Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет878/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   874   875   876   877   878   879   880   881   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

550


ӘОЖ 339.922 (100:574)

Б.Ж. АБЖАППАРОВА

1

, Қ.Ғ. ДАРКЕНОВ

2

 

Т.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  профессоры

1

, т.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті

2

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

(аналитикалық талдау)

Аталған мақалада Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуы, ЕАЭО құрамындағы Қазақстанның 

күшті  жақтары,  әлсіз  жақтары,  мүмкіндігі  мен  қауіпі  қарастырылады.  Сонымен  қатар,  ЕАЭО  пен 

Қазақстан  дамуына  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және  технологиялық  факторлар  ықпалы  да  жан-

жақты, әртүрлі аспектіде талданады.

Түйін  сөздер:  Еуразиялық  экономикалық  Одақ,  ЕАЭО,  Қазақстан,  Ресей,  Белорусь,  Кедендік  Одақ, 

Бірыңғай  экономикалық  кеңістік,  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы.  Саяси  фактор,  экономикалық 

фактор, әлеуметтік фактор ықпалы.

Қазіргі  әлемдік  экономикалық  дағдарыс,  мұнай  бағасының  түсуі,  Украинаның  оңтүстік-

шығысындағы жағдай, Ресейге батыстың санкциясы, рубль бағамының құлдырауы, Эбола індеті 

және Ислам мемлекетінің аймақтық қауіпі әлемдік саясат пен экономикада алдыңғы орынға шығып, 

халықаралық қауымдастық назарын аударуда. 

Бірақ олардың бәрі – бұрынғы посткеңестік кеңістік елдерінің, сонымен қатар аймақтық және 

әлемдік қызығушылықты тудырып отырған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мәселесін де 

назардан тыс қалдырмады. Еуразиялық экономикалық одақтың әлемдік, аймақтық экономикалық 

саясаттағы  бүгінгі  және  келешектегі  орыны  мен  рөлі  қандай  деген  сұраққа  саясаткерлер, 

экономистер, басқа саланың мамандары да жауап іздеуде.

Өзекті  мәселені  терең  талдауда  ХХ  ғасыр  соңындағы  әлемдік  экономиканың  даму  үдерісін, 

Кеңес Одағының ыдырауы мен тәуелсіз мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстардың 

қажеттілігінің тууын назардан тыс қалдыруға болмайды.

Әлемдік экономика өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап біртұтас организмге айналды. Оған 

Кеңес Одағының және социалистік елдер құрған Экономикалық  Өзара көмек Кеңесінің ыдырауы, 

Орталық  және  Шығыс  Еуропадағы  бұрынғы  социалистік  елдердің  нарықтық  шаруашылыққа 

көшуі себеп болды. Интеграциялық процесс әлемде одан әрі дамыды, сонымен қатар халықаралық 

корпорациялардың әлемдік шаруашылық субъектісі ретінде рөлі одан әрі өсті. 

ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  елдердің  аймақтық  экономикалық  интеграциялануы  – 

ұлттық шаруашылықтардың арасындағы халықаралық еңбек бөлінісі мен  тұрақты қалыптасқан 

байланыстардың  негізіндегі  елдердің  әртүрлі  деңгейде,  әртүрлі  формада  шаруашылық-саяси 

бірлесу  процессінің  дамуы  шапшаңдады.  Қазіргі  кезеңде  бұл  процесс  жер  шарындағы  барлық 

мемлекеттерді қамтыды. Қазіргі әлем экономикасында неғұрлым қуатты, маңызды интеграциялық 

бірлестік  Еуропалық  Одақ  (ЕС-ЕО)  батысеуропалық  елдерді  біріктірді;  Солтүстік  Америкалық 

еркін сауда аймағы (НАФТА) құрамына Канада, АҚШ, Мексика кіреді.  Оңтүстік Конус елдерінің 

ортақ  рыногы  (МЕРКОСУР)  Аргентина,  Бразилия,  Парагвай,  Уругвайды  біріктіреді.  Оңтүстік-

Шығыс Азия елдерінің Ассоциасы (АСЕАН) 1967 жылы құрылып оған Бангкок, Индонезия, Ма-

лайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, кейін Бруней- Даруссалам, Вьетнам, Лаос, Мьянма, Кам-

боджа кірді. БРИКС – 

Бразилия


Россия


, Үндістан, Қытай, Оңтүстік-Африка республикасы кіреді. 

Бұлар қазіргі әлемдік және аймақтық экономика дамуында қуатты экономикалық бірлестік. 

Әлемдегі  экономикалық  бірлестіктер  құқықтық  базаларын  үйлестіріп,  экономикалық  даму 

үдерісінде  бір  бірімен  тығыз  байланыс  орнатты.  Бір  мемлекеттен  екінші  мемлекетке  тауардың, 

жұмыс күшінің, капиталдың еркін қозғалысына және қызмет көрсетуіне мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   874   875   876   877   878   879   880   881   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет