Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
58
Тіл мәдениеті міндеттерінің ішінде кезек күттірмес маңызды шаруа орфоэпияға, яғни сөйлеу
актісінде сөздерді дұрыс дыбыстай білуге қатысты. Бұл күнде орфоэпия нормаларының жазудың
құлдығына ұшырау қаупі бар. Дәлірек айтқанда, бір жағынан, орфоэпия ережелерінің нормалану
үдерісінің әлсіздігінен, екінші жағынан, жазу дәстүрінің күшті дамуы салдарынан сөздер қалай
жазылса, солай оқу салты етек алып бара жатқаны да, сөз басындағы о, е дыбыстарын айтуда орыс
тілінің әсері байқалатындығы да тіл мәдениетіне назар аударушыларды алаңдатады. Ауызша сөйлеу
мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты,
яғни сөздер қалай дыбысталса, сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән берілу керек.
Осы ретте сабақ барысында өлең жаттатудың маңызы зор, себебі жаттаған өлеңін мәнерлеп
оқу барысында студенттерді сөздерді орфоэпиялық нормамен айтуға үйрете аламыз. Сөздерді
жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару
қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл – күнделікті өмір
сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер.
Соның салдарынан адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады,
бір-бірінің ойын, ішкі жан-дүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап,
босаңдық танытады. Кейде ауызекі сөйлеу стилінде сөйлем мүшелерін қысқартып айту, сөйлемді
аяқтамай бітіру, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін өзгертіп айту, сөзді талғамай қолдану жиі
кездеседі. Бұл кезде сөз немесе сөйлем ажарсыз, әсерсіз болмас үшін әр сөзді дұрыс қолданып, өз
орнымен келтіріп отырса, сөйлем түсініксіз болмайды. ХІ ғасырдағы әйгілі шығарма «Кабуснамада»:
«Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі – сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей
білуге үйрен, сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың», – деген өсиет айтылған. Тіл мәдениетіне
барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз
ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау,
сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. Сөйлеу – адам
санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып,
жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген
мақсатына жете алмайды [2,17].
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар адамның мәдениеттілігі мен
адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-
тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы.
Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында
тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық,
кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға
деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі [3,7].
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы
дегеніміз – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді –
диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді
пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу [4,47]. Абай атамыз: «Сөзінің бірі жамау, бірі
құрау» деп өзіне дейінгі кейбір ақындарды сынайды. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс,
жұмыр келсін айналасы» деп, әрбір сөздің түсінікті, жеңіл, мағыналы болуын өз ортасынан қатаң
талап етеді. Ұлы ақынның бір ғасырдан астам уақыт бұрын тіл тазалығына ерекше мән бергендігін
көреміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай таза ана тілінде сөйлейтін бірде-бір халық болмайды. Тек
ол сөздер жергілікті халықтың тілдік заңдылықтарына бағынып, фонетикалық өзгерістермен барша
қауымға түсінікті жалпыхалықтық тілге айналуы керек.
Өзге тілден еніп, «заңды түрде» орныққан «остановкаға барамын», «екі морожный ала келерсің»,
«ужас», «звонит ету керек» немесе «звондау керек», «лестницадан көтерілгенде», «қой, завтрак
жасайық», «переживайттама» т.б. сөздер студенттің де, үлкеннің де тілдік дағдысына кеңінен енген.
Дағдының да дағдысы бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан, дағдыға енген шетелдік
сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай, бөгде «элементтерді» оңды-солды жұмсау сөйлеушінің
сөзге ұқыпсыздығын көрсетеді. Бұл – мәдениеттілік емес, қайта ана тілімізді шұбарлау, туған
тілімізге қинаят жасау деген сөз. Тіл тазалығы дегеніміздің айтайын деген ойымызды еркін жеткізу,
сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді – диалектілерді, варваризмдерді, жаргондарды араластырмай
сөйлеп, халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық, әдеби тілде сөйлеу
екендігін студент жастарымызға ұғындыру керекпіз. Сөз құрамы – ғасырлар бойы жасалып,
қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан бай қазына, қасиетті мұра. Әр ұрпақ оны
|