Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 30.01 Kb.

бет26/40
Дата22.12.2016
өлшемі30.01 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40

 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сәдуақасұлы  Ж.  Қазақ  тіліндегі  бір  құрамды  сөйлемдердің 
құрылымдық  типтері  (етістік  бас  мүшелі  сөйлемдер):  филол.  ғыл.  д-ры  дис. 
автореф. – Алматы, 1997. – 54 б. 
2.
 
Золотова Г.А. О синтаксическом словаре русского языка. – М., 1988. – 
352 с.  
3.
 
Золотова  Г.А.,  Онипенко  Н.К.,  Сидорова  М.Ю.  Коммуникативная 
грамматика русского языка. – М., 2004. – 541 с. 
4.
 
Күзекова  З.С.  Екінші  тіл  ретіндегі  қазақ  тілі  оқулығы  теориясының 
лингвистикалық негіздері: филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 2005. – 275 б.  
5.
 
Жакупов  Ж.А.  Қазақ  тілі  функциональдық  синтаксисі  (контекст 
проблемасы): филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 1999. – 225 б. 
6.
 
Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы: Кие, 2007. – 482 б. 
7.
 
Колшанский  Г.В.  Логика  и  структура  языка.  –  М.:  КомКнига,  2005.  – 
240 с. 
8.
 
Сағындықұлы  Б.  Тең  дәрежелік  қатынастағы  тілдік  бірліктер:  филол. 
ғыл. д-ры дис. автореф. – Павлодар, 2004. – 48 б. 
9.
 
Ерназарова  З.Ш.  Қазақ  сөйлеу  тілі  синтаксистік  бірліктерінің 
прагматикалық негіздері: филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 2001. – 246 б. 
10.
 
Шайбакова  Д.Д.  От  практики  преподавания  языков  к  теории 
лингвистики (к 50-летию научной деятельности А.Е. Карлинского в Казахстане) 
// ҚХҚжӘТУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2008. – №1 (18). – 262-269 бб. 
11.
 
Күдеринова Қ. Жазу мен ойлау арақатынасы // Профессор С.М. Исаев: 
қазақ  тіл  білімі  мен  әдебиеттанудың  теориялық  және  әдістемелік  мәселелері. 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2008. – 
169-178 бб. 
12.
 
Ермекова  Т.Н.  Компоненттер  құрылысының  құрмалас  сөйлемнің 
грамматикалық-семантикалық сипатына қатысы: филол. ғыл. д-ры дис. автореф. 
– Алматы, 2007. – 43 б. 
 
 
Алтаева А.К. 
Современные научные направления в сфере синтаксиса предложения 
В трудах казахского языкознания, посвященных синтаксису  сложного предложения, о 
предложениях,  образованных  с  помощью    формы  условного  наклонения,  говорится  лишь  в 
общих понятиях, проблемы, касающиеся этой формы, рассматриваются только в структурно-
семантическом аспекте и в исследованиях, относящихся  речевому синтаксису. В связи с этим 
только  одно  языковое  средство  –    предложения,  образованные  с  помощью  формы  условного 
наклонения,  будучи  специальным  объектом  для  комплексного  исследования,  являются  
насущной проблемой в современном казахском языкознании. 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
231 
Ключевые  слова:  условное  наклонение,  предложение,  комплексное  исследование, 
функционально-семантическое поле, условность, модальность. 
 
Altayeva A.K. 
The modern scientific directions in the field of the syntax proposal 
In the works of Kazakh linguistics dedicated to the syntax of complicated sentence, sentences 
formed  with  the  help  of  conditional  mood  form,  are  mentioned  only  in  common  conceptions, 
problems dealing with this form are considered only in structure-significant aspects and in researches 
related to the syntax of dialogue speech. In accordance with this only one linguistic mean – sentences 
formed  with  the  help  of  conditional  mood  forms  being  the  special  object  for  complex  research  are 
urgent problem in modern Kazakh linguistics. 
Keywords:  conditional  mood,  sentences,  complex  research,  functional-semantic  field, 
conditionality, modality.  
 
 
ӘОЖ: 81-119  
 
Мейірбеков А.Қ. – PhD доктор, Қ.А. Ясауи атындағы  
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті 
Елікбаев Б.К. – филология ғылымдарының докторы, доцент, 
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті 
Мейрбеков А.Қ. – PhD доктор, Қ.А. Ясауи атындағы  
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті 
(Түркістан қ., Қазақстан) 
E-mail: 
ameirbekov@mail.ru
 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ СӨЙЛЕУ АКТІЛЕРІН 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТОПТАРЫНА ҮЙРЕТУ  КЕЗІНДЕГІ 
ПРАГМАТИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  
 
Аннотация.  Мақалада  ағылшын  тіліндегі  экспрессивті  сөйлеу  актілерін  үйрету 
кезіндегі  прагматикалық  біліктіліктің  маңыздылығы  қарастырылады.  Сонымен  қатар  мұнда 
ағылшын  және  қазақ  тіліндегі  экспрессивті  сөйлеу  актілерінің  салыстырмалы  анализдеу 
жұмысының  нәтижесі  көрсетілген.  Әрі  прагматикалық  біліктіліктерді  дамытудағы 
прагматикалық тапсырмалардың рөлі айшықталған.  
Кілт  сөздер:  экспрессивті  сөйлеу  актілері,  прагматикалық  біліктілік,  прагматикалық 
тапсырмалар. 
 
Шет  тілін  оқыту  барысында  оқытушы  оқушының  грамматикалық 
біліктілігін  дамытып  қана  қоймай,  оның  прагматикалық  біліктілігіне  де  көңіл 
бөлуі тиіс. Ол жайында Brock пен Nagasaka  «шет тілін үйренушілер сол тілдегі 
коммуникациясын сәтті өткізуі үшін өздерінің бойында бірнеше лингвистикалық 
білікті қатар дамытуы қажет» деп айтқан [4]. 
Шет тілін оқытудың грамматикалық аударма тәсілін тілді коммуникативті 
оқыту  тәсілдері  алмастырған  сәттен  бастап  лингвистикалық  біліктіліктің  екі 
негізгі  топқа  бөлініп  қарастырылды.  Олар  грамматикалық  және  прагматикалық 
біліктілік.  Грамматикалық  біліктілікке  тұлғаның  сөйлем  деңгейіндегі 
грамматикалық формалар және лексикалық, синтаксистік, фонетикалық бірліктер 
арқылы сөйлемді түсіну мен сөйлем құру қабілеттері жатады [9]. Прагматикалық 
біліктілікті  Thomas  «Сөйлесім  жағдайында  тұлғаның  өз  алдына  қойған 
мақсаттарына  жету  үшін  және  тілді  контексте  дұрыс  түсіну  үшін  өзінің  тілдік 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
232 
қабілеттерін  дұрыс  қолдана  алу  біліктілігі»  деп  пайымдады  [5].  Яғни 
прагматикалық  біліктілік  дегеніміз  сөйлеуші    тұлғаның  белгілі  бір  сөйлесім 
жағдайында,  сөйлеу  актілерінің  қызметін  қолдану  арқылы,  өзінің  ішкі 
интенциясына белгілі бір дәрежеде иллокутиті әсер бере отырып, оны әлеуметік-
мәдени  контекстіге  сай  білдіру.  Әрі  тыңдаушы  реттінде  осы  контектідегі  өзге 
кісінің  сөйлеу  актісі  арқылы  білдірілген  интенцияны  дұрыс  интерпретациялау. 
Аталмыш  екі  қабілет  прагматикалық  біліктіліктің  негізгі  құраушылары  болып 
табылған [10]. 
Тұлғааралық сөйлесім жағдайында шет тілін үйренуші өз ойын жеткізерде 
үйреніп  жүрген  тілінің  грамматикалық  формаларына  негізделген  сөйлем  құрап 
қана  қоймай,  оның  үстіне  сол  сөйлем  арқылы  әрекет  жасайды.  Ол  сөйлесім  
жағдайында  жасалатын  әрекет  сөйлеу  актісі  болып  табылады  [14].  Кейде 
прагматикалық қабілетті сөйлеу актісін дұрыс білдіру қабілеті десек те болады. 
Жұмысымызда  біз  прагматикалық  біліктіліктердің  негізгі  бөлімдерінің  бірі 
болып  табылатын  тұлғаның  сөйлесім  жағдайында  контекстіге  тиісілі  сөйлеу 
актісін  қолдану  қабілетін  қарастырамыз.  Өйткені  шет  тілін  үйренушілерден 
күтілетін  негізгі  нәтиже,  олардың  кез-келген  сөйлесім  жағдайында  әлеуметтік-
мәдени факторларды ескере отырып, тілдік формасы дұрыс құрылған сөйлемдер 
арқылы өз ойын дұрыс жеткізу мен сұхбаттасышысының ойын дұрыс түсіне білу 
қабілетінің қалыптасуы.  Тұлғаның үйреніп жатқан тілі мен ана тіліндегі сөйлеу 
актілерін    салыстыра  отырып  зерттеу  оның  үйреніп  отқан  тілінің  мәдениетін 
жақынырақ түсінуіне және оқытушысының тиімді оқу материалдарын таңдауына 
өзіндік үлесін қоспақ [3]. Әрі шет тілін үйренуші мен сол шет тілінде сөйлейтін 
тұлғалардың  бірдей  сөйлеу  актілерін  білдіруінде  айырмашылықтар  болатын 
бірнеше лингвисттердің зерттеулерінде анықталған [6].  Оларды зерттеу әр түрлі 
мәдениет  өкілдерінің  арасында  өтетін сөйлесім  жағдайында  туындауы  ықтимал 
прагматикалық барьерлерді жеңілдетпек [13].  
Тілді  оқытудың  грамматикалық  аударма  тәсілінде  сөйлеушінің  ішкі 
интенциясы,  контекстіге  сөйлемнің  сай  келуі,  сөйлесушілердің  әлеуметтік 
статусы, жас айырмашылықтары, мәдени білімдері секілді сөйлесім жағдайының 
ядролық  факторлері  қарасытырылмаған  еді.  Тілді  үйретудің  коммуникативті 
тәсілдері дами келе аталмыш факторлер сөйлесім жағдайына әсер ететін негізгі 
факторлер ретінде алға  шықты.  
Тілді үйрену вакумде орын алмайды [8]. Яғни белгілі бір сөздер тізімі мен 
грамматикалық  ережелерді  жаттау  тілді  толыққанды  игеру  үшін  жеткіліксіз 
болып  табылады.  Бұлар  тілді  үйретудің  грамматикалық  аударма  тәсілінде 
қолданылатын амалдар. Әрі бұл тәсілді алғаш кезде Латын және көне Грек тілі 
секілді өлі тілдерді үйретуде қолданған. Ал кез-келген тірі тілді үйрету дегеніміз 
сол тілде ана тілі ретінде сөйлейтін тұлғамен тиісілі дәрежеде нәтижелі сөйлесім 
жағдайын  құруды  үйрету.  Ол  айтқан  сөйлемді  сөйлесім  жағдайына  орын  алған 
контекстіде  дұрыс  түсіну.  Оның  сөйлемінің    астарына  жасырған  ішкі 
интенциясын  аңғару.  Әрі  оған  сыпайылық  жоспарын  сақтай    отырып  тиісілі 
жауап қату. Осы аталмыш нәтижелерге қол жеткізу үшін оқытушы оқыту үрдісі 
барысында тілдің прагматикалық аспектілерімен сөйлеу актілерін назарда ұстауы 
қажет.  
Оның  үстіне  соңғы  онжылдықта  жаһандық  лингвисттер  тарапынан  тілді 
оқытуда  және  үйренудегі  прагматикалық  біліктіліктерге  байланысты  көптеген 
жұмыстар  жасалды.  Халықаралық  қатынас  тілі  болғандықтан  олардың  дені 
ағылшын  тіліндегі  зерттеулердің  еншісінде.  Олар  ағылшын  тілін  үйрету 
барысында  бірнеше  тілдік  компетенцияларды  қатар  дамыту  қажеттілігі  бар 
екенін  көрсетті  [4].  Мәселен  Matsumura  «Бастауыш  мектепте  шет  тілін  оқыту 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
233 
үрдісінде  прагматикалық  біліктілікті  дамыту»  атты  мақаласында  жапон 
мектептеріндегі  ағылшын  тілін  оқытудағы  проблемалар  мен  осы  тұстағы 
Жапонияның білім беру бағдарламасындағы кемшіліктерді сынады [7]. Tsurikova 
мен Evanson «Ағылшын тіліндегі тілдік функцияларды оқытудың прагматикалық 
тәсілі»  атты  мақаласында  прагматикалық  біліктілікті  оқытудың  алғышарты 
ретінде  мәдени  аралық  қарым-қатынасты  көрсетіп,  ағылшын  тілін  үйренуші 
орыстар  мен  американ  ағылшындарының  арасында  өтетін  тұлғааралық  қарым-
қатынас кезіндегі директивті сөйлеу актілерінің қолданысын саралады. Олардың 
пікірінше  ағылшын  тіліндегі  директивті  сөйлеу  актілері  санаулы  модальді 
етістіктерді  қолдану  нәтижесінде  жасалынғанымен,  шет  тілін  үйренушіге 
олардың  прагматикасын  түсінбейінше  американ  азаматымен  нәтижелі  сөйлесім 
жағдайына  түсуі  екі  талай  [12].  Bornmann  «Тай  студенттеріне  сөйлеу  актілерін 
үйрету»  атты  мақаласында  тай  және  ағылшын  тілдеріндегі  сәлемдесу  сөйлеу 
актілерінің  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары  жайында  сөз  қозғап,  оларды 
тұлғааралық қарым-қатынас кезінде ескеру қажеттігін дәлелдеді [3].  
Өз тақырыбымызға келмес бұрын тағы бір ескеретін жайыт прагматикалық 
біліктілікті классификациялау. Тілді қолдану тұрғысынан прагматикалық білікті: 
перцептивті  прагматикалық  біліктіліктер  және  продуктивті  прагматикалық 
біліктіліктер  деп  топтастыру  дәстүрі  лингвисттер  арасында  қалыптасқан.  Осы 
арадағы  перцептивті  прагматикалық  біліктілікке  үйреніп  отқан  тілде  дұрыс 
тыңдау  және  оқу  қабілеттері  жатса,  продуктивті  прагматикалық  біліктілікке 
дұрыс  сөйлеу  және  жазу  қабілеттері  жатады.  Яғни  бірі  тілдік  ақпараттарды 
әлеуметтік-мәдени факторлерді ескере отырып, контекстіге сай дұрыс қабылдау 
болса,  екіншісі  аталмыш  факторлар  мен  контекстіні  ескере  отырып,  ішкі 
интенциясына сөйлеу актілерінің қызметі арқылы иллокутивті әсер бере отырып 
өз ойын білдіру. 
Ғалымдар шет тілін үйренушінің сөйлеу актілерін білдіру кезіндегі кейбір 
олқылықтарының  орнын  толықтыру  үшін  шет  тілін  оқыту  курсына 
прагматикалық  тапсырмаларды енгізуді  ұсынды  [10].    Бұл  типтегі  тапсырмалар 
тіларалық  прагматиканы  дамыта  отырып,  шет  тілін  үйренуді  жеңілдетеді.  Әрі 
прагматикалық 
тапсырмалардың 
арқасында 
сыныпта 
прагматикалық 
біліктіліктерді жүйелі түрде дамытуға мүмкіншілік туады. Жалпы прагматиканы 
оқыту шет тілін үйретудің алғашқы сабақтарынан-ақ бастама алса болады. Олай 
ету  грамматикалық  біліктілік  пен  прагматикалық  біліктілік  арасындағы  тепе-
теңдікті сақтауға өзіндік септігін тигізбек [2].   
Оның  үстіне  прагматикалық  тапсырмалар  оқушылардың  өз  тілінде  жоқ 
прагматикалық және әлеуметтік-прагматикалық білімдерін арттырады.   Bardovi-
Harlig  олардың  қатысуынсыз  шет  тілі  прагматикасының  кей  тұстарын  үйрену 
тіптен мүмкін еместігін айтты.  
Өз  кезегінде  прагматикалық  тапсырмалар  толығымен  дерлік  бақылау 
тапсырмалар.  Оларға  әлеуметтік-прагматикалық  бақылау  тапсырмалары  мен  
прагмалингвистикалық 
бақылау 
тапсырмалары 
жатады. 
Әлеуметтік-
прагматикалық  бақылау  тапсырмасына  сөйлеу  актісінің  қандай  сөйлесім 
жағдайында  орын  алатыны,  сөйлесушілердің  жас  ерекшеліктерін  ескеру, 
олардың 
әлеуметтік 
статус 
ерекшеліктеріне 
көңіл 
бөлу 
жатады. 
Прагмалингвистикалық  бақылау  тапсырмаларына  сөйлеу  актілерін  білдіру 
кезінде қолданылатын стратегиялар мен лингвистикалық сөздердің орын тәртібін 
қадағалау  жатады.  Демек  тоқсан  ауыз  сөзді  тобықтай  айтқанда  прагматикалық 
тапсырмалардың  дені  оқушының  ана  тілі  мен  үйреніп  жатқан  тіліндегі  сөйлеу 
актілерін  мәдени  аралық  салыстыру  жұмыстармен  бір  сарында.  Тек  мұнда 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
234 
бақылаушы  лингвист  емес  оқушының  өзі  болмақ.  Кәсібилік  тұрғысынан  бұл 
дұрыс  та,  бұрыс  та  болмақ.  Оқып  отқан  тіліндегі  көп  құбылыстарды  жітік 
бақылауға оқушының әлі жетпеуі де ықтимал. Сол себептен ағылшын және қазақ 
тіліндегі  экспрессивті  сөйлеу  актілерінін  салыстыра  отырып  біз  оқытушыларға 
оқушыларына  беретін  тапсырмалары  мен  оның  біздіңше  дұрыс  деген  жауабын 
қарастырамыз. Демек, бір мақала төңірегінде теория мен практиканы іс жүзінде 
ұштастырамыз.  
Экспрессивті  сөйлеу  актісін  зерттеу  нысаны  ретінде  алғанда  біз 
Н.А.Трофимованың    «Экспрессивті  сөйлеу  актісі  -  психологиялық  көңіл  күйді 
білдіру  интенциясын  жүзеге  асыратын  және  адресаттың  эмоционалдық  күйіне 
ықпал  ететін  сөйлеу  актісі»  деген  пайымдауын  басшылыққа  аламыз  [16]. 
Экспрессивті  сөйлеу  актілеріне  сәлемдесу,  құттықтау,  тілек,  рахмет  айту  және 
көңіл  айту  мәнді  сөйлеу  актілері  жатады.  Аталмыш  сөйлеу  актілері  күнделікті 
тұлғааралық  қарым-қатынастың  бөліп  жаруға  келмейтін  бір  бөлімі.  Әрі  бұл 
сөйлеу актілеріне әр елдің мәдениеті әр түрлі әсеріне тигізбек. Сәлемдесу мәнді 
сөйлеу актісінің қызметі диалог бастау, қал жағдай сұрау. Сәлемдесудің түрі қай 
тілде  болмасын  көп.  Олар  адамдардың  өзара  жас  ерекшелігін,  әлеуметтік 
статусын,  туысқандық  қарым-қатынасын  танытады.  Мәселен  тілімізде  жастар 
қариялармен  сәлемдескенде  олардан  амандығын  сұрап  «Амансыз  ба!»  дейді. 
Ағылшын  тілінде  болса  сәлемдесудің  бұндай  түрі  жоқ.  Ағылшындар 
қариялармен  немесе  кез-келген  өзінен  жасы  үлкен  немесе  әлеуметтік  статусы 
жоғары кісіге «Good day! Mr./Ms. ... », яғни қазақшасы «Қайырлы күн! ... мырза, 
ханым» деп амандасады. Ал кісінің амандығын, қал жағдайын сұрау ағылшындар 
үшін  сәлемдесуден  кейін  орын  алады.  Ағылшын  тіліндегі  сәлемдесуден  қазақ 
тіліндегі сәлемдесулердің тағы бір айырмашылығы тілімізде кісінің атын айтып 
амандасу көп кездесе бермейді. 
Ұзақ  уақыт  көріспеген  адаммен  ағылшындар  «Nice  to  meet  you!» 
қазақшасы  «Көріскеніме  қуаныштымын!»  немесе  «Қош  көрдік!».  Қазақ  тілінде 
өзінен  әлеуметтік  статусы  жоғары  кісіге  «Сәлеметсізбе!»  деп  амандасу  ресми 
қалыптасқан.  
Қазақ тілінде өзара құрбы құрдастар арасында да қал сұрасу мен сәлемдесу 
қызметтерін бірге атқаратын тағы да «Хал қалай!», «Қалайсың!» деген сәлемдесу 
мәнді  сөйлеу  актілері  бар.  Ал  ағылшын  тіліндегі  «Hi!»,  «Hello!»  секілді  құрбы 
құрдастар  арасында  айтылатын  сәлемдесулер  болса  тек  сәлемдесу  қызметін 
атқарады.  Оның үстіне қоштасарда ағылшын тілінде ескерер жайт ағылшындар 
ұзақ  өрбіп  кеткен  диалогты  сыпайы  түрде  тоқтату  үшін  «Let’s  get  together 
sometime!», «We should have lunch sometime!» деп қоштасуы мүмкін. Ал тілімізге 
аударсақ  «Тағы  да  бір жолығайық!»,  «Бірге  отырып кешкі ас ішуге қалайсың!» 
дегенге саяды. Демек, біз оны жансақ кездесуге шақырып отыр екен деп түсініп 
қалуымыз  әбден  мүмкін.  Әйтседе  ол  тек  қана  сыпайлық  әдебінен  аспау  ғана 
болып табылады. Ал бізде ондай асығыс жағдайда «Жарайды кездескенше!» деп 
айтады.  
Құттықтау  мәнді  сөйлеу  актісі  болса,  белгілі  бір  сөйлесім  жағдаятында 
көпшілік мақұлдаған тәртіпке байланысты, сөйлеуші өзінің эмоционалдық көңіл 
күйін құттықтау арқылы білдіре отырып, сол әрекетінің нәтижесінде адресаттың 
бойында  жылы  эмоцоналдық  лебіз  тууына  әсер  ететін  сөйлеу  актісі  болып 
табылады [16]. 
Тілек  мәнді  сөйлеу  актісіне  келер  болсақ,  ол  -  айтушының  адресатқа 
қатысты  өзінің  ілтипаты  мен  ақ  жарқын  көңілін  білдіру  үшін  және  адресаттың 
болашақ  өмірінде  оған  тек  жақсылық  қалайтынын  жеткізу  үшін  жұмсалатын, 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
235 
қоғамдағы  қарым-қатынас  әдебіне  сәйкес  келетін  сөйлеу  іс-әрекеті.  Осы  қос 
тұжырымдаманы жасаған Е.В.Вдовинаның пікірінше, адресаттың қоғамдағы рөлі 
мен  статусы  қаншалықты  жоғары  болса,  соншалықты  сөйлеу  актісіндегі 
құттықтау  және  қалау,  тілек  мәні  кішіпейілденіп,  қарым-қатынас  ресмилене 
түседі [15]. Біздің құттықтау және тілек мәнді сөйлеу актілерін бірге алып отқан 
себебіміз аталмыш сөйлеу актілері бір-бірінің ажырамас сыңары.  
Зерттеуімізге орай келсек, қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де қалау, тілек 
мәнді  сөйлеу  актісі  қарым-қатынас  кезінде  көбіне  осы  немесе  келер  шаққа 
қатысты  қолданылса,  құттықтау  мәнді  сөйлеу  актісі  дәл  сол  уақытта  болып 
жатқан  оқиғаға  байланысты  болғандықтан  осы  шақта  қолданылады.  Дәлел 
ретінде  Austinнің  перформативті  сөйлесімдерді  классификациялауы  барысында 
ағылшын  тіліндегі  «congratulate»  перформативті етістігі  сөз орамында осы  шақ, 
бірінші  жақ  формасында  айтылатын  байқады  [1].  Қазақ  тілінде  де  «құттықтау» 
етістігі  құттықтау  мәнді  сөйлеу  актісінде  осы  шақта,  көбінесе  бірінші  жақта 
айтылады. 
Ауыз екі сөйлеу стилінде де, жазу стилдерінде де қалау, тілек мәнді сөйлеу 
актісі  екі  тілде  де  көбіне  құттықтау  мәнді  сөйлеу  актісінен  кейін  кездеседі. 
Мысалы: 
Ағылшын  тілінде:  Congratulations  on  your    wedding!  I  wish  you  a  happy 
married life! (Үйлену тойларың құтты болсын! Сендерге бақытты отбасылық өмір 
тілеймін!)  
Қазақ  тілінде:  Жаңа  жыл  құтты  болсын!  Жаңа  жыл  тың  шығармашылық 
ойлар,  биік  кәсіби  жетістіктер,  керемет  оң  өзгерістер,  жарқын  кездесулер  мен 
қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын. 
Мысалдардан  байқағанымыздай  ана  тілімізде  де,  ағылшын  тілінде  де 
қалау, тілек мәнді сөйлеу актісі құттықтау сөйлемінен кейін кездесіп отыр.  
Көп  жағдайда  ағылшын  тілінде  тілек  мәнін  білдіретін  перформативті 
«wish» немесе өзге де тілек мәнін білдіретін етістіктері өзінен бұрын құттықтау 
мәнді  сөйлеу  актісінің  тұруын  қажет  етпейді.  Әрі  ағылшын  тілінде  құттықтау 
етістігі күнделікті ауыз екі сөйлеу стилінде сирек айтылады.  Мысалы: I  want to 
wish you all Marry Christmas and happy holidays! 
Ал  қазақ  тіліне  бұндай  құттықтау  сөйлеу  актісі  жат.  Мәселен  Сіздерге 
жаңа  жыл  мен  қуанышқа  толы  демалыстар  тілеймін!    деу  қазақ  тілінде 
өрескелдеу  болады.  Бұндай  жағдайда  тілімізде  бірінші  құттықтау  мәнді  сөйлеу 
актісі  содан  кейін  барып  қалау,  тілек  мәнді  сөйлеу  актісі  айтылады.  Мәселен: 
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылы қуанышқа толы болсын! 
Ағылышын  және  қазақ  тілдерінде  белгілі  бір  істің  оңды  аяқталуына 
байланысты  өзара  құрбы  құрдастардың  арасында  айтылатын  құттықтау  әрі 
қошемет,  мадақтау  қызметтерін  атқаратын  шағын  құттықтау  мәнді  сөйлеу 
актілерін де кездестіре аламыз. Мысалы ағылшын тілін де 1. You should be proud 
of yourself! 2. You are genius! 3. You have proven yourself! 4. You are exceptional! 
т.б.  осындай  құрбы  құрдастар  мен  әлеуметтік  статустары  тең  немесе  жақын 
адамдардың  арасында  күнделікті  әңгімелесу  контекстінде  шағын  әрі  ерекше 
құттықтау  мәнді  сөйлеу  актілері  айтылуы  мүмкін.  Сыртқы  формасы  мақтау 
қошемет  айтуға  ұқсағанымен  бұл  сөйлеу  актілерінің  қызметі  құттықтау.  Осы 
себептенде  біз  оларды  құттықтау  мәнді  сөйлеу  актілері  деп  есептей  аламыз. 
Қазақ тілінде де дәл осындай 1. Жарайсың! 2. Бәре келді! деген қошемет, мақтау, 
құттықтау  қызметін  атқаратын  сөйлеу  актілері  кездеседі.  Әрі  байқағанымыздай 
бұл  құттықтауларда  құттықтау  мәнді  сөйлеу  актісінің  иллокутивті  күшінің 
көрсеткіш «құттықтаймын» деген перформативті етістігі жоқ.
 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
236 
Айтушының  аффективті  көңіл  күйіне  байланысты айтылатын  тілек  мәнді 
сөйлеу  актісінің  қантты қуанышта айтылғаннын  оңды  тілек мәнді сөйлеу  актісі 
десек,  қызғаныштан  немесе  ашу  үстінде  айтылғанын  қарғыс  мәнді  сөйлеу 
актісіне  жатқызамыз.  Мәселен,  адресант  тыңдаушыға  өзінің  рахметін,  оған 
ризалығын  білдіргенде  қазақ  тілінде  жасы  ересек  адам  өзінен  жасы  кішіге 
«Үлкен  азамат  бол!»  дейді.  Ал  қария  адам  жастарға  «Ұл  қызыңның 
қызығушылығын көр!» деп тілейді. Жас адам болса үлкен кісіге «Құдайым сізге 
денсаулық берсін!» дейді. Бұндай жағдайда көбіне тілек мәнді сөйлеу актісінен 
бұрын  рахмет  айту  мәнді  сөйлеу  актісі  келуі  ықтимал.  Ағылшын  тілінде  болса 
біреу  сізге  ізгі  іс  жасаса,  сіз  ол  үшін  Құдайдан  жақсылық  сұрауыңызға  болады 
[11]. Мысалыға «Thank you very much! God bless you!». Мысалда тыңдаушысына 
рахмет  айтқаннан  кейін  ағылшын  кісі  оны  Құдайдың  жарылқауын  тілегенін 
байқаймыз. 
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі экспрессивті сөйлеу актілерді салыстыра 
бақылай  отырып,  біз  олардың  прагматикасындағы  кейбір  айырмашылықтарды 
байқадық.  Ол  айырмашылықтарды  мәдени-аралық  қарым-қатынас  кезінде 
ағылшын  тілін  үйренушінің  естен  шығармауы  қажет.  Прагматикалық 
айырмашылықтарды  ескермей  тілімізде  бар  сөйлеу  актілерін  сөзбе-сөз 
аударғанда сөйлесім жағдайында прагматикалық қателіктер туындап екі жақ бір-
бірін бұрыс түсінуі ықтимал. 
Ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  жоғарыда  келтірілген  және  өзге  де 
сөйлеу актілеріне байланысты сыныпта түрлі оқулықтарда берілген диалогтарды, 
ағылшын тіліндегі бейне материалдарды, өзге де аудио материалдары анализдей 
отырып,  бақылағанда  анықтауға  болады.  Олай  ету  оқушының  бойындағы 
прагматикалық біліктілітерін арттыруға деген мотивациясын туғызады.  
Қорыта айтқанда, ағылшын тілін жетік меңгерту үшін оқытушы оқушының 
бойындағы грамматикалық және прагматикалық біліктіліктерін бірдей арттырып 
отыруы қажет. Оқушыларға әрдайым прагматикалық тапсырмалар бергені дұрыс. 
 

1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал