Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Психологиялық-педагогикалық консилиум шеңберінде мамандардың өзара әрекеттестігі



бет59/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87
Психологиялық-педагогикалық консилиум шеңберінде мамандардың өзара әрекеттестігі

Инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту жағдайында заманауи білім берудің тиімді дамуы, әр білім алушының ерекшеліктерін, оның психологиялық-дене дамуының ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып баланың жеке бағытын және оны кәсіби қолдау жолдарын анықтай білуді талап етеді. Аталған міндет инклюзивті білім беру ортасын құрудың базалық компоненті болып табылуы тиіс, оның орындалуы мамандардың көп пәнаралық өзара байланыстарын ұйымдастырмайынша мүмкін емес.

Психологиялық-педагогикалық қызмет аясында мамандардың ынтымақтастығы барысында, тиімді байланыс жасауларының келесі параметрлерін ескеру қажет:


    • баланың ерекшеліктерін және даму деңгейін, оның ресурстық мүмкіндіктерін есепке алу;

    • бейімделу және әлеуметтену міндеттерінің басымдылығы;

    • «қажетті маманның дер кезінде» баламен жұмыс істеуге

«араласуының» қолайлы бірізділігі;

    • ата-аналардың баланың әлеуметтенуі мен білім алуға бейімделуіне қатысуы, олардың мамандармен серіктестік қарым-қатынасы.

Құрылған бейімді білім ортасы, оқу-тәрбие процесінің барлық мүшелерінің мінез-құлық мәдениеті, толеранттылығы, әр білім алушы үшін білім сапасының жоғары болуы мультипәндік команда күшінің нәтижесі болып табылады.

Мультипәндік команданың іс-әрекеті әр мұғалімнің келесі қағидаларды сөзсіз қабылдауларына негізделуі тиіс:

– инклюзияны бірегей психологиялық-педагогикалық идеология мен стратегия ретінде мойындау;


    • маманның байланысты пәндерге қызығушылығы, білімнің түрлі салаларынан хабардар болуға және жаңашылдыққа, жаңа білімді меңгеруге дайын болу;

    • команданың барлық мүшелерін сыйлау, өзара түсіністік, ашықтық, бір-біріне көмек көрсетуге дайын болу;

    • команданың барлық мүшелерінің білім беру процесіне бірдей қатысуы, жалпы жұмыстың нәтижесіне жауапкершілік;

    • команда мүшелері арасында рөлдердің айқын бөлінуі, педагогикалық нақты міндеттерді орындауға қатысудың алғышарттарын ұстану.

Аталған қағидалар психологиялық-педагогикалық қолдаудың барлық кезеңдеріндегі командалық жұмысқа қатысушы мамандардың ресурстарын оңтайлы қолдану арқылы, бала мен оның отбасының мәселелерін кешенді және тиімді шешуге жағдай жасайды.

1968 жылы ресейлік белгілі психологтар А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.А.Смирнов ұсынған психологиялық-педагогикалық консилиум (ППк) мамандарының көп пәнділік қағида жұмысы, баланың дамуын бағалауды кешенді жүзеге асыру мақсатында консилиумның барлық мамандарының деректері мен пікірлерін бірдей есепке алу қажеттігін болжайды.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, ерекше көзқарасты талап ететін балалар мен жасөспірімдерге жан-жақты және құзыретті көмек беруді қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымдарында және командадағы мұғалімдердің іс-әрекетін үйлестіруде, психологиялық-педагогикалық консилиумдар (ППк) құру ұсынылады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ППк барлық дерлік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтінін атап өту қажет. Бірақ оның қызметінің жүйесі барлық білім беру ұйымдарында бірдей нақты емес. Кейбір мектептерде, бала бақшаларда немесе колледждерде консилиум мамандарының командалық кешенді жұмыс атқаруына әкімшілік тарапынан қажетті қолдау көрсетілмейді, сол себепті ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің нәтижелі болу жауапкершілігі жекелеген маманға немесе мамандарға (педагог-психолог, дефектолог немесе логопед) жүктелуі мүмкін. Психологиялық-педагогикалық консилиум – бұл ең алдымен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының кәсіпаралық ынтымақтастығының түрі, яғни білім алу және тәрбие процесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға көмек көрсету стратегиясын бірігіп жасайтын барлық педагогтар ұжымы.

Кеңесші орган ретінде консилиумның негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізілген балаларды қолдау стратегиясын анықтап және түзету-дамытушылық жұмыстарын жүргізудің жеке жоспарларын әзірлеп қана қоймай, баланың дәстүрлі ортаға әлеуметтенуіне, неғұрлым жоғары деңгейде әлеуметтік бейімделуіне арналған шаралар мен жолдарды анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет