Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет433/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

260


білуі  үшін  қазақ  тілінде  сөйлеп,  түсінісу  аздық  етеді.  Оқытушы  тарапынан  білім  беру  үдерісіне 

жаңашыл қадам керек. 

XXI  ғасырда  білім  берудің  мақсат-міндеттері  өзгерді,  өйткені  ақпарат  пен  жүктеме  көлемі 

тыңдаушылардың шамасынан артық болып кетті. Оқытушының міндеті беретін білім көлемін арт-

тыру  емес,  оны  тіл  үйренуші  өз  бетімен  алуға  мүмкіндік  беретіндей      әдіс-тәсілдермен  жеткізе 

білу. Егер ұстаз шәкіртіне «Мен не білетін едім?», «Мен нені білдім?», «Мен осы біліміммен не 

істей аламын?» деген сұрақтар төңірегінде ойлануына ықпал ете алса, онда алға қойылған мақсат 

орындалады.  «Мұғалім  дайын  ақпаратты,  ой  түйінін  балалардың  санасына  құйғанмен,  олардың 

өздерінің ойлау мен еркін сөйлеуіне мүмкіндік берілмей,  шығармашылық, арман, қиял қанатының 

шарықтау шегіне жеткізуге жағдай жасалмайды. Көптеген жағдайларда баланың ой еңбегі өзі де 

ойлап  үлгермеген,  санасына  жетпеген,  ерекше  әсер  етпеген  ережелерді,  формулаларды  жаттап 

алуға тура келеді. Соның нәтижесінде ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген 

есте сақтау дамиды. Бұл – баланың оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Ол үшін баланы 

ережелер мен формулалар «қоймасына» айналдырмай, ойлауға үйрету керек» [1, 24].



 Сондай-ақ, 

бұл күрделі мәселеде баса ескерілер тұстың бірі 



 үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік 



болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте 

өзінің өміршеңдігін жоятындығы. Демек, бұл бағытта да ойлану әрқайсымызға қажет деп білеміз. 

Осы орайда қазақ тілін сапалы үйретуді басты нысан етсек, ол тілдесім әрекетінсіз болмайтыны 

түсінікті. 

Тілдесім  –  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрлерін  қамтитын  ерекше  құбылыс.  Ол  тілдік 

қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс 



жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның 

өзара  бірлігінен  құрала  келіп,  қандай  болмасын  ақпарат  негізінде  адамдар  арасындағы  тілдік 



қатынасты  жүзеге  асыратын  сөйлесім  әрекетінің  түрі.  Тілдесім  –  адамдардың  қоғамдық-

әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде 

бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Тілдесім – адамдардың 

бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі жағынан ықпал 

етуі. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрлеріне  

жататындар

 - Бейресми тілдесім

- Қалыптасқан тілдесім

- Әлеуметтік тілдесім

- Дербестік тілдесім  [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет