Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет111/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін  сөздер:  қазақстандық  білім  беру  жүйесі,  академиялық  сауаттылық,  академиялық  оқылым, 

академиялық жазылым, ғылыми мәтін, ғылыми жоба, құзырет.

«Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке 

дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 

айналысуға,  сондай-ақ  ақпараттық  дереккөздермен  байланысты  кез  келген  кәсіби  қызметпен 

шұғылдануға  және  қандай  да  бір  құжаттарды  жазуға  қажетті  дайындығын  анықтау  үшін  кең 

қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке 

дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады 

[1, 81]. Академиялық білімді академиялық оқылым, академиялық жазылым сияқты компоненттер 

құрайды.  Академиялық  жазылым  –  бұл  әлемдік  білім  беру  салаларында  және  ғылыми  ортада 

кең  таралған  ақпараттық  үдерістерді,  академиялық  қарым-қатынастарды,  халықаралық  тәжірибе 

алмасуларды  жаңаша  дамытуға  бағытталған  құзыреттердің  дәстүрлі  түрі  [2;  3].  Академиялық 

жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, 

ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық 

жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты 

аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың 

жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл 

академиялық ортада табысты болудың негізі [1,82]. 

Академиялық  жазылым  жазбаша  қатысыммен  байланысты  мәселелерді  шешуді  талап 

ететін  дағдыларды  дамытуға  бағытталған.  Біріншіден,  осы  дағдылар  кешенін  қазақстандық 

мамандар терең меңгермеген деуге болады, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі 

кемшіліктерді  айтуға  болады.  Мекемелер  мен  ұйымдарда  түрлі  құжаттар  жазу  барысында  сол 

мекеменің  қызметкерлері  қажетті  құжатты  сауатты  құрастыра  алмай  жатады.  Ресми-іскери 

стильдің,  терминдердің,  грамматика  мен  орфографияның,  пунктуацияның  қыр-сырын  білмейтін,  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет