№ 3 (106) 2015
61
дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алып, оны жүзеге асыру үшін студенттің сөйлеу, жазба тілдерін
жетілдіріп, тіл мәдениетін көтеру аса қажет.
Сонымен «Қатысым мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас» пәнін игеру нәтижесінде
студент қазіргі қазақ тілінің негізгі функционалдық қызметтерін, ауызша сөйлеу тілі мен жазба
тілдің айырым белгілерін, оларды бөлудің негіздемесін, ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби тілдің
айырмашылықтарын; Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы тілдік ахуалды; қарым-қатынас
жасаудың белгілі бір саласында қолдануға арналған қазақ әдеби тілінің негізгі стильдерін; әдеби
норманың негізгі түрлері мен нұсқаларын; қазіргі қазақ әдеби тілін нормалаудың негізгі тәсілдерін;
қазіргі қазақ әдеби тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, морфологиялық және
синтаксистік нормаларын; тілді бұзушы факторлар мен тілдік қателердің себептерін білуі; курстың
терминологиялық аппаратын теориялық мәселелерді баяндау мен практикалық қызмет кезінде
қолдана; түрлі тілдік жағдаяттарға бағдарлана; қатысымдық сәтсіздіктердің пайда болу себептерін
түсіне; қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес өзінің қатысымға түсу ниетін адекватты
түрде жүзеге асыра; оқу және еңбек ету үдерісінде емін-еркін қарым-қатынас жасау үшін қажетті
сөз әдебінің ережелерін қолдана; кодификацияның негізгі құралдарын (сөздіктер, анықтамалықтар,
қазақ тілі мен тіл мәдениетіне арналған оқулықтар мен оқу құралдары, сөйлеу үлгілері және т.б.)
пайдалана; кәсіби бағыттағы ауызша және жазбаша мәтіндерді (ақпараттық хабарлама, таныстыры-
лым (презентация) кезіндегі сөз, аңдатпа, абстракт, реферат, эссе, түйіндеме) құрастыра алуы қажет,
қатысым түрлері мен жағдаяттарға сәйкес сөйлеуді ұйымдастыру, сондай-ақ сөз әдебінің ережелері;
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-практикалық, кәсіби-тұрмыстық сияқты
елеулі әлеуметтік және кәсіби салаларда ауызша және жазбаша тілдік қарым-қатынасты жүзеге
асыру; әртүрлі қатысымдық жағдаяттарда өзінің тіл мәдениеті мен қарсылас әңгімелесушінің тіл
мәдениетіне баға беріп талдау; қазіргі заманғы қатысым үдерісі мен құбылыстарды сыни тұрғыда
бағалау дағдыларын меңгеріп шығады.
Қорыта айтқанда, тіл мәдениетіне қатысты бүгінгі күнгі көкейтесті мәселенің не екені
баршамызға аян, сондықтан жастардың тіл мәдениетін, сөз әдебін қалыптастыру үшін жұмыла
еңбек ету керек. Ана тілін жақсы біліп, өз орнымен сөйлеу – әркімнің азаматтық борышы. Әрбір
тұлға сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып,
тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болуына тырысуы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. –Астана: Елорда, 2001. - 230 б.
2 Ашимбетова Р.Д. Журналистің тіл мәдениеті. Оқу құралы. –Павлодар, 2010. -96 б.
3 Уәлиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филол. ғылымдар. докт. ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссер. авторефераты. –Алматы, 2007. -58 б.
4 Қыдыршаев А. Шешендік өнер көлгірсу емес.
http://www.qasym.kz
REFERENCES
1 Syzdyq R. Tildik norma jane onyn qalyptanyu. – Astana: Elorda, 2001. -230 b.
2 Ashimbetova R.D. Zhurnalistin til madenieti. Qqu quraly. –Pavlodar, 2010. -96 b.
3 Yaliuly N. Qazaq soz madenietinin teorialyq negizderi. Filol.gylymdar.dokt. gylymi darezhesin alu yshin dai-
yndalgan disser.avtoreferaty. –Almaty, 2007. -58 b.
4 Qydyrchaev A. Chechendik oner kolgirsu emes.
http://www.qasym.kz
Достарыңызбен бөлісу: |