Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет640/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   636   637   638   639   640   641   642   643   ...   963
№ 3 (106) 2015

389


  Борзенко  Федор  Михайлович  1943  жылы  снайперлік  мектепті  аяқтағаннан  кейін,  ерекше 

міндет жүктелген 131-ші мотоатқыштар полкына алынады, сол кезде оның жасы 20-да еді. Федор 

түскен күзет Ирандағы Кеңес Одағының елшілігін күзеткен. Елшілікті 60 жауынгер күзетіп тұрған. 

28  қарашада  олардың  барлығына  қару  –  автомат  пен  қынаптағы  қанжар  берілген.  Олар  Тегеран 

конференциясында «үлкен үштіктің» басшыларын күзетті. Жақсы қызметі мен табысты жүргізілген 

операция үшін сержант Ф.Борзенкоға аға сержант атағы берілді. 

2000 жылдың 9 мамырында облысымызда 4024 соғыс қатысушысы болған еді, олардың ішінде 

2706 – мүгедек бар. Үш Кеңес Одағы Батыры –   Р. Исетов (Түркістан), С. Әшіров (Шардара), Т. 

Колумбаев (Мақтарал), бір үш бірдей даңқ орденінің иегері К.Қалтаев, 1945 жылғы Жеңіс шеруінің 

11 қатысушысы, 11 Ленинградта қоршауда болған адамдар мен дәл сондай мөлшердегі фашисттік 

концлагерлердің тұтқындары, жеті барлаушы партизан, полктың екі ұлы И. Сандуров пен А. Жит-

кун қатысты.

Қуандық  Оразбекұлының  басқаруымен  көп  томдық  «Боздақтар»  атты  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  естелік  кітабын  жазып  шықты.  Қуандық  пен  оның  достары  үлкен  жұмыс  атқарды: 

Оңтүстік  Қазақстан  өңірінен  шығып  қайтыс  болған  және  хабар-ошарсыз  кеткен  әрбір  жауынгер 

үшін 97 775 карточка түзіп, құнына баға жетпес мұрағат жасады. 

Петр Павлович Потапкин, Михаил Агаджанович Петросян, Михаил Петрович Усанов – соғысқа 

қатысушылар,  «Манкентсельмаш»  ардагерлері,  осы  ұйымды  құрып,  көптеген  жылдар  бойы  осы 

жерде қызмет атқарды. Олар соғыс алаңынан қайтып оралып, ауылдық жерде осы машина жасау 

алпауытын құрады. 

2000 жылы Жеңіс шеруіне Әділ Сасбұқаев пен Әлихан Кішкенбаев қатысты. Осы батырлар жай-

ында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшілері 2000 жылдың 28 сәуіріндегі және 9 мамырындағы 

сандарында әңгіме еткен. Оңтүстік қазақстандықтардың арасынан 51 жауынгерге Кеңес Одағының 

Батыры атағы берілді, 8 адам Даңқ орденінің толық иегері атанды. 

Белоруссия Республикасының Ұлттық Мұрағатында 4, 3500, 3941, 3957, 1401, 1403, 1406 және 

т.б. қорлар бар. Аталған қорларда біздің республикадан шыққан түлектердің есептік карточкалары 

түзілген.  Олардың  арасынан  көп  жапа  шеккен  белорусь  жерін  батырлықпен  қорғаған  біздің 

жерлестерімізді атап кетуге болады:  Қосаев Н.Ж.,  Қосқабасов А.,  Тауажаров Т.,  Тайшыбеков Ж.,  

Тайбұзаров Ж.Т., Тайжанов З.Ж., Тоқсамбаев Ф.(П.)Т., Тоқтасынов А.А. [9].

Кеңестік  қоғамның  соғыс  алдындағы  мәселелері  мен  қарсылықтарына  қарамастан,  кеңестік 

адамдардың патриоттығын атап айту керек. Олар берілген бұйрық бойынша емес, ар-намыс пен 

азаматтық борыштың нұсқауымен партизан мен астыртын жұмыс істейтін адамдар болып жұмыс 

істеді.  Әңгіме  КСРО  халықтарының  өмірі  немесе  өлімі  жайында  болды.  Ресей,  Белоруссия, 

Қазақстан және т.б. ұлттық кеңестік республикалардың ары қарай қызмет етуі немесе жойылуы 

туралы еді. Осылайша, қазақстандықтар өз жерін, Отанының абыройы мен қадiр-қасиетін қорғай 

отырып, өз азаматтық борышын атқарды. 

Қазақстандықтардың  ерлігі  Ұлы  Отан  соғысының  даңқтық  шежіресіне  алтын  әріптермен 

жазылған. Бұл бүкілхалықтық батырлық болатын, қазақстандықтар басқа да ұлт өкілдерімен бірге 

әулие жеріміз, Отанымыз үшін өз қандарын төкті.

Ұлы Отан соғысының отты жылдары уақыт өткен сайын алыстағанмен, келешек ұрпақ халық 

ерлігінің  ұлылығын  және  Отан  үшін  жан  аямай  арпалысқан  батырлардың  есімдерін  ешқашан 

ұмытпақ емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   636   637   638   639   640   641   642   643   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет