Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
544
бөлектелген, өзара бәсекелесуші бөліктер (қаржылық олигархия, саясат, генералитет және т.б.)
түрінде ұсынады [2].
Плюралистік теория демократиялық елдерде биліктің (заң шығарушы, атқарушы, сот)
бөлінуінің классикалық концепциясына сүйенетін болғандықтан да үлкен ықпалға ие, соның
арқасында қоғамда «қарама-қарсы салмақтар» жүйесі жасап шығарылып, оның көмегімен бір билік
органдары екіншілерін «шектен шығушылықтан» ұстап қала алады. Солай болса да, бүгін көптеген
мемлекеттанушылар сот туралы айтпағанда, атқарушы және заң шығарушы биліктің шынайы тепе-
теңдігін жүзеге асырудың ешқашан сәті түспегендігін мойындауға мәжбүр; атқарушы биліктің
экспансионизмі – бұл сөз таластыру қиын факт.
Элиталы плюрализм теорияларының белгілі бір шынайы негіздері бар екендігін тағы бір атап
өтейік. Олар қазіргі заманғы индустриалдық жағынан дамыған елдердің әлеуметтік құрылымының
күрделенуімен байланысты, соның салдарынан экономикалық және саяси билік пен қоғамның
экономикалық және саяси құрылымының жолдары айырылады. Элиталы плюрализм концепция-
сы қазіргі дамыған индустриалды елдердің саяси жүйесінің бір жақты картинасын жасайды деген
қорытындыға келуге болады.
АҚШ-тың саяси құрылымының үлгілері. Неоэлитизм. 70-ші — 90-ші жылдары бірқатар
американдық және батысеуропалық саясаттанушылар (Т.Дай, Х.Цайглер, У.Домхофф және т.б)
капиталистік елдердің саяси құрылымының плюралистік концепциясына түпкілікті шабуыл жасай-
ды. Олар, атап айтсақ, капиталистік жүйедегі индивид ұйымдасқан топтарға қатыса отырып, мем-
лекет саясатына қатыса алатындығына күмәнданады, сондықтан «қазіргі демокартиялық елдердің»
халқы көптеген топтар мен ұйымдарға біріктірілген.
Көптеген
саясаттанушылар
саяси
плюрализм
теориясы
шағымдарының
«идеологиясыздандырылғандығына» қатысты әлсіздігі туралы жазып, бұл концепция – бұл
капиталистік кво мәртебесін қорғау идеологиясы деп санайды; оның идеалы – таптық күресті
түрлі әлеуметтік топтар күресінің компромисі мен биліктің реформистік қызметімен ауыстыру. Га-
мильтон плюралистік теория «өзін-өзі идеологиясыздандырылған реализм деп атауға үміттенсе де
ол өзіне-өзі барынша пайдалы және ыңғайлы идеология ретінде анықтайды» деп атап көрсетеді.
Әрине, әрекет етуші саяси жүйе үшін ыңғайлы. Оның жақтастары плюрализмді мүдделі топтардың
буржуазиялық - демократиялық институттар мен рәсімдер аясындағы бәсекелестігін реттейтін жүйе
ретінде таныстырады. Бәсекеге қатысатын барлық осы топтар «ойынның» жалпы «ережелерін»
қабылдайды. Және бұл бағыттың жақтастарының ұраны — «консенсус аясындағы плюрализм», де-
мократизм «гипердемократияға» ауыспайтын, әрекет етуші саяси жүйенің тиімді қызмет атқаруын
қамтамасыз ететін «ойын ережелерін», жүйенің іргелі негіздерін сақтап қалу келісімі.
Билеуші элита немесе плюрализм – Құрама Штаттардағы билік құрылымы туралы тартыстағы
орталық проблема.
50-ші — 60-ші жж. Р.Миллс пен Д.Рисмен арасындағы осы проблемаға қатысты тартыс басты
назарда болып, оны көрнекті американдық саясаттанушы У.Корнхаузер қорытындылады. Миллс,
АҚШ-тағы нағыз билікті аз ғана төбешік жүзеге асырып, халқы мүлде құқықсыз болып, негізгі
саяси мәселелерді шешпейді деп тұжырымдайды. Рисмен бойынша АҚШ-ты кім билейді деген
сауал тартысты сипатқа ие: «жағдай» бір қарағаннан гөрі «әлдеқайда белгісіз». Шындығында
бұрмаланатын американдық саяси жүйе мәнін Рисмен өз мүдделерінің саласында вето құқығы бар
түрлі автономды топтар арасындағы биліктің бөлінуінен көреді [3].
Миллс АҚШ-тағы үш деңгейден тұратын билік пирамидасын бейнелейді: жоғарғы —
билеуші элита жүзеге асыратын шынайы билік; ортаңғы — Конгрестің сахна сыртында неғұрлым
байқалатын екінші дәрежелі рөлді ойнайтын топтық мүдделерді бейнелейді; ең соңғысы, төменгі
— бұқаралардың «іс жүзіндегі» құқықсыздығының деңгейі.
Рисмен суреттейтін билік пирамидасы Миллс үлгісінің екінші және үшінші деңгейлеріне
сәйкес келетін екі деңгейден тұрады. Рисмен пирамидасының жоғарғы деңгейі — бәрінен бұрын
өз мүдделерін қорғаудан қолдары босамайтын «вето-топтар»; төменгісі — «ұйымдаспаған қоғам».
«Вето-топтар» «қоғамға» бұйрық бергеннен гөрі өз заң шығаруының қыспаққа алыну қаупіне қарсы
маневрлерінде оны одақтастыққа тартуға тырысу құрылымдарының плюрализмі бар, АҚШ-тағы
саяси билік ситуациялық және жылжымалы болып көрінеді деп тұжырымдайды [4].
Миллс АҚШ-тағы шынайы билік елді басқарудан халық бұқарасын шеттететін элитаның
|