Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131
Н.Ф.  Реймерс  тұжырымдаған  «адам-табиғат»  жүйесі  заңы  бойынша 
экологиялық    қуыс  —  экологиялық    жүйе    ішіндегі  түрлер  ортасы 
немесе  оның  популяциялық    тіршілік    жағдайының    жиынтығы. 
Сонымен, өзі мекендейтін  әрбір  түр  аумаққа, өндіру  функциясымен 
байланысты, қоректік  қажеттілігіне сәйкес орынды иеленеді. Осындай 
экологиялық  байланыстар    биоценоздың    белгіленген      құрылымын  
жасайды.  Биоценоздар  -  динамикалық    жүйелер,  олар  тұрақты  даму 
жолында және оларға сукцессия тән. 


 
 
11 
  Сукцессия  (латынша  —  suссеssіо  —  тұқым  қуалау,  бірізділік)    бір 
биоценозды өзгенің  тізбекті  түрде  ауыстыруы. Бұл  құбылыстың  мәні  
мынада,  биоценоздың  ішкі    ықпалының  дамуы  нәтижесінде  олардың 
қоршаған ортамен өзара әрекеті біртіндеп «ескіреді» және биоценоздың  
өзге үлгілерімен ауысады. Көлді қамыс пен өсімдіктер басса, ол батпақ 
болып,  құрғақшылық  болса  жайылымға  айналады;  өрттен  кейін 
орманда топырақ жыныстарының ауысымы болады. 
Экологиялық    жағдайдың    маңыздысы  сол,  әр  текті  күрделі 
биоценоздардың түрлі  сыртқы әсерге  қарсы  тұруының  тұрақтылығы  
соғұрлым  жоғары болады. Табиғи  биоценоздардың  қосынды  түрлері  
эволюция  процесінде  бір-біріне  бейімделгені    соншалықты,  өздерінің  
биогеоценоз    құрылымдары  жайында,  толық  қамқорлық  жасағандай 
тұрақтылығымен  анықталады.  Жыртқыштармен  оның    жемтігінің  
арасындағы  өзара  қатынастары  кері  байланыс  деп  аталатыны  мысал  
болады.  Бір  түр  екіншіге    зиян    келтіреді    және    онсыз  өмір  сүре 
алмайды. Тағы бір мысал, әйтеуір  жәндіктің  бір түрінің  өсімдік  текті 
қорегі   мол  болса,  сол   жылы   оның  популяциясы   тез   көбейіп,  саны 
артады. Тепе-тендіктен шығаруға ұмтылатын жағымсыз кері байланыс 
жүйесінде  көрінеді.  Бірақ,  популяция  санының  шамадан  тыс  артып 
кетуі,  өсімдік  текті  қорек  қорларының  азаюына  әкеледі.  Осындай 
жетіспеудің  нәтижесі  жүйедегі  жағымсыз  кері  байланысты  оның 
бастапқы қалпына қайтарып әкеледі. 
    Адамның  ойлау  қабілеттілігі  қарапайым    шектеулі  факторларды, 
уақытша  жеңіп    шығуға  мүмкіндік  береді.  Оларға  жататындар:  су, 
жыртқыштар  мен  паразиттер,  мекендейтін    орны    мен  өзге  түрлермен 
бәсекелесі.  Адам  өзінің  өмір  сүруін  су,  жер  және  энергетикалық 
ресурстарды  пайдалану  арқылы  сақтайды.  Ол  сонымен  қатар, 
ғаламшардағы зат айналымының шұғыл жеделдеуіне елеулі ықпал етіп 
отыр.  Өндіріс  қызметі  процесінің  туындауы,  жаңа    зат  алмасуы  
техногенді    сипат    алуда    және  ол  -  антропогенді  зат  алмасу,  деп  
аталады.  Бірақта,  адам    мен    табиғат    арасындағы    биологиялық  зат  
алмасулар тіршіліктің  тұрақты жағдайы болып қала береді. 
      Антропогенді  зат  алмасу  биологиялық  айналымнан  өзінің  тұйық 
еместілігімен  принципті  түрде  ерекшеленеді,  ашық  сызықты  сипатта, 
яғни  тіршіліктің    «айналымынан»  айрылған.  Антропогенді    зат 
алмасуды  енгізуде  -  табиғи  ресурстар,  шығаруда  -  өндірістік  және 
тұрмыстық қалдықтар. Қоршаған ортаны  ластау екіге бөлінеді. Табиғи 
ластану  жанартаудың  атқылауы,  жер  сілкіну,  сел,  су  тасқыны,  өрт 
сияқты  т.б.  табиғи  процестер.  Ал,  антропогендік  ластану  адамның  іс-
әрекетінен пайда болады. 
     Экологиялық  шараның  жетімсіздігінен  табиғи  ресурстарды  тиімді 
түрде  пайдаланудың    коэффициенті  өте  төмен,  пайдалы    қазбаларға  


 
12
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
қарағанда  2-10%-ті  ғана  құрайды.  Ресурстар  сарқылуда,  халық  саны 
өсуде (1960 ж.- 3 млрд, 1975 ж.- 4 млрд, 1987 ж. - 6 млрд). Оның үстіне 
тау-тау  болып  үйілген  өндіріс  қалдықтары  мекен  ортасын  ластауда. 
Олар ыдырамастан тіршілік иелеріне  көптеген зиян келтіруде. Тіршілік 
табиғатында  күрделі  иерархиялық    ұйымдардың  өзін-өзі  реттеудің  
орасан    мол  резервтері  (қоры)  қаланған,  бірақ    сол  резервті  ашу  үшін 
биосфера  ағынының  процесіне  сауатты  түрде  араласа  білу  керек. 
Өндірістік 
жұмыстың 
барлығын 
жоспарлағанда 
экологиялық  
зардаптардың  болатын  мүмкіндігін  қатаң  ескеру  керек.  Бұрынғы 
жинақталған  табиғат  заңдары  жайындағы  білімді  есепке  ала  отырып,  
қазіргі    эколог    ғалымдар    экология  заңдары  деп  әдебиеттерде  аталып  
жүрген  адамзат  қоғамы мен қоршаған ортаның өзара принциптерінің 
жалпы зандылықтарын белгіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет