Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет637/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   633   634   635   636   637   638   639   640   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

386


және  66  адаммен,  ал  Харьков  тігін  фабрикасы  бөліне  отырып,  алғашқысы  –  29  қыркүйекте  254 

жұмысшымен көшіп келді [3, 34 б.]. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  соғыс  жылдарында  майдан  шебіндегі  жерлерден  көшірілген 

тұрғындарды,  кәсіпорындарды,  балалар  үйі  мен  ауруханаларды  қабылдап,  өз  аумағына 

орналастырды. 

Соғыстың алғашқы айларында облысқа майдан шебінен 26 ірі кәсіпорын қайта келді. Олардың 

көпшілігі Шымкент қаласына, сонымен қатар басқа да елді-мекендерге орналастырылды. Олардың 

қатарында Қаратас ауданының «Күйік» кеңшарындағы әйнек зауыты, Сайрам ауданындағы Манкент 

автотрактор  жөндеу  зауытындағы  трактор  шеберханасының  жабдығы,  Түркістан  қаласындағы 

электр станциясының 800 квт-қа дейінгі электр станцияның жабдығы болды. 

1941  жылдың  қыркүйек-қараша  айларында  майдан  шебінен  2092  адамы  бар  22  балалар  үйі 

көшірілді, олардың 18-і ауылдық жерлерге орналасқан: Сайрамға – Курскіден, Ворошиловградск 

мен Ростов облысынан 282 адам, Арыс ауданына – Сталинскіден екі балалар үйі мен Ростовскіден 

бір балалар үйі – 122 адам, Түркістан ауданына – Киевск және Запорожск облыстарынан – 181 адам, 

Қаратас ауданына – Ворошиловградск облысынан 115 адам, Пахтарал ауданына – Курск облысынан 

115 адам көшірілді. 

1941 жылдың соңында Шымкентке Мәскеу облысынан, Краснодар өлкесінен, Киевтен, Харь-

ковтан, Воронежден, Кременчугтан, Дондағы Ростовтан кәсіпорындар көшірілген. 

1942  жылы  қалаға  14  кәсіпорын  орналастырылған,  оның  ішінде  Ростов  тігін  фабрикасы, 

Рязандағы табиғи каучук зауыты, «Мельстрой» диірмені және т.б. бар еді. 

Соғыс  жылдары  майдан  шебінен  20  мың  жұмысшысымен  17  зауыт  пен  фабрика  қайта 

орналастырылған.  1941  жылдың  күзінде  Ақсу  ауылына  Чугуев  әскери  училищесі,  Чимкентке  – 

Орловск жаяу әскери училищесі қайта қоныс аударды. Жаяу әскер училищесі кейіннен Өзбек ССР-

інің Термез қаласына қайта қоныс аударған. Сонымен бірге, КСРО-ның Сәулет академиясының, 

Мәскеу кеңесінің театры да қоныс аударған.

1942 жылы Воронежден көшірілген пресс зауыттың базасында КСРО-ның үкіметінің шешімі 

бойынша  Шымкентте  престелген  машина  автоматтардың  жаңа  зауытының  құрылысы  басталды. 

Зауыт 1942 жылдың соңына қарай елге алғашқы өнімін бере бастады, мамыр-маусым айында құю 

және теміршілік цехтары бірінші кезекте іске қосылды. 1942 жылдың қазан айында өндірістік жо-

спарды шектен тыс орындағаны үшін зауыт ұжымы Бүкілодақтық кәсіподақтың Орталық Кеңесінің 

және КСРО-ның станок құрылысының Халықтық комиссариатының ауыспалы Қызыл Ту Белгісіне 

ие болды. Атқарым нормасын 150-250%-ға орындаған Д.Г.Маслов, Б.Н.Проторчин, Ф.А. Золота-

рев, И.Ф. Сафронов, В.Н. Лангов, И.В. Купавых, С.В. Старцев сияқты еңбек ерлері айтарлықтай 

ерекшеленді. 

С.К.Ерғалиев, М.С.Витушкин және т.б. өндіріс озаттары, Н.М.Протасов, А.И.Цвилиховский, 

А.С. Георгиади, М.И. Мальнова және т.б. мамандар өз ісінің шеберлері атанды. Зауыт Қытайға, 

Румынияға,  Польшаға,  Чехословакияға,  Индияға  өнімдерін  жеткізді.  1950-1951  жж.  зауыт  топса 

мен шығыршық өндірісіне арналған А148 және А148А автоматтарының сериялық шығарылымын 

меңгерді, 1956 жылы престеу машиналары мен автоматтарының 8 түрі игерілді [4, 14 б.]. 

«Шымкент»  тарихи-ақпараттық  жол  көрсеткіште  (1991  ж.,  б.21-29)  көрсетілгендей,  тылда 

ағаш ұсталары Юрьев, Гребнев, Скрипников, қорғасын зауытының машинисті Е.Чернов еңбекте 

ерлік  көрсетілгендігі  айтылады.  Майдангерлерге  сыйлықтарды  республиканың  делегациясының 

құрамында қорғасын зауытының жұмысшылары Ерназаров пен Аширов тапсырған. 

1942 жылы облысқа тағы да 645 адамы бар 6 балалар үйі келсе, 1943 жылы 390 адамы бар 

6 балалар үйі келген. 

1942  жылдың  1  қаңтарына  қарай  облысқа  8  көшірілген  аурухана  орналастырылған.  Оның 

ішінде:  200  төсек-орны  бар  №  3983  қоныс  аударғандарға  арналған  аурухана  Сайрам  ауданы 

Манкенттегі бұрынғы Бүкілодақтық кәсіподақтық орталық кеңесінің демалыс орнына; Сарыағаш 

ауданындағы  ауыл  шаруашылығы  комбинатының  ғимаратындағы  500  төсек-орындық 

қоныс аударғандарға арналған аурухана; педагогикалық училище, дәріхана, қалалық клуб пен 

Ленин  атындағы  мектеп  ғимаратындағы  500  төсек-орындық  №2068  қоныс аударғандарға 

арналған аурухана; Түлкібас ауданының Балықшы ауылындағы балалар шипажайының ғимаратында 

250 төсек-орындық №2921 қоныс аударғандарға арналған аурухана болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   633   634   635   636   637   638   639   640   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет