Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет881/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   877   878   879   880   881   882   883   884   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

553


Статагенттіктің  ақпарынша,  Қазақстанның  әріптестерімен  саудасы  2012  жылы  1,4%-

ға  артып      $24,2  млрд-ға  жетсе,  бұл  ретте  экспорт    5,9%-ға  төмендеп,      $5,9  млрд  құраған,  ал 

импорт  4%-ға артып,  $18,3 млрд. құраған. Қазақстанның Белорусь және Ресеймен саудадағы кері 

сальдосы    $12,4  млрд-ға  жетті.  Бұдан  шығатын  қорытынды  Қазақстан  әріптестеріне  шығарған 

өнімі арқылы $5,9 млрд. сырттан әкелсе, керісінше олардан келген импорт үшін $18,3 млрд. қаржы 

шығындады. Әрине, бұл Қазақстанға тиімсіз.

Бірінші,  статагенттік  мәліметтері  көрсеткендей,  қазақстандық  бизнес  біртұтас  нарықта 

беларусьтармен,  бірінші  кезекте  ресейліктермен  бәсекеге  дайын  болмай  шықты.  Қазақстан  жыл 

өткен сайын оларға өз позицияларын беріп отыр. Сондықтан Қазақстан үшін ЕАЭО тиімсіз деген 

пікір бар.

Екінші, ЕАЭО-ғы әріптестеріне және басқа да елдерге бағытталған қазақстандық экспорттың 

түрі шикізаттық сипатта. 

Үшінші, Қазақстанға импортталатын тауарлар - тұтыну тауарлары. Ресей мен Белорусьтан және 

басқа елдерден тұтыну тауарларының көп келуі қазақстандық өнеркәсіптің дамуына тежеу салады. 

Төртінші, қазақстандық экономиканы диверсификациялау яғни әртараптандыру жүзеге аспауда, 

әлі күнге дейін ол шикізаттық сипатта болып қалып отыр.

Бесінші,  Қазақстанның  әріптестерімен  саудадағы  экспорт  пен  импорт    дисбалансы  ұлттық 

валютаны одан ары құнсыздандыра береді.  Ресеймен саудада теріс көрсеткіштер теңгені қайтадан 

2009 жылғыдай девальвация жасауға итермелейтін фактор болуы мүмкін. Сондықтан интеграциялық 

үдерістер қарқын алуымен ұлттық валютаның күрт құнсыздану қаупі сақтала береді және тек өсе 

беруі мүмкін. 

Алтыншы, Қазақстанның ЕАЭО әріптестерімен саяси-экономикалық даму моделі бірдей, өте 

ұқсас. Сондықтан, Қазақстан олардан жаңа ештене үйренбейді, сондықтан Қазақстанға дамыған 

батыс әлемімен және шығыстың жаңа индустриалды елдерімен жақындасуы тиімді деген пікір бар.

Жетінші,  Қазақстан  әлемдік  рынокта  бәсекеге  түсе  алмайтын  Ресей  мен  Белорусьтің  өткізу 

рыногы  болып  отыр.  Бұл  отандық  өндірістің  дамуына  кедергі.  Қазақстан  өз  тауарлары  үшін  өз 

рыногын  қорғауы  керек,  сондықтан  ЕАЭО  құрамында  болғанымызбен  экономикалық  протекция 

керек. Өз өнімдеріне басымдылық беру қажет деген де пікір бар. 

Сегізінші, Қазақстанда ғылымға негізделген жаңа инновациялық технология дамымауда. Бұл 

тұрғыда Қазақстан әріптестерімен бәсекеге түсе алмайды.

ЕАЭО  құрамындағы  Қазақстанның  мүмкіндігі  қандай  деген  сұрақ  бұл  мәселені  зерттеуші 

ғалымдардың, экономистердің ғана емес, әр сала мамандары арасында және қарапайым қазақстандық 

тұрғындар арасында да жиі қойылуда. Осыған қатысты мына пікірлер өте маңызды.

Бірінші, Қазақстан Ресей Федерациясы және Белорусь территориясы арқылы, басты экспорттық 

өнімі мұнай мен газды тасымалдай алады.

Екінші, ЕАЭО құрамындағы әріптестерінің көлік, логистикалық инфрақұрылымын транзиттік 

мақсатта, өз өнімін тасымалдау үшін пайдалана алады. Бұрыннан қолданыстағы мұнай, газ құбыры 

жүйесін де пайдалануға мүмкіндік алады.  

Үшінші,  ортақ  жобалар  дайындау  мен  оны  жүзеге  асыру  мүмкіндігіне  ие  болады.  Ресей 

Федерациясы,  Белорусь  және  Қазақстанда  перспективалық  сипаттағы  құрылыстарды  бірлесіп 

жүргізеді.

Төртінші, экономикалық тұрғыда басымдылығы жоғары мега жобаларды іске асыру барысында 

бірлесіп қаржы құю немесе қызығушылық білдірген шетелдік компаниялар мен құрылымдардан 

инвестиция тарту мүмкіндігін жүзеге асырады.

Бесінші,  әріптестерімен  өзара  келісу  арқылы  тиімді  ортақ  баға  саясатын  жүргізеді. 

Өз  экономикасын  дамыту  барысында  ұлттықмүдде  тұрғысында  сыртқы  сауда  саясатын 

либеризациялауды жүзеге асыру.

Алтыншы, ірі трансұлттық жобаларды дайындау мен жүзеге асыру барысында салалық сипатта 

капиталдың, жұмыс күшінің, технологияның және қызмет көрсетудің еркін қозғалысқа түсуі мен 

қолданысқа енуін қамтамасыз етеді. 

Жетінші,  экономикалық  қызмет  саласында  бірігу  тенденциясының  күшеюімен  қатар,  еңбек 

өнімділігінің өсуі мүмкін. Бұл Қазақстанның жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Сегізінші, өзара бәсеке негізінде Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресс интенсивті сипат 

алуы мүмкін. Өндірісті индустриаландыру, жаңа технологиялардың қолданысқа енуі шапшаңдайды. 

Жаңа өндіріс салалары пайда болып, дамиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   877   878   879   880   881   882   883   884   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет