Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
60
стандартты әрі ресми тіл, халық тілінің шұрайлы байлықтарымен сусындаған, көркем, өткір тіл.
Солардың бәрі жалпыхалықтық сипат алып, тілдік нормалар біршама тұрақталып, жаңа нормалар
пайда болды, стильдік жүйелері сараланып, қоғамдық қызметі кеңейді. Осыларды игеріп, игілікті іс-
әрекетіне пайдалану кісіні тіл мәдениетіне жетектейді. Мәдениетті адамның көп қыр-сырының бір
көрінісі – тіл мәдениетінің жоғары болуы.
Жоғары оқу орындарында студенттерді шешен сөйлеу мәдениетіне баулудағы мақсаттардың
бірі – теориялық және қолданбалы пән ретінде шешендік өнер турасында жүйелі ұғым
қалыптастыру, түсінік беру, сол арқылы болашақ заңгерлерге мамандықтарына қажетті маңызды
шеберліктің негіздерін меңгеруге көмектесу. Шешен сөйлеуге баулу мәселесі машықтық бағыттың
басымдылығымен ерекшеленеді. Бұл күрделі шеберлік білім мөлшерінің молдығын қажетсінуімен
бірге өзіндік жеке тәжірибелер негізіндегі икем-дағдылармен де тығыз бірлікте сомдалады. «Ақын
болып туылады, шешен болып қалыптасады» деп Цицерон айтқандай, студенттерді мамандығына
сәйкес көпшілік алдында сөйлей білу өнеріне рөлдік ойындар арқылы да баули аламыз. Ол үшін
«Сот мәжілісі» ойынын өткіземіз. Онда студенттер судьяның, прокурордың, адвокаттың сөздері
арқылы шешен сөйлеуге машықтанады. Сөзді көпшілікке қарата айтудың, жұртшылықты сендірудің
немесе тәрбиелеу құралы ретінде қолданушы әрбір маман адам шешендік өнердің ғылыми
негіздерімен, яғни аудитория алдында түсінікті де ұғынықты, сенімді де иланымды қалыпта сөз
сөйлей білу дағдыларын меңгере білуі тиіс. Ал шәкірт атаулыны шешен сөйлеу мәдениетіне баулу
жолындағы міндеттер қатарына көпшілікпен жанды қалыпта сөйлесу шеберлігінің, шешендік
өнердің мәні хақында белгілі мөлшерде жүйелі түсінік беруді; тілдік қарым-қатынас жасау адам
өмірінде кім-кімге де ауадай қажеттігіне саналы қалыпта көз жүгіртуді; шешеннің аудиториямен
қарым-қатынасының күрделі үрдісін болашақ маманның көз алдына келтіру, яғни ойша моделін
жасау, осы үрдіске орай болашақта жұмыс барысында ұшырасар мәселелер шоғырын айқындауды;
ауызша шешен сөйлеу шеберлігін өз бетімен немесе топтық сабақтар арқылы меңгерушілерге сала
бойынша қажетті кешенді білім, білік және дағды жинақтауға көмектесуді қосамыз [5].
Қазіргі білім беру парадигмасында білім алушының өзінің ізденіп алған біліміне үлкен маңыз
беріледі. Кредиттік оқыту технологиясы
жүйесінде СӨЖ-дің (студенттердің өз бетімен орындайтын
жұмыстары) орны ерекше. Ол студенттің өзіндік білім алу, даму қабілеттері мен еркін сыни ойлау
дағдылары қалыптасуына бірден-бір мүмкіндік жасайтын оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі бір
формасы болып отыр.
Өзіндік жұмыстың түрлеріне қарай: репродуктивтік сипаттағы тапсырмалар
(орфоэпиялық нормаға қатысты), ізденушілік сипаттағы тапсырмалар (грамматикалық,
лексикалық нормаға қатысты), шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (радио, теледидар,
баспасөз беттеріндегі сөзқолданыстар) беріледі. Өзіндік жұмыстың аталған типтері арқылы студент
теориялық білімін толықтырады. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың тіл мәдениетін
дамытуға интерактивті әдістер арқылы қол жеткізуге болады. Интерактивті әдістерге: миға шабуыл,
пікірталас, диалог т.б. жатады. Соның ішінде диалогқа тоқталайық.
Диалогтік сөйлеуде студенттер өз ойын тез жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып,
ой қорыту жылдамдығын арттыруға үйретіледі. Бір-бірлеріне сұрақ қоя білуге төселеді.
Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай нәрсеге сұрақты қалай
қоя білуіне де байланысты танылатынын пайымдайды. Адамның белгілі бір нәрсеге, мәселе
жөнінде сұрақ қоя алуы – ойлаудың алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу – сол мәселені шешудің
«кілті». Сұрақ – қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті. Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы оған
бүкіл топ куә болғандықтан, студент өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады, қандай
мәселе төңірегінде болмасын, бұл жарыс (ой, сөз жарысы десе де сыйымды) оның есінде ерекше
сақталады. Студенттердің бірі басым түсуі, екіншісі жеңілуі де мүмкін. Жеңілген студент қатесін
түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге дағдыланады. Сабақтағы негізгі өзекті
мәселелердің бірі студенттің өзіндік көзқарасына негізделген сөйлеу тілін дамыту болғандықтан,
олардың тіл мәдениетін арттырудың бір тиісті жолы – белгілі бір тақырып төңірегіндегі өзара сынға
арналған пікір алысуды ұйымдастыру.
Тіл мәдениетін дамытудың тағы бір әдісі – пікірталасқа түсу (дебат). Қазіргі уакытта мектепте,
жоғары оқу орындарында бұл әдіс жиі қолданылады. Сонымен тілді талғампаздықпен жұмсау,
дұрыс қолдану мәселелері тілдік дағдыларды жетілдіріп, әдеби тіл нормаларына сай заңдылықтарды
меңгертуге келіп саятыны белгілі. Осы міндеттің дұрыс шешім табуы жоғарыда аталған тиімді әдіс-
тәсілдерді күнделікті сабақ барысында жүйелі түрде қолдануда көрінеді. Басты нысана етіп тілдің
|