№ 3 (106) 2015
67
мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу әдістерін көрсету, зерттеуден күтілетін нәтижелерді
бағамдай білу, сілтемелер қолдану, зерттеу жұмысын техникалық жақтан дұрыс ресімдеу, жобаны
таныстыру сияқты талаптар қойылды.
Ғылыми жобаны филолог, философ, информатик мамандардан
құралған комиссия қабылдап бағалады.
Модуль жүйесі бойынша екі кезеңдегі 360 студенттің ғылыми жобаларын бағалау көрсеткіштері
төмендегі гистограммаларда беріледі:
Гистограммалардан көрініп тұрғанындай, екі кезең бойынша да А (100%) баға алған студент
жоқ. Екінші кезеңде бірінші кезеңмен салыстырғанда А- (90-94%) баға алған студенттердің саны
көбейген, керісінше, С+ (70-74%), С (65-69%), С-(60-64%) баға алған студенттердің саны азайған.
Алғашқы кезең студенттерінен гөрі екінші кезең студенттерінің білімдері ілгері болды, оның
себебін бірінші кезең тыңдаушыларының университет өміріне, жоғары білім беру жүйесіне
қыркүйек-қазан айларында бейімделе қоймағандығынан деп түсіндік. Ал екінші кезең студенттері
қарашаның ортасында бұған дейінгі басқа модульден келгендіктен бе, әлде өздерінің білімдері
толыға бастағандықтан ба, қалай болғанда да алдыңғы кезең студенттерінен жоғары көрсеткіштер
көрсетті. Ғылыми жоба қорғаудың екі кезеңі бойынша жалпы көрсеткіш төмендегідей:
|