Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


қалды; Типаж болу, блатной болу – менменсу



Pdf көрінісі
бет105/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

қалды; Типаж болу, блатной болу – менменсу; Мамка-батялар курста ма? – ата-анаң біле ме

Жылауық – қызғаншақтық; Ауру – басқа адамдардың мазасын алу; Қуғынбай – бос сөзді көп 

сөйлеу; Крышасы бар – тірегі бар; Миды шіріту – бос сөзді көп айту, Жынды киініп алыпсың 

 әдемі киініп алыпсың т.б. Осы мәселеде студенттер тілдерін дұрыстауға, түзетуге тырыспайды, 

сондықтан оқу ғимаратындағы күнделікті қарым-қатынаста осы жаргон сөздермен сөйлейді. Әрине, 

бұл жаңа жаргон сөздердің кең таралуына әкеп соғады. Бұның өзі біздің еліміздегі тіл мәдениетінің 

төмендігін  білдіреді.  Көптеген  жастар  өз  ойларын  дұрыс,  түсінікті  етіп  жеткізе  алмайды,  басы 

артық,  бос  сөздерді  көп  қолданып,  ойын  шашыратып  жібереді.  Кейбірі  орысша,  ағылшынша 

сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен, сленгтермен сөйлегенді сән көреді.

Сөйлеу  әдебі  қарым-қатынаста,  қоғамдық  орындарда,  жалпы  өз  елімізде    сирек  сақталады. 

Оған дәлел ретінде тағы да бірнеше мысал  келтірейік. Бірсыпыра замандастарымыздың, соның 

ішінде студенттердің де (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде қазір «Мен Абаяда тұрамын», 

«Қонаевадан автобусқа мінемін» деген орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда 

болды. Сонда біз білетін Абай, Қонаев  әйелдер болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? 

Мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп, не дейді? 

Енді  бірде  студенттер  мен    оқытушылардың  тілінде  ешбір  қажетсіз  қыстырма  сөздер  (жаңағы, 

сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т.б.) көп кездеседі. Көптеген сту-

денттер ойын жеткізе алмай қысылғанда «аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде 

бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр» деп мүсәпірлікке ұрынады. Сондықтан да сөйлеу әдебін 

қалыптастыратын    сөйлеу  сапаларын  әрдайым  ескеру  қажет.  Сөйлеудің  сапаларына  кіретіндер: 

мінсіздігі,  тазалығы,  байлығы,  дәлдігі,  қисындылығы,  мәнерлілігі,  бейнелілігі,  әсерлілігі, 

орындылығы, түсініктілігі.

 Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

 1. Ортаның әсері:

 а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді;

 ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл).

 2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы).

 3.Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (кекештік, сақаулық т.б.).

Сөйлей білу – өнер. Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, 

машықтану арқылы игеруге болады. Сонымен тіл мәдениеті дегенде, ең алдымен, әдеби тілді қалай 

меңгергеніне көңіл бөлеміз. Сөйлеуші өзіне тән тілдік ерекшеліктерімен қатар жалпыға ортақ әдеби 

тілдің  нормасынан  хабардар  болуға  міндетті.  Ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  мәдениетін  көтеру 

күнделікті дайындықты талап етеді. Дұрыс, анық, дәл, түсінікті, таза және бейнелі, эмоционалды 

сөйлеуге  жаттығу  қажет.  Маңызды  әңгімелер  мен  сөйлесулерге,  достар,  әріптестер,  туған-

туысқандар арасындағы болатын мәселелерді талқылауға белсенді қатысқан дұрыс, семинар және 

практикалық  сабақтарда  жиі-жиі  сөйлеу  керек.  Осының  бәрі  адамның  ойын  дамытады,  сөйлеу 

дағдысын қалыптастырады, сөз мәдениетін дамытады. Тіл мәдениеті жоғары адамдардың әрдайым 

көз тігетін жарық жұлдызы – әдеби тіл, өйткені ол екшелген, сұрыпталған тіл, белгілі қалыпқа түскен 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет