құрастыру, сілтемелер мен дәйексөздерді қолдану, сілтемелер мен дәйексөздерді дұрыс қолдана
білу, дәйексөздерді шамадан артық қолданбау, «өзімнің жаңалығым», «өзгенің жаңалығы» деген
ұғымдардың аражігін ажырата білу, зерттеу жұмыстарында түрлі сызбаларды, кестелерді қолдану
үйретіледі. Конспектілеуді өзгенің ойын механикалық түрде көшіре салу деп түсінетіндерге оның
қателесетіні ескертіледі. Академиялық қоғамдастыққа енген жас зерттеуші ғылыми жұмыстарды
ресімдеудің ережелерімен, академиялық мәтіндерді (тезистер, аңдатпалар, конференцияларға
өтінімдер және т.б.) құрастыру, эссе жазу, ғылыми жұмысты аудиторияға таныстыру қағидаларымен
және академиялық қатысымның ерекшеліктерімен танысады. Семинар сабақтарында берілген
ғылыми мәтіндерге конспект жазады, пікір береді. Өздері жазған ғылыми жобаларға бір-біріне
пікір береді. Ғылыми стильде жазылған мәтіндерді оқытып, талдау жұмыстары жүргізіледі, өйткені
академиялық оқылым дағдыларына ғылыми жұмыстарды түсініп, оларға талдау жасау жатады.
Ғылыми мақалаға аңдатпа (абстракт) жазады. Ғылыми мақаланың тезисін құрастырады. Тірек
сөздері берілген тақырыптарға эссе жазады.
Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген
тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық
тілдің басты ерекшелігі оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра
алмау барлық студентке тән сипат болып келеді, осыған байланысты оқытушының алдында
студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана
алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі
дағдыларды қарастырайық:
1) зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді
тауып оқи білуі;
2) өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді
бөле білу қабілеті;
3) болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
4) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
Академиялық оқылым және жазылымның қазіргі академиялық қызметке бағдарлануы сабақ
беретін оқытушылардың студенттермен жұмыс барысында біршама қиындықтар тудырды.
Студенттердің жалпытілдік құзыреттерінің төмен болуы, өз беттерімен пайымдау жасай
алмайтындықтары, оқылған мәтінді (ғылыми жұмыстарды) сауатты баяндай алмайтындықтары
оларға бірден ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге кедергі келтірді. Олардың сөйлеу әрекетінің
оқылым, айтылым және тыңдалым сияқты түрлеріне қарағанда жазу дағдыларының артта қалып
қойғандығы анық байқалды. Осыған байланысты студенттердің эссе, ғылыми мақала, сауалнама,
жоба сияқты бүгінгі таңда кеңінен қолданылатын жұмыстарды жазуда қиналғандарын атап өткіміз
келеді.
Жазбаша сөйлеу тілінің дұрыс дамымауының негізгі себебі ретінде А.Э.Чеканова студенттің
іздену әрекеті, көбіне, ұсынылған тақырып бойынша Интернеттегі дайын материалды көшіріп
алуында екендігін, бұл өз кезегінде студенттердің логикалық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына
|