Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет51/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

28

барлығын игілігіне, қуанышына ұстауға ниет білдірген. Осы жиған дүние-мүліктің, мал-жанның 



алла тек қызығын көрсетсін деп тілеген. Өз ошағына сойған малынан елімнен бата-тілек, алғыс 

алам деп қазақтың жораларын сақтап, соғымға, соғым басына сыбағасын даярлап, елінің ақсақалды 

даналарын,  ақ  жаулықты  аналарын  шақырып  бата  алған,  сондай  ризашылықты  білдіретін  асқа 

берілетін мына бір батаға тоқталайық:



Ардақты үй иесі,

Әуелі бердің шай,

Көңілің болсын жай.

Екінші бердің ет,

Таппасын көңілің 

Ешбір дерт.

Үшінші бердің сорпа,

Болмасын бағың орта.

Жаз келіп көңілің жай болсын,

Көргенің шаттық той болсын.

Абзал досың көп болсын,

Берген батам сол болсын [1,12].

Берілген  батаның  өзінің  әр  жолында  үй  иесіне  деген  ақ  ниет,  аталы  сөз,  тәңір  несібесінің 

жарылқауын  тілеп,  кішіпейілділіктен  кішіреймейсің,  әрқашанда  келген  қонағыңды  тарылмай, 

барың болса беріп, бата алып қалуға тырысқан жөн болар деген қонақжайлық қағида жатыр. Үлкенді 

сыйлап, айтқанын тыңдасаң одан кем болмайсың, ырзығың да таусылып қалмайды дегенді айтады. 

«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» дегенді халық тегін айтпағанын осыдан түсінсек керек. 

Бұл тұрғыдан келгенде, ақ дастарханға берілетін ақ батаның бірнеше түрлерін келтіруге болады.  

Мысалы:


Жарылқасын құдай!

Бай қылсын,

Төрт түлігін сай қылсын.

Мың саулығы қоздасын,

Майықтан ас қыдырдың асы.

Үйге келіп орнасын,

О шетіне желінің, бұ шетіне желінің

Ол шырқаса жертпесін.

Сексен түйең боталап,

Сенен байлық кетпесін

Алау Әкбар?

Маған берген басың,

Ұзақ болсын жасың.

Қасыңдағы жан басың,

Аман болсын мал басың.

Қасыңдағы жаурым,

Аман болсын ауылың.

Су қайнаған қазанға,

Май қайнасын.

Бала-шағаң, өсіп-өніп,

Нұр жайнасын.

Алау Әкбар![1,124].

Мұнда да сол мал-жанның саулығын, керегесінің кеңдігін,  терезесінің теңдігін, шаңырақтың 

биіктігін, уайым-қайғының болмауын, көңілдерінің көлдей кең болуын тілейді. Қалай десек те, бата 

өлеңдері халықтың тұрмыс-салтымен біте қайнасып кеткен өміршең жанр екені аян. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет