Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
ҚОРШАҒАН ОРТА 
 
Биосфера және оның тұрақтылығы 
Биосфера  (грек.bios  -  өмір  және  sphaira  -  шар)  –  барлық  тірі 
ағзалардың тіршілік ортасы.  
        Биосфера  қабығының    пайда  болуы  және  оның  тарихи  дамуы  – 
қазіргі  жаратылыстану  ғылымының  өзекті  мәселелерінің  бірі.    
Биосфера  ілімінің  қалыптасуын    негізінен    атақты  француз  
табиғаттанушысы  Ж.Б.Ламарк  (1744-1829)  есімімен    байланыстырады. 
Биосфера    өзгеше    бір    жер  қабықшасы  екендігі  туралы    анықтаманы  
және    биосфера  терминін    ұсынған  белгілі  австриялық  геолог  Э.Зюсc, 
1875  ж.  В.И.Вернадский  Э.Зюстің  ”биосфера”  ұғымын    пайдалана 
отырып,  оған    биогеохимиялық    мазмұн  берді,  өзінің  геохимиялық   
зерттеу  жұмыстарының    нәтижесінде    жер  бетіндегі  геохимиялық  
құбылыстардың    жүруі  үшін  және  жер  бетінің    қалыптасуында  тірі 
ағзалар рөлінің өте зор екендігін атап көрсетті. Ол 1926 жылы жарыққа 
шыққан “Биосфера” атты еңбегінде биосфера жөніндегі  жалпы  ілімді  
қалыптастырды.  1926   жылы   Ленинград    қаласында,  үш    жылдан  соң 
Парижде  және  кейінірек  Берлинде  В.И.Вернадскийдің  “Биосфера” 
деген  жалпы  атпен  “Космостағы  биосфера”,  “Өмір  аймағы”  атты 
очерктері  жарық  көрді.  Ж.Б.Ламарк  болса  тірі  ағзалар  мен  олардың 
өмір  сүретін  ортасы  арасындағы    өзара    қарым-қатынастары,  өлімі 
туралы терең талдаулар жасаған. Атақты табиғаттанушы және географ  
А.Гумбольт  (1769-1858  жж.)  өзінің  5  томдық  “Космос”  деп  аталатын 
еңбегінде  сол  кездегі  жер  мен  космосқа  талдау  жасай  отырып,  барлық 
табиғи  процестердің  бір-бірімен  байланысты  болатындығы  туралы 
пікірді  дамытты.  Кейінірек    В.В.Докучаев  өсімдіктер  мен  жануарлар 
және  жер  арасында  заңды  байланыстар  барлығын  тұжырымдады. 
Биосфера  бізді    қоршаған  ортаның  тіршілік  қабаты.  ХХ  ғасырдың  
басында  В.И.Вернадский  биосфера  туралы  еңбегінде  /1926  ж./  оның 
Жер  жүйесінің  ең  бір  жаhанды  өлшемі  екенін    айтқан  болатын. 
Биосфера деп В.И.Вернадский Жердің жұқа қабығын (қыртысын), онда  
тірі ағзалардың  тікелей  ықпалымен болып жататын күллі процестерді 
түсіндіреді.  Биосфера    туралы  қағидалар  мен  фактілер  биология  
(ботаника,  зоология  т.б.)  және  геология    ғылымдарының    дамуына 
байланысты жинақтала бастады.    
Биосфераны  анықтайтын  екі  ұғым  бар,  оның  бірі  осы  термин 
пайда  болғаннан  бері  белгілі.  Бұл    биосфераны  жердегі  барлық  тірі 
ағзалардың жиынтығы  ретінде түсіну. В.И.Вернадский  тірі  және тірі  
емес  жүйелердің   өзара  әрекеттерін     зерттеп,   ажырамас    тірілер   мен 
тірі    емес    жүйелердің    байланыстары  принципін  ұсынды.  Ол 
биосфераны  тірілер  мен    тірі  еместер  бірлігінің  сферасы  /саласы/ 


 
18
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
ретінде  түсінді.  Биосферадағы  тіршілік  пен  тірі  емес  заттың 
біртұтастығын көрсетті.  
Планетадағы  ағзалардың  барлық  жиынтығын  В.И.Вернадский 
тірі зат деп атап, “Жердің беткі бөлігінде  тірі ағзалардан артық күшті 
және  үнемі  әрекет  ететін  химиялық  күш  жоқ”  деп  жазды.  Тірі  заттың 
негізгі  сипаттамасы  ретінде    массаның,  химиялық  құрамы  мен 
энергиясының 
жиынтығын 
қарастырды. 
В.И.Вернадский  
тұжырымдаған    константалық    заңы    бойынша:  биосфераның  тірі 
затының    мөлшері  (берілген  геологиялық  кезең  үшін)  тұрақты 
(константа) шама болып  табылады.  
          В.И.Вернадский  1928-1930  жылдары  биосферадағы  процестерді 
салыстырмалы  түрде  қорытындылай  келе,  тірі  заттың  бес  негізгі 
биогеохимиялық  қызметі  болатыны  туралы  түсінік  берген:  газдық, 
концентрациялық, 
тотығу-тотықсыздану, 
биохимиялық 
(энергетикалық) және адамның биогеохимиялық әрекеті. 
         Тірі  зат  бірқатар  өзіне  тән  қасиеттерге  ие  бола  отырып, 
биосферада 
деструктивтік, 
тасымалдаушы, 
шашырандылық, 
ақпараттық  және орта түзуші қызметтер де атқарады. 
В.И.Вернадский өмірінің  соңғы жылдарын  биосфера  қабығының 
құрылымдық  ерекшеліктерін  талдауға  арнады.  Осындай    ғылыми 
зерттеулерінің  нәтижесінде  «Жердің  және  оны  қоршаған  ортаның 
биосферасының  химиялық  құрылысы» деген іргелі еңбегін жазды.  
Биосфера  –  Жер  шарының  бір  айрықша  қабығы,  оның 
ерекшеліктері:  
-  биосферада сұйық  күйдегі  судың  мөлшері айтарлықтай көп.  
-  күн  энергиясының тасқыны ықпал  етеді.  
-  биосфера  үшін  сұйық,  қатты  және  газ  күйіндегі  заттардың  бөліну 
беттерінің болуы тән.  
Жердегі    энергия    көзі    Күн  болғандықтан,  күллі    тірі  
организмдер  жердің  екі  қабығы    литосфера    мен    гидросфераның  
жоғарғы    қабаттарында  таралған.  Жер    қабаттарының    қай-қайсысы 
болмасын  күн  сәулесін  неғұрлым  жақсырақ  өткізсе,  солғұрлым    тірі 
организмдер  олардың  тереңірек  қабаттарына  қоныстанған  деуге 
болады.  Бірақ    биосфера    жарық  жететін  жерлермен    шектелмейді. 
Ауырлық    күшінің    арқасында  энергия  ағыны  одан  да  әрі  таралады: 
жарықталған  қабаттардан    теңіз    түбіне  экскременттер    түйіршіктері, 
өлі және тірі организмдер үздіксіз түсіп  жатады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет