Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет629/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

382


касы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң жарияланды. Онда: «Латындандырылған қазақ 

жазбасын орыс графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиіне көшіру туралы Қазақ КСР-нің колхозшы-

лары,  жұмысшылары  мен  зиялы  қауымының  өтініштері  қанағаттандырылсын»  –  делінген.  Партия 

басшылығы өздерінің әміршілдік-әкімшілік жұмыс әдісін жасыра отырып, халықтың қамқоршысы 

ретінде көрініп бақты, халықтың атынан өздерінің іс-әрекеттеріне түсініктемелер берді. Осы уақыттан 

бастап, тіл саясатында күрт өзгеріс басталды. 

Осы  қаулыны  бетке  ұстай  отырып,  республика  көлемінде  орыстандыру  саясаты  өршелене 

жүргізілді. Қуғын-сүргіннен жан сауғалап кеткен қазақ зиялылары күшпен жүргізілген орыстанды-

ру саясатына қарсы бас көтере алмады. Өмір бойы патша миссионерлерінің армандап өткен, бірақ 

жүзеге асыра алмаған ісін кеңестік дәуірде олардың ұрпағы жалғастырды. Әрине, «бұл жетістіктің» 

отаршылдық пиғылы бүркемеленіп, мәдени мәні бар үлкен оқиға ретінде бағаланып, Мәскеулік басы-

лымдар жарыса жазды [8]. 

Осы кезеңде ұлттық республикалардың басшылығы мен Одақ деңгейіндегі кадрлар орыстандыры-

ла бастады. Бұл жөнінде ағылшын зерттеушісі Дж. Хоскингтің: «Сталиннің уақытында Бүкілодақтық 

Коммунистік  партия  басшылары,  қарулы  күштер  және  мемлекеттік  қауіпсіздік  басшылықтары 

айтарлықтай  орыстандырылды»  -  деген  пікірі  шындыққа  сәйкес  келеді.  Сталиннен  бастау  алған 

«орыстандыру» кезеңі КСРО-ның ыдырауына дейін созылды [8, 560]. Сөйтіп, 1941 жылы 14 мамырда 

«қазақ тілін білетіндерге жеңілдіктер жасау жөніндегі» 1933  жылы қабылданған қаулының күшін 

жою жөнінде жарлық шықты. Осыдан кейін-ақ қазақ тілінің ісі өрге баспады. 1941 жылдың желтоқсан 

айында Қазақ ССР халық комиссарлар кеңесі жанындағы Мемлекеттік Терминологиялық Комитет өз 

жұмысын тоқтатты. 

Ал  латын  қарпіндегі  ұлттық  жазуларды  орыс  графикасына  ауыстыру  процесіне  талдау  жасай 

келе, бүгінгі күн тұрғысынан мынадай қорытынды жасауға болады:

а) орыс графикасын ауыстыруға бастама көтерген билік екені сөзсіз. Бұл мәселеге халық тарапы-

нан ұсыныс жасалынды, оны халық бірден қолдап, қуаттады деген пікір ешбір шындыққа жанаспай-

ды;


ә) қаріпті ауыстырудағы негізгі мақсат – орыс тілінің айбынын көтеру, беделін өсіру;

б) орыс графикасы әр тілге тән фонетикалық ерекшеліктерді беруге қабілетті деген пікірде де 

асыра сілтеу басым;

в)  орыс  графикасы  үйренуге  жеңіл  деген  пікірде  негізсіз  айтылған.  Себебі,  жапон,  қытай 

иероглифтері күрделі болғанымен, бұл халықтардың өркендеуінде кедергілер жоқ. Сондықтан «оңай 

жазу», «қиын жазу» деген сылтау сауаттылықта көрсеткіш емес.

г) кейбір авторлардың орыс графикасына ауысқалы ұлт мектептерінде оқыту жүйесі жасқарды де-

ген пікірлері де орынсыз. Біріншіден, бұдан әр тілдің өз жазуын таңдаудағы құқы шектелді. Екіншіден, 

әбден үйренгенше, сауаттылардың саны күрт төмендеп кетті. 

Ең бастысы, жазуды бірнеше рет ауыстыру көптеген ұлттардың тарихи-мәдени мұрасынан қол 

үзуіне әкеліп соқтырды. 

1941  жылдың  14  шілдесіндегі  ҚКСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  «ҚКСР  Орталық  Атқару 

Комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесінің», 1933 жылдың 1 қыркүйегінде «Қазақ тілін меңгерген 

мамандарға жеңілдік туралы» №601 Қаулысының күшін жою туралы қаулысы шықты. 1941 жылдың 

19 желтоқсанында ҚКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Мемлекеттік терминологиялық комиссиясы 

таратылып, оның атқаратын функциясы, қызметі мен мүлкі Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің, 

Тіл, әдебиет және тарих ғылыми-зерттеу институтына берілді. 1945 жылдың 8 ақпанында Халық Ко-

миссарлар Кеңесінің қаулысымен мемлекеттік терминологиялық комиссия қайта құрылды. 

1941-1945 жылдары тіл мәселесіне арналған арнайы құжаттар қабылданбағанымен, орыс тілінің 

беделі үстем болып, ұлт аралық қатынас құралы ретінде бірінші орынға шықты. 1940 жылдардың 

соңы мен 1950 жылдардың басында тоталитарлық жүйенің түбегейлі орнауы КСРО халықтарын бір 

тілде сөйлетуді жүзеге мемлекеттік дәрежеде көтерілді. Партиялық мерзімді басылымдарда орыс тілін 

білудің маңызы мен артықшылықтары насихатталды.

Латыншаға қайта оралсақ, кириллицада жазылған талай тарихымыз бен әдебиетіміз ұмыт қалады 

дейтін пікірлерді дұрыс дей қою қиын. Қазақстанда орыс тілі бар кезде, ол дүниелерді оқу соншама 

қиынға соқпайтыны анық жайт. Бүгінгі өскелең заманда латынды үйреніп, кириллицаны ұмыту да 

мүмкін емес. Орыс тілі үшін кирилл әріптерін игеру керек екен. 

Кириллица  ТМД  аумағындағы  елдерде  ғана  танылатын  әріп.  Қалған  әлем  негізінен  латын-

шаны  оқиды.  Содан  соң,  біз  басқа  туысқан  түркі  елдері  –  Әзірбайжан,  Өзбекстан,  Түрікменстан 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   625   626   627   628   629   630   631   632   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет