін төмендетті. 

Соңғы  кезде  федералды  орталық  билік  вертикалінің  және  бірегей  құқықтық  кеңістіктің 

нығайтылуына  бағытталған  бірқатар  қадамдарды  жасады,  бұл  аймақтық  элиталардың  қызмет 

атқаруымен байланысты алдыңғы кезеңдегі теріс тенденцияларды жартылай бейтараптандырды.

  Посткеңестік  элитаның  қалыптасуындағы  латентті  кезеңге  қайта  құру  жылдары  жатты. 

Қоғамдық  өмірдің  демократиялануы  номенклатуралық  мәртебені  экономикалық  және  саяси 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   868   869   870   871   872   873   874   875   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет