Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет638/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   634   635   636   637   638   639   640   641   ...   963
№ 3 (106) 2015

387


Облыс  бойынша  қоныс  аударғандарға  арналған  ауруханаларда  жалпы  3350  науқас  пен 

жаралы адамдар емделді. 

1943 жылдың желтоқсанында Түлкібас бекетінің теміржолшылары пойыздарды жылдам өңдеу 

әдісін қолданды. Желтоқсан айында 100 жылдамдықты бағыттан жоғары жіберілген. Бұл жағдай 

6 мың пойыз минутын үнемдеуге мүмкіндік берді. Құрамын өңдеуге қажетті нормамен белгіленген 

тұрақ уақыты екі-үш есеге қысқартылған болатын. 

1944 жылдың наурызында Ащысай кенішінде үш жас-жеткіншектерден құралған майдангер 

бригадалары жұмыс істеді. Комсомолшы Ыдырысов басқаратын бригада бәрінен озық еңбек етті. 

Ол бірнеше адамды босатып берді де, еңбек өнімділігін 120%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бай-

жансай  кенішінде  жастардан  құралған  майдан  бригадасы  құрылған  болатын.  1944  жылдың  нау-

рыз айының соңына  қарай  Ащысай  байыту  фабрикасында  Юнусовтың  басқаруымен  жұмыс 

істейтін комсомол-жастар ауысымы ұйымдастырылған болатын. Аталған ауысымның 19 бірдей 

мүшесі өндірістік нормаларды тұрақты түрде орындап отырды. 

Ұжымшаршылар, зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысшылары өз күштері мен денсаулығын 

аямастан еңбек етті. Майданға жіберу туралы жүздеген өтінімдер келіп түсіп жатты. Медициналық 

қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер мен мектеп оқушылары өз Отанын қорғау үшін майданға 

баруға  асықты.  Жүздеген  қыз-келіншектер  мен  жасөспірімдер  машинист,  от  жағушы  кәсіптерін 

меңгеріп, 2-3 еселік норманы орындай отырып жұмыс істеді [5, 20-24 б.]. 

Шымкент қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының комсомол ұйымдарының 1944 жылдың 

мамыр айындағы жұмысы туралы баяндамада көрсетілгендей, өнеркәсіптік комсомол ұйымдарында 

942 комсомолшы комсомолдық есепте болды, оның ішінде тікелей өндірісте жұмыс істейтіндердің 

саны – 661, жастар – 2366 адамды құрады. Комсомолшылардың саны – 385, екпінділердің саны 

– 215 адамды құрады. Май шығару зауытының комсомол жастардан құралған бригадасы (бригадир 

Ратников) жақсы нәтижеге қол жеткізді. 

Азайтылған мүшелерінің санымен жұмыс істей отырып, аталған бригада мамыр айына арналған 

өнім өндіру жоспарын 166%-ға орындап, жалпы алғанда бригададағы еңбек өнімділігі 170%-ға 

жетті. Бригадир Ратников өзі тапсырманы 190%-ға орындап шықты. 

Комсомол жастардан құралған бригада жақсы жұмыс істеді, атап айтқанда қорғасын зауытының 

цех маманы ерекше көзге түсті (бригадирі Сидоренко). Бригадада азайтылған жұмысшылар санымен 

жұмыс істей отырып, бригада мамыр айындағы жоспарды 105%-ға орындады, жалпы алғанда бригада 

бойынша еңбек өнімділігі — 180%-ды құрады. 

Жеңіл  өнеркәсіптік  халықтық  комиссариатының  «Красный  зеркальщик»  фабрикасының 

комсомол жастардан құралған бригадасы социалистік жарысқа белсенді түрде ат салысты. Иголкиннің 

басқаруындағы  комсомол  жастардан  құралған  бригада  (майдандағы)  айлық  жоспарды  240%-ға 

орындап шықса, Текстильстройдың комсомол жастарынан құралған бригадасы (бригадир Ново-

сад) айлық жоспарды 150%-ға орындады, еңбек өнімділігі 10%-ға артқан. 

Май шығару зауытының комсомол жастардан құралған сабын қайнату цехы азайтылған 

жұмысшылар  санымен  жұмыс  істей  отырып,  айлық  жоспарды  168%-ға  орындап  шықты. 

Аталған цехтың озат комсомолшылары Широбаев, Зудников, Колесниченко күнделікті нормадан 

2-3 есе асыра орындап отырды. 

Мамыр айындағы социалистік жарыста хатшысы Дьяченко болып табылатын қорғасын зауытының 

комсомолдар ұйымы айтарлықтай үлкен жұмыс атқарды. Комитетке ауыспалы Қызыл Ту тағайындалған, 

осы белгіні алғаны үшін социалистік жарыс ұйымдастырылып отырды. 

Шымкент бекетінің теміржол торабының комсомолшылары мен жастары өздерінің белсенді түрде 

ат салысуы арқылы пойыздарды тезірек қозғалтуға, вагондар мен паровоздардың жөндеуге тұрып қалу 

уақытын қысқартуға аса назар аударды. Темір ұстасы болып жұмыс істейтін комсомолшылар Галушкин, 

Медведев, Полтораков өз тапсырмаларын 200%-ға орындады [6, 131-132б.]. 

Осылайша,  соғыс  жылдарында  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  зауыттар  мен  фабрикаларды, 

жұмысшыларды,  ғалымдарды,  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін  қабылдады.  Өнеркәсіптік 

кәсіпорындар әскери тапсырыстарды орындай бастады. 

1941 жылдың 28 желтоқсанындағы «Казахстанская правда» газетінде хабарланғандай, соғыс 

басталған кезде мектепке дейінгі білім беру мекемелері өз жұмысын қайта өзгерткен екен. Әскери-

патриоттық және қорғаныс-жаппай қызметі алғашқы орынға шығып, «Санитарлық қорғанысқа дай-

ынмын», «Ауаға және химияға қарсы қорғаныс (АХҚҚ)» үйірмелері құрылды. Алғашқы жылдардың 

өзінде  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  саяси-ағартушылық  мекемелерінде  АХҚҚ  белгілеріне  ие 

2721 адам дайындықтан өткен. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   634   635   636   637   638   639   640   641   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет