Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет793/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   789   790   791   792   793   794   795   796   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

491


өздерін белгілі бір ұлт өкіліміз деп есептейтін халықтар бұған тағы бір дәлел. Бұлар – ортақ тіл, 

мәдениеттерінің  ерекшеліктері  ұқсас,  ділі  мен  психологиялары  тамырлас  түрлі  тайпалар  мен 

тайпалық одақтардың араласуы барысында қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік-этникалық 

қауымдастығы 

 ұлыстарды құрайды. Ұлт пен ұлыстың негізгі айырмашылығы осында.



Ал этникалық және ұлттық топ ұғымдарына кейбір зерттеушілердің еңбектерінде төмендегідей 

дәйекті анықтамалар берілген: этникалық топ 

 “…тілі, ділі мен психологиясы, ортақ тарихы мен 



шығу тегінің тамыры бір екенін білдіретін ұлттық сана-сезім, мәдениет, әдет-ғұрып, тұрмыс жайы 

сияқты өткеннің этнографиялық мұрасы ретіндегі ортақ ерекшелік белгілері бар, әлеуметтік бірлік 

негізінде  өзара  бірлескен,  этностың  бір  бөлшегі  болып  саналатын,  олармен  әлсіз  байланыстағы 

адамдар  бірлігі”  [3].  Әдетте,  күнделікті  өмірден  славяндық  этникалық  топтар,  англосаксондық 

этникалық топтар сияқты т.б. сөз тіркестерін жиі кездестіреміз. 

Ал ұлттық топтар белгілі бір мемлекетте байырғы емес, кіріккен ұлт болып саналатын, шығу 

тегі,  тілі  мен  мәдениеті  бойынша  өздерінің  негізгі  этносымен  туыстас  адамдар  қауымы  болып 

табылады.  Ұлттық  топтардың  өзінің  байырғы  жұртымен  әлеуметтік  байланысы  әлсіз,  кейде 

кездейсоқтық мәнде. Олардың жалпы байланысы – басты ұлттық ерекшеліктерінің ортақтығында. 

Ұлттық топтарға Қазақстанға кіріккен басқа ұлт өкілдерін 

 қазақстандық орыстарды, немістерді, 



украиндарды, өзбектерді т.б. диаспораларды жатқызамыз. 

С. С. Сартаевтың көрсетуінше, “Қазақстандағы ұлттық процесстердегі шындыққа келсек, елдің 

тарихи Отанында бір ұлт, бір халық бар. Ол 

 қазақ этносы. Ал республикадағы басқа ұлттар мен 



ұлыстар  өкілдері  басқа  жерде  тарихи  Отандары  бар  Қазақстандағы  диаспоралар,  ирриденталар. 

Қазақстан  орыстарын,  өзбектерін  тағы  басқаларын  “Қазақстандағы  орыс  диаспорасы”, 

“Қазақстандағы  неміс  диаспорасы”  т.с.с.  ұғымдармен  атау  дұрыс.  Қазақстандағы  орыс  халқы, 

өзбек халқы, неміс халқы т.с.с. деген ұғымдар негізсіз. Себебі, елдегі диаспоралардың төл тарихи 

отандары бар. Ресей - Қазақстан орыстарының тарихи отаны, Өзбекстан 

 Қазақстан өзбектерінің 



тарихи  отаны  т.с.с.  Отанынан  шашырап  кеткен  халықтың  бөліктері  диаспораға  айналады.  Осы 

секілді қазақ халқының да диаспоралары жер шарының 40-қа жуық мемлекетін мекен етуде” [4]. 

Бұл дегеніміз – миллиондаған қазақ ағайындарымыз тарихи Отанына тысқары жерлерде өмір 

сүріп жатыр деген сөз. Бірақта олар өз этногенетикалық тегін, тілін, ділін, дінін сақтай отырып, 

бір жағынан, қазақ ұлтының өкілі; екінші жағынан, өзі тұратын белгілі бір шет мемлекетінің тең 

құқықты азаматтары.

Сәйкесінше,  “қазақстан  халықтары”,  “қазақстандықтар”,  “Қазақстан  тұрғындары”  сияқты 

полиэтноәлеуметтік қауымдастыққа қатысты ұғымдарды “қазақ ұлты”, “қазақ этносы” ұғымдарымен 

шатастыруға  болмайды.  Олай  болған  жағдайда  “…қазақ  этносын  көтеру,  оны  сақтау,  ұлттық 

мұраттарды айшықтау мәселелері жалпымемлекеттік мәселелер қатарында тұншығады”, 

 деген 


саясаттанушы С. М. Борбасовтың пікіріне толық қосылуымызға болады [5].

Осы жерде мынадай қорытынды туындайды: қазақ халқына қатысты “этнос” және “ұлт” деген 

ұғымдарды қолдануға әбден болады. Бұл деңгейлердің ерекшелігі – этногенетикалық тегінің, дәстүр-

салты  мен  рухани  мәдениетінің  ортақтығы  жағынан  қазақ  халқы  этнос,  ал  ортақ  территориясы, 

ортақ шаруашылығы, өзіндік мемлекеттілігі болуы қазақ этносын ұлт деңгейіне көтереді.

Оның мәнісі былай: “этнос” ұғымы гректың “etnos” 

 “халық, тайпа” деген түсінікті білдіретін 



сөзі. “Этнос” терминін екі мағынада түсінген абзал: біріншіден, этникос; екіншіден, этноәлеуметтік 

организм ретінде.

Бір этникосқа  өз елінің ауқымынан тыс жерлерде тіршілік етуші сол этностың барлық топтары 

жатады.  Мысалы,  Түркиядағы,  Қытайдағы,  Ирандағы,  Германиядағы  және  әлемдегі  басқа  да 

елдердегі шашырап жатқан қазақтар біртұтас этникос құрайды.

Ал этноәлеуметтік организм міндетті түрде ұлттық мемлекеттілікпен үзілмес бірлікте. Мысалы, 

қазақы этноәлеуметтік организмге міндетті түрде тек Қазақстан Республикасында тұратын қазақтар 

ғана жатады [6].

Этнос  белгілі  бір  территорияны  мекен  етуші,  өздеріне  тән  сапалық  өзгешеліктерге,  жалпы 

тұрақты тұрқы мен мәдени ерекшеліктеріне ие, өздерінің бірлігін, өз тұтастықтарын сезінуші және 

басқа  да  осы  сияқты  құрылған  бірлестіктерден  ерекшелейтін  –  тілі,  ұлттық  мәдениеті,  дәстүрі, 

әдет-ғұрып, мінез-құлық үлгілері т.б. бар адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты тобы, күрделі 

қоғамдық-тұтас жүйесі.

Этнос үш даму типіне бөлінеді: тайпа, ұлыс, ұлт. Ру тайпалық байланыстар, алғашқы қауымдық 

құрылыстың  эволюциялық  дами  келе,  көптеген  тайпалардың  мүдделері  мен  мақсаттарының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   789   790   791   792   793   794   795   796   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет