Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет794/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   790   791   792   793   794   795   796   797   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

492


ортақтық сипатына орай, олардың белгілі бір территорияға ұйысып, соның шеңберінде тайпалық 

одақтар  құруына  ұласты.  Бұл  одақтар  мен  бірлестіктердің  құрылуы  өз  кезегінде  тайпааралық 

шаруа-экономикалық байланыстардың дамуына, тайпалардың бірте-бірте қосылуына, тұтасуына, 

қандық-туыстық байланыстардың орнына территориялық байланыстар келуіне ықпал етті. Осыған 

байланысты ұлыс тек тайпалардың одағы мен бірлестігі ғана емес, тайпалар бірігуі нәтижесінде 

өздерінің даралық ерекшеліктерін жоғалтатын, олардың жері ортақ территорияға айналып, соның 

негізінде  экономикалық  байланыстар  жүзеге  асатын,  және  біріккен  тайпалардың  барша  халқы 

мемлекет көмегімен ортақ басқаруға бағынатын бірлестікке айналады. Бұған мысал ретінде ежелгі 

орыс княздықтарының ұлыстарын, алғашқы  Қазақ хандығына Жәнібек пен Керей хан бастауымен 

біріккен қазақ ру-тайпаларын жатқызуымызға болады. 

Осылайша, ұлыс 

 өзінің ортақ территориясы, тілі, экономикалық өмірі, мәдениетінің өзіндік 



ерекшеліктерімен  сипатталатын,  тайпалардың  араласуы  мен  тайпалық  одақтар,  бірлестіктердің 

құрылу процесінде тарихи қалыптасатын адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығы. Оның 

ұлттан айырмашылығы жоғарыда айтып өткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық байланыстардың, 

және  оның  негізінде  жатқан  басты  шарттардың  даму  дәрежесі  мен  деңгейінде.  Яғни,  ұлт  түрлі 

тайпалар мен ұлыстарға, түрлі этникалық және расалық типтерге жататын адамдардан құралады. 

Мысалы, неміс ұлты фриздер, готтар, ботавалар, англдар, вандалдар, баварлар, бургундар, гауттар, 

кельттер, франктар, сакстар сияқты тағы да басқа көптеген түрлі антропологиялық және расалық 

типтерге жататын тайпалар мен ұлыстардан құралған. 

Мұндай  көріністі  әлемдегі  әр  бір  ұлттың  қалыптасу  процесінен  байқауымызға  болады.  Сол 

сияқты  қазақ  ұлты  да  түрлі  этникалық  және  расалық  типтерге  жататын  жүзден  аса  ру-тайпалар 

мен ұлыстар негізінде құрылып, қалыптасты. Қазақ этносының ұлттық мемлекеті КСРО құрамында 

да  ресми  мойындалды.  Ал  ХХ  ғасыр  соңында  қазақ  халқы  өзін-өзі  билейтін  қазақ  ұлтының 

мемлекеттілігі  ретінде 

  Қазақстан  республикасын  құрып,  егеменді  ел  ретінде  әлемге  танымал 



болып отыр.

Этнос  пен  ұлт  деңгейлері  үшін  жоғарыда  айтылған  факторлармен  қоса,  сондай-ақ,  халықта 

өзінің халықтығын, арын, абыройын, қолда барын (кең мағынада – жерін, елін, малын, қазынасын 

т.б.) қорғай да, сақтай да, қастерлей де білуге жетелейтін, мәжбүр ететін, көмектесетін рух та, намыс 

та, мерей де, мыс та болуы шарт.

Сонымен  мәселенің  ақ-қарасын  ашып,  Қазақстанның  тарихи  қожайыны 

  қазақ  халқы,  ал 



басқа  ұлттар  мен  ұлыстардың  кіріккен  өкілдері  Қазақстанды  Отаным  деп  есептейтін,  оның  тең 

құқықты азаматтары екендігін, олардың қазақ этносымен тыныс-тіршілігі тағдырлас республика 

тұрғындары  екенін  анықтадық.  Бұлардың  барлығы  да  ұлттық  процесстердегі  өзара  қатынасқа 

түсуші субъектілер болып табылады. Бұл қатынас ұлтаралық және этникааралық сипатта жүреді: 

ұлттық қатынастар – жеке мемлекет шеңберінен шығып, мемлекетаралық қатынастарға араласып, 

жекелеген  ұлттардың  әлемнің  басқа  ұлттарымен  ара-қатынасын  көрсететін  ауқымы  кең  деңгей. 

Ал этникааралық қатынастың ауқымы тар – ол көпұлтты мемлекет шеңберіндегі түрлі этникалық 

топтардың өзара қарым-қатынасын көрсетеді.

Бұл  жер  шарының  барлық  мемлекеттеріне  тән  әлемдік  мәндегі  құбылыс  болғандықтан,  кез 

келген көпұлтты мемлекет үшін басты міндеттердің бірі – осы бір “қиын түйінді”  шешу болып 

табылады.  Турасын  айтқанда,  азаматтарының  басы  ортақ  ерік  пен  мақсат-мұраттарға  бірікпеген 

мемлекеттің өмір сүру мүмкіндігі неғайбыл.

Кезінде  ежелгі  Рим  ойшылы  Саллюстий:  “Келісім  болса,  болмас  істің  өзі  көркейіп  өседі, 

келісімшілік  жоқ  жерде  ең  ұлы  істер  опат  болады”, 

  деген  екен.  Сондықтан  да  Президентіміз 



көрсеткендей, көп ұлтты халықтың әлеуметтік тұрақтылығы мен мүдделерінің серпінді тепе-теңдігі 

Қазақстан  Республикасының  қалыптасу  және  даму  процесін  әрқашан  да  айқындайтын  болады. 

Осыны айқын сезіне отырып, Қазақстанның гүлденуі үшін республиканың барлық халықтарының 

ынтымақтасуына, әр адамның бақыты мен бостандығына, барлық азаматтардың материалдық және 

рухани мәдениетін көтеруге қамқорлық жасалуы тиіс.

Қазақ  халқының  әуелден-ақ  басқа  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілдерімен  ынтымақтық  пен 

татулықта тұра білетін дәстүрлі салиқалығына, олардың табиғи  кеңпейілділігі мен көршілерінің 

мүддесіне  терең  құрмет  көрсететіндігіне  сүйене  отырып  бұл  мақсатқа  жетуімізге  толық 

мүмкіндігіміз бар. Қазақстанда өмір сүретін басқа да халықтар тарапынан қазақ ұлтының қайта 

өрлеуіне  деген  табиғи  ұмтылысына  кеңпейілділік  пен  түсіністік  республикадағы  татулық  пен 

достықтың іргетасына айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   790   791   792   793   794   795   796   797   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет