№ 3 (106) 2015
493
Ұлт мемлекеттіліксіз өмір сүре алмайтынын ескерсек, қазақстандықтар ішінде қазақ ұлтының
тарихи орны ерекше, себебі, қазақтар мемлекет құрушы ұлт. Мемлекет
–
Қазақстан деп аталады,
яғни, “қазақтар елі”, демек, енді мемлекет құрушы ұлт осы елдегі өзге этностар тағдыры туралы
өздеріне саяси жауапкершілік алуы шарт. Олай болмаса, мемлекет ішінде этностық коллизиялар бола
бермек. Мемлекет бірлігіне жауапты ұлт, соны құраушы ұлт, демек, оның тарихи жауапкершілігі де
ерекше. Сондықтан қай ұлтқа жататынына қарамастан, барлығы үшін даму мүмкіндіктерінің бірдей
болуы мен барлығының заң алдында тең принципін жүзеге асырушы республикадағы байырғы
ұлт
–
қазақтардың мүддесі жекелеген жағдайда бірқатар мемлекеттерде орын алып отырғанындай,
ерекше бөліп айтылатыны да әбден орынды.
Этностың мемлекет құруға қабілеті ең алдымен оның басқа ұлттың өкілдерімен ынтымақта
ғұмыр кешу, республикада тұратындардың барлығы Қазақстанды өз Отаны деп есептеуі үшін
қажетті ахуалды ұстау ниеті мен қабілетінен байқалады. Басқадай айқындама тығырыққа әкелері
анық, және жоғарыда айтылғандардан қазақ ұлтының республика халқын топтастырушы, мемлекет
құрушылық миссиясы көрініс табады. Бұл миссиядағы келесі бір маңызды мәселе – сол мемлекет
құраушы, ел халқын топтастырушы ұлттың тұтастығы.
Қазақ ұлтына тән ерекшеліктердің бірі – атам қазақтың үш жүзге (Ұлы-Орта-Кіші), әр жүздің
ондаған ру-тайпаға бөлінетіндігі. Бәріміз де “Жеті атасын білмеген
–
жетесіз” деген аталы сөзді
құлағымызға құйып өскен азаматтармыз. Мұндай заңдылық (экзогамия) жақын адамдардың қан
араластырмауына ықпал ететінін, ол өз кезегінде, сау да саналы ұрпақ жалғасуына көмектесетінін
қазіргі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр.
Мәселенің қиын жері сол, “алтау ала болса, ауыздағы кетедінің” кері келіп, тарихта жүзге, руға
жіктелу көп опық жегізгендігінде. Өткенімізге үңілсек, рулық-тайпалық идентификация өзінің
жақсы жақтарымен қоса, кемшілікті тұстарымен де мен-мұндалап көзге түседі. Ол көбінесе ру мен
ру, тайпа мен тайпа, жүз бен жүз арасындағы мүдделік теке-тірес пен ірілі-ұсақты жанжалдардың
қайнар көзі болып, ұлттық мемлекеттіліктің тамырына балта шабушы бірден-бір себепке айналып
отырған. Бұл бүгінгі күнгі рулық-тайпалық идеологияның жандануы тәуелсіз жас Қазақстанның
нығаюына кері әсер етіп, оның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деген сөз. Сондықтан Н. Ә.
Назарбаев қазақ ұлты, оның озық ойлы азаматтары “…біздің тарихымыздың рулық мәселелеріне
көңіл аударғанда, одан туындау мүмкіндігі бар жағымсыз зардаптарды нақты бағалай білуі тиіс”
деп көрсетеді [7].
Мемлекет құрушы этностың иығымен көтеретін міндеті күрделі әрі көп астарлы: мұнда сол
ұлттың ішкі тұтастығы; жеке адамдар қатынасы, яғни, этносаяси қауымдастық ішіндегі түрлі ұлт
өкілдері арасындағы; ұлтаралық деңгейде
–
ұлттар, ұлыстар мен этникалық топтар арасындағы;
халықаралық дәрежеде – егеменді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас мәселелері біте
қайнасып жатыр. Саясаттанушы әріптесіміз Н. В. Романова мұндай күрделі процесстің өзара
байланысты үш деңгейін көрсетеді: біріншіден, Қазақстандағы этностардың ішкі өзгерістерге
ұшырап, модернизациялану бағытында болуы; екіншіден, республикадағы ұлтаралық, әсіресе үлес
салмағы басым орыс-қазақ қатынастарының үйлесуі; үшіншіден, сыртқы күштердің Қазақстандағы
ұлтаралық жағдайды тұрақтандыруға, немесе тұрақсыздандыруға ықпал етуі [8].
Басқаша айтқанда, ішкі факторлармен үйлесімділік табумен қатар, сыртқы қоршаған әлемге
сай ыңғайлану, халықаралық деңгейдегі “ойын ережелерін” тез де ұғымды түсініп, нақты қадам
жасай білу қабілеті мемлекет құрушы этнос үшін тағы да бір сынақ. Қазақстандық ұлт саясатының
негізінде жатқан дамыған жеке меншікті, азаматтық қоғамды, парламентаризмнің тұрақты
дәстүрлерімен суарылған демократиялық принциптер мың құбылып өзгеріп, күннен күнге дамып
жатқан әлемдік жаһандану (глобализация) ағымына бейімделмейінше болашағы бұлыңғыр елге
айналмақ. Бұл сондай-ақ, республика модернизациялануының да басты шарты: модернизацияны
сөзбе-сөз түсіндірсек те, “заман талабына сай жаңалану, қандай да бір болмасын нәрсені қазіргі
заманғы нормаларға, бағамдарға (стандарттарға) сәйкестендіру болып табылады” [9].
Ең бастысы мұндай даму мемлекеттің өзіндік өркениетті-мәдени деңгейінде жүруі тиіс. Бұл
әсіресе реформалану кезеңі толық аяқталмаған Қазақстан секілді мемлекет үшін аса маңызды:
қоғамның өтпелі күй кешіп отырған сәтіндегі әлемдік экономикалық жүйеге кіру, ақпараттық
алмасудың тереңдеуі, шетелдік бұқаралық арзан-қол мәдениеттің жаппай таралуы тасасында
елдің өзіне тән жекелік ерекше сапалары жойылып кету қаупі де жоғары. Модернизациялану ішкі
ерекшеліктерді есепке алмай, таза күйінде еуропалық немесе американдық үлгіде жүрсе, оның
зардаптары күштеп ұжымдастыру зардаптарынан асып түспек. Ел Президенті осыған байланысты
|