Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
552
2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан,
Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық
қауымдастық құрылды [6]. 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан
президенттері Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды.
2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері Бірыңғай
экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.2007 жылы Душанбе қаласында бірыңғай
кедендік аумақты құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы Келісімге қол қойылды,
экономикалық интеграцияны белсенді дамыту міндеті қойылды.
2008 жылы Дағдарысқа қарсы қорды және жоғары технологиялар Орталығын құру шешімі
қабылданды.
2010 жылы Кедендік одақ жұмыс істей бастады,бұл «үштік» аумағындағы тауарлар мен
қызметтердің бөгетсіз қозғалысын қамтамасыз етті.
2011 жылы –«интеграциялық үштік» мемлекеттерінің президенттері Еуразиялық экономикалық
интеграция және Бірыңғай экономикалық кеңістікке ауысу туралы Декларацияға, Еуразиялық
экономикалық комиссияны құру туралы Келісімге қол қойды.
2012 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық негізін құрайтын халықаралық
келісімдер күшіне енді. Еуразиялық экономикалық комиссия өз жұмысын бастады [7].
Мәселені терең ашу үшін экономикалық зерттеуде кең қолданылатын
SWOT анализ әдісі
арқылы талдалық. Ол үшін, бастапқыда ЕАЭО және оның Қазақстан үшін күшті, тиімді жақтарын
айталық.
Бірінші, еуразиялық интеграция идеясын қолдаушылар – кеңістікте 170 млн адамдық нарық
қалыптасады, Қазақстанға өз өнімін сыртқа еркін шығаруға жол ашады деп санайды. Теориялық
тұрғыдан бұл Қазақстан үшін өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық салаларының өсуіне серпін болу
керек. Бұл Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақстандық облыстардың бизнесіне жақсы
болашақ ашады деп есептейді.
Екіншіден, Қазақстан сырттан инвестиция тартады немесе өзі Ресей, Белорусқа қатысты тиімді
жобаларға инвестиция құяды. Осы мақсатқа жету үшін де «Инвестициялық климатты жетілдіру
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» заңы жедел түрде әзірленіп, қабылдады. Оған Н. Назарбаев 2014
жылдың 12 маусымында Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 отырысында қол қойды.
Құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы
экономиканың әлеуетті секторы үшін қаржы салуға дайын инвесторларды мүлік салығынан
босату қарастырылған. Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық
шығындардың 30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны
іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
етеді.
Оған қоса, инвесторларға салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беріледі. Тек қосымша
құн салығы мен акциздік алымға ол қатысты емес.
Үшінші, бірыңғай нарық аясында қажетті жұмыс күшін тартуға болады. Бұл маңызды өнеркәсіп
салаларын дамытуға жол ашады.
Төртінші, Қазақстан үшін ең бастысы, Белорусь және Ресеймен сыртқы сауда көлемі артады.
Бесінші, ІЖӨ өседі, оның қарқыны жыл сайын көтеріледі.
Алтыншы, бәсекелестік пен өнім сапасы артады.
Жетінші жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сегізінші халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы әлеуметтік тұрақтылық пен демографиялық
өсімді арттыруы тиіс.
ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009 жылдарда Қазақстанның
Ресеймен сыртқы сауда көлемі $20 және $12,4 млрд болса, онда 2010 жылы ол $17,4 млрд-ға
дейін жеткен, ал бір жылдан кейін - $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы
көрсеткіш сақталды. Бұл жылдары Қазақстанның РФ-мен сыртқы сауда айналымы, сәйкесінше
$23,1 және $23,5 млрд. болды
[8]
.
Еуразиялық интеграцияның тиімді жақтарымен бірге, Қазақстан үшін тиімсіз, кері салдары да
бар. Бұл Қазақстанның әлсіз жақтары.
Қазақстанның әріптестерімен сыртқы сауда айналымының артуымен қатар импорт экспорттан
артып кетті. Сондықтан, Қазақстан экономикасы үшін экспортының төмен, ал импорттың жоғары
болуы қауіпті.
|