Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет792/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   788   789   790   791   792   793   794   795   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

490


қоғам  өміріне  тереңдеп  енді,  еркін  жұмыс  күші  мен  меншіктің  көптүрлілігі  сияқты  факторлар 

әлеуметтік-экономикалық  өмірімізде  тың  өзгерістер  туғызса,  саяси  сала  азаматтық  қоғам 

институттарының  іргесі  қалануы,  сөз  бостандығы,  ой-пікірлердің  сан-алуандығы  сияқты  жаңа 

құндылықтармен  ерекшеленіп  отыр.  Ең  басты  да  маңызды  ерекшелік 

  Қазақстан  егемендігінің 



өзіндік күрделі этносаяси әрі құқықтық табиғаты бар. Бұл – мемлекеттің негізін құраушы  төл ұлт 

 қазақтарды ұлттық бастауы мен дәстүрлеріне қайта оралтатын ұлттық егемендігі, Қазақ елінің 



біртұтас  халқының  этносаяси  бірлестігі  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  осындай 

күрделі этносаяси құрылымына зерттеуші Әбсаттаров Р.Б. төмендегідей ғылыми анықтама береді: 

“Қазақстан  Республикасының  этносаяси  құрылымы  дегеніміз 

  ұлтаралық  қатынастың  және 



бірыңғай  (унитарный)  мемлекеттің  көп  ұлтты  құрамын  құраушы  дос  пейілді  ұлттар,  ұлыстар, 

ұлттық және этникалық топтардың өкілдері арасындағы қатынастардың жиынтығы мен әлеуметтік-

этникалық қауымдастықтардың дамуын ұйымдастыру жолдары болып табылады” [1].

Осы жерде тақырыптың зерттеу мәселесіне тереңдемей тұрып, еліміздің құрамындағы ұлттар 

мен  ұлыстар,  ұлттық  және  этникалық  топтардың  кімдер  екенін  анықтап,  ара-жіктерін  ашып 

алу қажеттілігі туындайды. Оған қоса, бұл ұғымдар осы ғылыми зерттеу жұмысындағы зерттеу 

нысанының  маңызды  құрамдас  бөлшектері  болғандықтан  да,  олардың  басын  ашып  алғанымыз 

алда талай мәселенің мазмұнын ашуға септігін тигізері сөзсіз. Біз бұл тұрғыда алыс-жақын шет 

елдік зерттеушілердің ебектеріндегі “ұлт”, “ұлыс”, “ұлттық және этникалық топтар” ұғымдарына 

берілген анықтамаларды негізге ала отырып, мәселенің мәнін ашуға тырыстық. Зерттеушілердің 

көзқарастарындағы негізгі ойлар мынаған келіп саяды: ұлт дегеніміз – тарихи ұзақ кезең барысында 

тайпалар,  рулар  мен  тайпалық  одақтардың,  нәсілдердің  бірігуі  мен  «араласуыныңң  нәтижесінде 

қалыптасатын әлеуметтік-этникалық бірліктің ерекше дамыған түрі. Мұндай әлеметтік-этникалық 

бірлік экономикалық байланыстар, территория, тіл, діл (менталитет), мемлекет сияқты белгілердің 

ортақтығы  негізінде  туындайды.  Ал  қазақ  үлтын  қалыптастырушы,  этносжасаушы  белгілеріне 

келетін  болсақ,  шешуші  белгілер  ретінде  –  ортақ  территорияның,  ортақ  мемлекеттің,  ортақ  тіл, 

ортақ салт-дәстүрлер мен діл, дін, ортақ психологиялық ерекшелік және ортақ этногенетикалық 

тектің болуын айтуымызға болады.

Алайда,  әлемдік  этностардың  қалыптасу  процесі  өте  күрделі  екендігін  ескерсек,  олардың 

қалыптасып дамуы да әр қилы: жер шарындағы екі мыңнан астам ірілі-ұсақты этностардың әрқайсысы 

өзін  жеке  этнос  ретінде  сезінуі  мен  ұлттық  сана  сезімінің  (национальная  самоидентификация 

и  национальное  самосознание)  оянуы  біркелкі  емес.  Сондықтан  барлық  этностардың  ұлттық 

белгілерін айқындайтын ортақ жүйені жасау ақиқаттан алшақ жатқан іс. Мысалы, И. В. Сталин 

1913  жылғы  “Марксизм  және  ұлт  мәселесі”  деген  еңбегінде  ұлтқа:  “…тілдің,  территорияның, 

экономикалық өмір ортақтығы мен психологиялық ұқсастықтың, мәдениеттің бірегейлігі негізінде 

тарихи қалыптасқан адамдар бірлігі” 

 деп анықтама беріп, “бұл белгілердің бірі жоқ болса ұлт ұлт 



болудан қалады” 

 деген тұжырымы Кеңес Одағында ұлт мәселесін шешу моделінің негізін салған 



еді [2]. 

Бірақ бұл қағида мәселеге бір жақты ғана қарағандығы байқалады, өйткені, кейбір этностар 

қалыптасуында ортақ экономика, ортақ мемлекет болуы шешуші роль атқарса, екінші бір этностың 

өмірге келуінде ортақ тағдыр, ортақ тіл, ортақ психология шешуші рөлге ие. Ал үшінші бір этностың 

миллиондаған адамдар топтарын жаңа жер, өмір сүру кеңістігін іздеу барысында қалыптасуы және 

бар. Олай болса, “этнос”, “ұлт” деген ұғымдарға анықтама беруде олардың қалыптасуы мен өмір 

сүру  үлгісінің  әр-алуандылығына  байланысты  сан  алуан  теориялық-әдістемелік  қағидалардың 

болуы да заңды құбылыс. 

Қазіргі ғылымда ұлтты анықтаудың француздық және немістік моделдері кең танымал болып 

отыр: француз моделінде 

 ұлт “отандастар”  ретінде, ал неміс моделінде 



 ұлт діл, мәдениет, тіл 

т.б ерекшеліктермен анықталады. Кеңестік дәуірдегі ғылымда басым болған ұлт белгілері: ортақ 

шаруашылық,  ортақ  территория,  ортақ  мемлекет  қандай  маңызды  болғанымен,  әлемдегі  барлық 

ұлттардың қалыптасуындағы міндетті, әмбебап белгі емес. Этносжасаушы белгілер әрбір ұлттың 

тарихи  тағдырына  байланысты  әр-түрлі  болуы  –  табиғи  заңдылық.  Демек,  әр  бір  этностың 

қалыптасуы барысында этносжасаушы белгілердің барлығының да болуы міндетті емес. Көптеген 

ірілі-ұсақты  этностардың  қалыптасуында  этносжасаушы  белгілердің  түгелдей  болмайтындығын 

әлемдік тәжірибе әлдеқашан дәлелдеді.

Мәселен,  өздерінің  біртұтас  территориясы,  мемлекеті  мен  экономикасы  жоқ,  түрлі  елдердің 

құрамында  шашыраңқы  отырған  күрдтер,  сығандар,  дұнғандар,  гагауздар  сияқты  басқа  да 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   788   789   790   791   792   793   794   795   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет