№ 3 (106) 2015
101
Не патшалық, не кеңес –
“Екіден бір» – дер ме едім [4].
“Толғаудан» кейін жазылған “Тоқсанның тобы» кезінде қоғамда үлкен оқиға ретінде қабылданды.
1927 жылдың 19 тамызында “Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған соң, осы толғау төңірегінде
үлкен айтыс туды. Пікір айтушылар екіге жарылды: бірінші топтағылар “бұл Мағжанның кеңес
үкіметін мойындағаны» деп түсінсе, екіншілері “Мағжан бізді алдап отыр, оның беті бұрылмайды,
әдейі ішке кіргенсіп, іштен бүлдіруші» дегенді айтты. Бұл толғаудың сол кездегі қоғамдық ойға
әсер еткені соншалықты, Қазақ өлкелік коммунистік партияның алтыншы конференциясында
Ф.Голощекин: “Мағжанның “Тоқсанына» алданып жүргендер де жоқ емес. Бірақ оған алдануға бол-
майды. Бұл “Смена вех» (бетін түзеу) сияқты бірдеме» деген пікір де айтты [5].
Мағжанның “Шойын жол», “Тұранның бір бауында», “Еділдің сағасында» деген өлеңдерінде
коммунистердің отаршылдық саясатынан ел тұнығы бұзылып бара жатқандығы анық көрінеді.
“Шойын жолда» кеңес заманында азып-тозған елдің, қымыз орнына арақ ішкен жұрттың кескін-
келбеті бейнеленеді. Өзінің ұлттық қасиетінен айрыла бастаған қазақтың шойын жолды жағалап
айран-сүт сатып, көзін әркімге сүзіп жүрген суреті де көзалдыңа келеді. Дархан далада еркін
көшіп-қонған қазақтың қашан да дастарханы молшылықта болатын. Ал “Еділдің сағасында» атты
өлеңінде орыспен араласа бастаған батыс қазақтарының сүреңсіз кейпі сөз болады. Олардың тілдері
де шұбарлана бастаған, өздері де өзгеріске түскен, қазақы болмыстан қол үзіп бара жатыр:
Араладым біраз күн
Еділдің саға өлкесін.
Қазақты көрдім қуарған
Жүк тасып, тескен желкесін.
...Мұжықтың аңдып бөлкесін...
...Орыстың «Совсем...» «Толькесін.»...
...Дүркіресіп жөнелді,
Селенге – Сергей тойына... [4]
Мағжанның кеңестік отаршылдық тұсында жазған өлеңдерінің негізгі айтары – кеңестіктер
патшалық жүргізген отаршылдық саясатын жалғастыруда, коммунистік идеология ұлттың
дамуына, оның жер бетінде сақталып қалуына қарсы. Яғни коммунистік идеология салтанат
құрған жерде ұлт қасиеттері табан асты етіліп, ұлт жойылады, ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық
мұраттар ұмытылады. Ақын күндердің-күнінде түрік тұрмысына үйлеспейтін, қазақ болмысына
жат, адамгершілік қағидасына теріс, рухани тамыры жоқ коммунстік идеологияның күйрейтініне
сенімді:
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін!
Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол, айбынды ер, Алашым!
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын [4].
“Сағындым» өлеңіндегі осы екі шумақтың өзі-ақ ақын жүрегіндегі сенімнің қаншалықты
мықтылығын сездіреді.
Жоғарыда сөз болған өлеңдері негізінде Мағжанның коммунистік идеологияға түбегейлі
қарсы болғандығына толық көз жеткіземіз. Мағжанның да кей замандастары сияқты социалистік
реализмге ыңғай бергендігі туралы пікірлер де кездеседі. Мұндай пікірдегілер ақынның 1924
жылы «Ақ жолда» басылған «Қызыл жалау» атты өлеңін тілге тиек етуде. Аталмыш өлеңнің мына
шумақтарына назар салайық:
- «Жалынды жалау кімдікі?»
«Тұрағы тарғыл тас қия
Арбаңдаған Азия –
Жалындай жалау соныкі –
Ендеше қазақ сенікі!» -
|