Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
104
Фитрат поэзия мен прозада тәжірибеден өткізген «жанама тақырып» әдісін, яғни Түркістандағы
жағдайды Үндістанға көшіріп, орыс басқыншылығын ағылшын отаршылдығы кейпінде әспеттеу
амалын сахналық шығармаларында да үйлесімді амалға асыра алды.
Ұлттық болмысты, оның қадір-қасиетін жоққа шығарып, тек партия мүддесіне қызмет етуші
отаршылдарға Фитраттың шебер шығармашылығы, ондағы түрікшілдік ұраны үлкен қауіп төндірді.
Оның түріктерді бірігуге үндеуі кеңесшілер идеясына балта шапқандай әсер етті. Кеңестік билік
өкілдері ақын шығармаларының халық арасына таралмауының алдын алып, баспаларға қайта
жіберілуіне тыйым салды, ал басылған еңбектердің оқылмауын қарастырды.
Мағжан мен Фитраттың кеңестік заманда туған түрлі жанрдағы шығармаларында большевизм
оспадарлығы түрлі әдеби бейнелермен суреттелді. Аталмыш ақындар шығармашылығындағы
негізгі сабақтастықты төмендегідей көрсетуге болады:
– Поэзиядағы көркемдік ізденісте бейнелеудің тың үлгілерін қалыптастырды;
– Идеяны жанама тақырыппен жеткізу әдісін ұтымды қолдана білді;
– Прозада публицистикалық жазбалары басымдылық алды;
– Барлық жанрда жазылған туындыларында отаршылдыққа қарсы сарын байқалады.
Отаршылдар шексіз, кедергісіз билік жүргізу үшін елін азаттыққа жетелеген ұлт азаматтарынан
«тазаруды» ең басты міндет деп білді және мұны аяусыз амалға асырды. «Қызыл қырғынның» қан
тамған қылышынан қаймықпай ақиқаттан танбаған қаламгерлердің ерлігін қаншалықты жоғары
бағаласақ та, биігіне жете алмаймыз. Ал олардың «Отаным» деген отансүйгіш рухын «қызыл
қырғын» да, қатаң цензура да жыға алмағаны бүгінгі күннің ақиқаты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Жалмырза А. Отаршылдыққа қарсы Түркістан әдебиеті (қалыптасуы, даму ерекшеліктері және
көркемдік сипаты). – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасы, 2013. -202 б.
2 Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы (құраст.: З.Ахметов, Т.Берікболов). 1-том. – Алматы:
Жібек жолы. 2002. -176 б.
3 Қамзабекұлы Д. Пайым: зерттеу мен мақалалар. – Алматы: “Сөздік-Словарь», 2004. -356 б.
4 Жұмабаев М. Шығармалары: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер (құраст.: Х.Абдуллин, Б.Дәрімбетов) –
Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б.
5 Дәрімбет Б. Мағжан және коммунистік идеология//Жас Түркістан, 2001. №1. 6-13 бб.
6 Фитрат А. Танланган асарлар.– Тошкент: Маънавият, 2006. – 4 жилд. – 334 б.
REFERENCES
1 Zhalmyrza a. otarshyldyqqa qarsy Turkіstan adebietі (qalyptasuy, damu erekshelіkterі zhane korkemdіk
sipaty). – Astana: L. N. Gumilev atyndagy Euraziya ulttyq universitetіnіn baspasy, 2013. -202 b.
2 Torajgyrov S. Ush tomdyq shygarmalar zhinagy (qurast.: Z.Ahmetov, T.Berіkbolov). 1-tom. – Almaty:
Zhіbek zholy. 2002. -176 b.
3 Qamzabekuly D. Pajym: zertteu men maqalalar. – Almaty: “Sozdіk-slovar», 2004. -356 b.
4 Zhumabaev M. Shygarmalary: olender, poemalar, qara sozder (qurast.: X.Abdullin, B.Darіmbetov) –
Almaty: Zhazushy, 1989. – 448 b.
5 Darіmbet b. Magzhan zhane kommunistіk ideologiya//Zhas Turkіstan, 2001. №1. 6-13 bb.
6 Fitrat A. Tanlangan asarlar.– Toshkent: Manaviyat, 2006. – 4 zhild. – 334 b.
Достарыңызбен бөлісу: |