Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет639/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

388


Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақстанның аумағында және оның аумағынан тыс жерлерде 

ірі  біріккен  ұйымдар  құрыла  бастады.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  әскери  комиссариаты 

Өзбекістан  аумағында біріккен.  Мәселен,  Шыршықта құрылған 69-шы атқыштар дивизиясының 

құрамына Шымкент, Ащысай, Пахтарал, Арыс жұмысшылары мен ұжымшаршылары кірді. 

Оңтүстік  қазақстандықтар  Қарсылық  білдіру  Қозғалыстарына  да  қатысты.  Одан  бөлек, 

француздық  Қарсылық  білдіру  Қозғалысының  қатысушыларының  бірі,  Шымкент  қаласының  

тұрғыны,  Ахмет Бектаев «Под небом Франции» атты естелік кітабын шығарды. Аталған кітапта ол 

қазақтардың Францияның оңтүстігіндегі фашисттермен соғысқа қатысқандығы туралы және өзінің 

Екінші дүниежүзілік соғыс майданындағы тағдыры туралы әңгімелеген еді [7, 451, 702 б.].

Шымкентте 102-ші атқыштар дивизиясы құрылған. Брест бекінісін К.И.Жарменов, Мәскеуді 

– А. Трефилов, А. Лазарев, В. Акишев, Б. Раев және т.б. қорғады. Шымкенттіктер Отанды қорғау 

бойынша  өз  борышын  орындады.  Олар  әрбір  кеңес  жері  үшін  қан  төкті.  Олардың  арасында 

Н.Чунтонов, Е.Молдабаев, А. Леонтьев және т.б. болды. 

 Оңтүстік қазақстандықтар барлық соғыс майдандарында соғысты, КСРО мен Еуропа елдерін 

босатты.  Аталған  соғыстарға  мыңдаған  қарапайым  солдаттар  қатысты.  Отан  қорғаушылардың 

арасында  ерлік,  жеке  батырлық  пен  табандылық  көрсеткен  біздің  жерлестеріміз:  Әбдалиев  Қ., 

Әбдіжаппаров С., Әлімбетов А., Әшіров С., Бреусов С., Вишневецкий В.М., Грицынин К.Д., Грушко 

В.С., Гусев В.В.,Жолдасов Л.Б., Жуков П.К.,Ибрагимов Т., Ырысбеков Қ., Исаханов Б. және т.б..

Кеңес Одағының Батыры атағы келесі оңтүстік қазақстандық жерлестерімізге берілді: Исетов 

Р., Исмаилов С., Кавешников  Д.С.,  Қауымбаев Т., Кердань Ф.К.,  Мамутов  Х.,  Миннибаев Г.Х., 

Молдабаев Е., Нижурин Ф.Т., Нұрлыбаев Ж., Обуховский А.Р., Огородников Н.И., Окороков  М., 

Оңтаев Б.С., Пахомов Д.Ф., Пшеничных А.П., Редько А.Н., Решетник И.С., Рүстемов Т., Рыбалко 

И.И., Садықов Б., Свинарчук Н., Сопляков М.И., Спатаев К., Сүлейменов Д., Тасқұлов К., Уммаев 

М.М.-Г., Үсенов А.,  Шевцов П.Ф., Хакімов А., Хұсанов З.У., Чунтонов Н.Г., Юлдашев Ф. [8]. 

Юлдашев Ниязали Манкентте дүниеге келіп, соғысқа дейін педагогикалық техникумды аяқтап, 

ауылдық  мектепте  мұғалім  болып  қызмет  атқарды.  19  жасында  майданға  кетіп,  сапер  ретінде 

алғашқы  әскери  дайындықтан  Вязьмада  өтті.  Оршей  жанындағы  шайқастарға  қатысты,  Неман 

өзенін шоғырландырды, осы еңбегі үшін Қызыл Ту  орденіне ие болды, Варшава мен Краковты 

босатуға  қатысып,  Кенигсберке  дейін  жетті.  Соғыстан  кейін  Н.Юлдашев  мұғалім,  аудандық 

комсомол  комитетінің  хатшысы,  машина-тракторлық  бөлімшенің  аймағы  бойынша  партиялық 

комитет  хатшысы,  идеология  бойынша  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы  болып  жұмыс 

істейді де, ұзақ жылдар бойы Ленин атындағы ұжымшарды басқарды. Мәдениет сарайы, демалыс 

үйі,  аурухана,  мұражай,  балалар  бақшасы,  шарап  зауыты,  консервілеу  цехы,  мал  өсіру  кешені, 

мектептер осы кісінің басқаруымен Сайрам ауданында пайда болады. 

Екі бірдей Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызылту Белгісімен, Қазан революциясы, ІІІ дәрежелі Даңқ 

орденімен, екі рет «Құрмет Белгісімен», «Әскери ерліктері үшін», «Кенингсбергті алғаны үшін» 

медальдарымен марапатталды. 

Әсілбеков  Жаманбек  –  Төлеби  ауданының  Майбұлақ  ауылының  тұрғыны.  Белоруссияны, 

Латвияны  азат  ету  шайқастарына  қатысты,  Берлинге  дейін  жетіп,  рейхстагқа  өз  қолтаңбасын 

қалдырды.

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  9  азаматы  үш  Даңқ  орденімен  марапатталды.  Олардың 

арасынан Қалтаев Қаратайды, 1923 ж.т. атап өтуге болады. Ол Калинин майданында шайқасқан. 

Садықов  Байырбек  1940  жылы  Қызыл  Армия  қатарына  шақырылған.  Люблин  қаласын  азат 

етіп, Днепрді шоғырландырған, Познань үшін шайқасқан.

Бишовец Иван 1920 жылы Черниговск облысында дүниеге келген. 1940 жылдың қазан айын-

да Қызыл Армияға шақырылады. Батыс майданда шайқасады, 1945 жылдың көктемінде Данциг 

қаласын азат етеді.

Олар жеке басының даңқы мен құрметі туралы ойламаған. Отанына деген шексіз жанқиярлық, 

әскери антқа беріктік жеңіске апаратын жолдағы барлық кедергілерді жоюға күш берді. 

Самойлов Николай Солтүстік Донның жанында шайқасып, Кривой Рогты азат етті, ол үшін 

соғыс 1944 жылы аяқталды. 

Әлімкулов  Мырза  –  Леңгір  азаматы.  Дивизияның  полктарының  бірі  519-шы  полк  Леңгір 

қаласында  құрылады.  Шайқастардың  бірінде  519-шы  полк  Изюм  бекетінен  шығыс  жаққа  қарай 

қорғанысты  алды,  күш  бірдей  емес  еді,  шегіне  отырып  Солтүстік  Дон  арқылы  өтуге  бел  буды. 

Мырза Голтице, Иедаусов және т.б. (Чехословакия) аудандарда командир болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет