Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет172/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

103


әдебиеті үлгілері. Әдебиет тарихы үшін материалдар» (Уздавнашр, Самарқан-Ташкент, 1927) және 

«Өзбек әдебиеті үлгілері» (Самарқан-Ташкент, 1928) кітаптарын тілге тиек етті. 1937 жылы жиыр-

ма төртінші сәуірде Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті тарапынан қамауға алынып, коммунистердің 

жауы «Миллий иттиход» ұйымының мүшесі болғаны үшін, өзі де ұлттық ұйымдар құрғаны үшін, 

жастарға кеңеске қарсы дәрістер жүргізгені үшін, ұлтшыл рухтағы (түрікшіл) шығармалар жазғаны 

үшін  айыпталды.  Сот  үдерісі  жылдан  аса  созылып,  «ағылшындармен  ауызбірлікте  болған»  де-

ген тәрізді тағы жаңа-жаңа айыптаулар да қосылды. Фитрат соттан бір күн бұрын 1938 жылы 4 

қазанда, әлі Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) үкімі шықпай тұрып атылды. Анық айтқанда, 

әуелі атылып, оның ертесіне үштік үкімі шығарылды. Міне, осылай Түркістан тағы бір азатшыл 

перзентінен айырылды.

Абдурауф  Фитрат  кеңестік  билік  тұсында  да  өте  өнімді  жазды.  Оның  бүгінге  дейінгі 

құрастырылған төрт томдық шығармалар жинағының үш томы осы тұста дүниеге келген туындылар. 

Мысалы қаламгердің кеңес отаршылдығына қарсы «Мұсылмандар, қапы қалмаңдар» («Хуррият», 

1917.  №33),  «Шураи  Исламияның  қателігі»  («Хуррият»,  1917.  №36),  «Түркістанда  орыстар» 

(«Хуррият», 1918. №63-64), «Шығыс саясаты» («Иштирокиюн», 1919) т.б. көсемсөздері, түріктік 

сананың оянуына қызмет ететін «Құтадғу біліг» («Маориф ва уқитғучи», 1925. №2), «Науаидың 

парсы тілді шығармашылығы һәм оның парсы девоны турасынды» («Маориф ва уқитғучи», 1925. 

№12),  «Ахмет  Ясауи»  («Маориф  ва  уқитғучи»,  1927.  №6),  «Өзбек  ақыны  Тұрды»  («Маориф  ва 

уқитғучи», 1928. №1), «Шағатай әдебиеті» («Қизил қалам», 1929), «Мухаммад Солих» («Аланга», 

1929. №10) т.б. ғылыми еңбектері және «Қиямат» әңгімесі (1923), Түркістан әдебиетінің сахналық 

шығармаларын биік белеске көтерген драмалық шығармаларының барлығы кеңестік отаршылдыққа 

қарсы туған дүниелер еді.

Фитраттың  сахналық  шығармалары  Түркістан  театрының  дамуына  орасан  зор  қызмет  етті. 

Өзбек  бұтағындағы  жәдит  драматургиясының  іргетасы  М.Бехбудидің    «Падаркуш»  пьесасымен 

қаланып еді. Драмадан алғаш 1914 жылы сахналанғаннан кейін Түркістан әдебиетінде сахналық 

шығармалар  көптеп  туа  бастады.  Фитраттың  жеке  қаламынан  оннан  аса  драмалық  туындылар 

жазылды. Санамалап шықсақ, жанама тақырыппен Үндістан азатшыларын баян еткен пьесалары 

«Чин  севиш»  (1920),  «Хинд  эхтилолчилари»  (1923)  немесе  қанды  қылыш  билеушілер  саясатын 

әшкерелей отырып, ұлттық болмысты, еркіндікті аңсайтын «Уғизхон», тарихи мазмұнда жазылған 

өзбек әдебиетіндегі бірінші драма болып табылатын «Абулфайз хон» (Мәскеу, 1924), әпсаналық 

«Шайтанның тәңріге қарсылығы» (Ташкент, 1924), «Арыстан» (1926 Самарқан-Ташкент), «Темір 

сағанасы» (1918), «Оғызхан» (1919), «Қан» (1920), тәжік тілінде жарияланған ең алғашқы сахналық 

шығарма  саналатын  «Восеъ  қузғолони»  немесе  «Шуриши  Восеъ»  (1927)  пьесаларын  айтуға 

болады. Драматург өз идеясын кейіпкерлерінің тілімен беру арқылы асқан шеберлікпен азатшыл 

ойларын  өрнектеді.  Мысалы  «Чин  севиш»  пьесасының  кейіпкері  Сарвархон  ойымен  мынадай 

тұжырымдарды оқырман талқысына тастайды: 

«Еуропада  білім  бар  ынсап  жоқ.  Еуропаның  білімі  қабланның  тісі,  тырнағы  сияқты  нәрсе. 

Күшсіздерді жыртып жеуді іс көреді… Еуропа істерін үйрену, әрине, қажет. Еуропада білім алу 

еуропалықтарды  ынсапты,  әділетті  деп  мақтау  үшін  емес,  Олардан  өзімізді  қорғау  үшін,  тісті, 

тырнақты болмақ үшін керек-ті... Мен көп нәрсені Еуропадан үйрендім. Еуропаның ынсапсыздығын 

да  өзінен  үйренгем.  Еуропаның  жетістіктерін  жоққа  шығармаймын,  бірақ  олардың  жетістіктері 

күшсіздерді алдап, қандарын ішу ғой…» [6]. 

Берілген үзіндіде отарлау саясатының ұстанымы бетпердесіз көрініп тұр, бірақ автор қорғанатын 

нысанды нақты көрсетпеген. Сөйтсе де автордың назарға алып отырған ойы оқырманға оңай жетеді. 

«Жанама тақырыппен» ой жеткізу әдісі осылай амалға асып тұр. 

«Үнді көтерілісшілері» шығармасында Рахимбахш пен Дилневаз арасындағы сүйіспеншілік, 

күрескерлік, елдегі сауатсыздық, түрік бірлігі, бостандық жайы сөз болады. Драматург өз көзқарасын  

Рахимбахштың тұжырымдарымен өрнектеген: «Әйелді үйге қамасақ, білімсіз қалады. Білімсіз әйел 

ұлттың өлуіне себеп болады» және «Өз күшіне сенбейтін ұлт күрес майданына шықпайды, шықса 

да жеңіледі». Ал Дилневаз тілімен құлдықтағы тіршілікті сынайды: «Сенің ағылшынға қарсы күш 

деген үнді ұлтын, мұсылман әлемін де көз алдыңа келтір. Не көресің: адамға ұқсас бір топ – жанды 

нәрсе. Милары жаһаннам шұңқырларынан да қараңғы. Көздері мұрынының ұшынан басқа ештеңе 

көрмейді. ...... ілгерілеуді, келешекті ойлауды күпір санайды» [6]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет