Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 30.01 Kb.

бет37/40
Дата22.12.2016
өлшемі30.01 Kb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

Keywords: deportation, everyday life, Karaganda, Karaganda coal basin, housing conditions, 
health care, food  supply. 
 
 
ӘОЖ: 94.(574) 
 
Байбулсинова А.С. – тарих ғылымдарының кандидаты
М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
E-mail: 
alfia_b11@mail.ru
 
Кенесова А.С. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті 
(Орал қ., Қазақстан) 
E-mail:  dan4ik30.06@mail.ru 
 
АЛҒАШҚЫ ИНФАНТЕРИЯ ГЕНЕРАЛЫ – ҒҰБАЙДОЛЛА 
ЖӘҢГІРОВ 
 
Аннотация.  Мақалада  патшалық  Ресейдегі    ХІХ  ғасырдың  соңы  -  ХХ  ғасырдың 
басындағы отаршылдық империялық саясат пен қазақ арасынан шыққан алғашқы инфантерия 
генералы  –  Ғұбайдолла  Жәңгіровтың  өмір  жолы  мен  қоғамдық-саяси  қызметі  туралы,  сол 
сияқты  тарихи  тұлғаның  жазылған  еңбектерге  тарихи  сараптама  беріліп,  ғылыми  талдау 
жасалған. 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
311 
Кілт  сөздер:  патшалық  Ресей,  империалистік  кеңестік  кезең  құжаттары,  инфантерия 
генералы  –  Ғұбайдолла  Жәңгіров,    Бөкей  Ордасындағы  білім  беру  жүйесі,  қазақтан  шыққан 
әскери лауазымды тұлғалар.  
 
Қазақстан  тарихында  ең  маңызды  орын  алатын  дәуірлердің  бірі  - 
Қазақстанның Ресей империясы құрамындағы кезеңі. Өйткені қазақ халқы үшін 
бетбұрысты болған бұл уақыт аса ірі оқиғалар мен халықтың түбегейлі өзгеріске 
ұшырауына  себепкер  болды.  Сол  сияқты  халықты  Еуропаның  саяси-қоғамдық 
және  мәдени  өмірімен  танысуына  зор  мүмкіндіктер  жасады.  Бұл  кезеңнің  тағы 
бір  ерекшелігі  –  жалпы  қазақ  этносы,  көшпелі  цивилизациясы  барлық-сапалық 
ұғымдық  қасиеттерінің  нағыз  айқындалуымен,  өзіне  ғана  көріністерімен 
дүниежүзілік  өркениетттілік  дамудан  орын  алуы  болды.  Қазақтың  саяси-
құқықтық идеяларының тарихын қалай зерттесек те бұл кезеңді біз еш уақытта 
айналып  кете  алмаймыз.  Дүбірлі  саяси  оқиғаларға  толы,  көшпелі  қазақ 
қоғамының шыңы мен ыдырауының басталуы дәл осы кезеңге  келіп тіреледі. 
Бұл  кезде  –  Ресейдің  қазақ  жерін  отарлау  мен  ұлттық  езгіні  күшейтуіне 
қарсы бағытталған идеялар болса, екіншісі – керісінше, орыс мемлекетінің, оның 
озық-ойлы  демократиялық  ой-пікірінің  тікелей  ықпалынан  Қазақстанда 
ағартушылық,  демократиялық  және  реформаторлық  қозғалыстар  қалыптасып, 
өзінің прогрессивтік мағынада жемісін берген еді. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың 
соңы  –  ХХ  ғасырдың  басында  Ресейдің  орталық  қалаларында  самодержавиелік 
монархияның  әскери  қимыл-әрекеттері  елдегі  конституциялық-демократиялық 
өзгерістерді  қазақ  даласында  оқыған  қазақ  зиялылары  үйретіп,  олардың  өз 
мүдделері үшін қолдау тауып жатты. Ресей білім ордаларынан сусындаған қазақ 
қайраткерлері, дәлірек айтқанда қазақ ауқаттыларының, сұлтандардың балалары, 
соның  ішінде    Бөкей  Ордасы  аумағындағы  Жәңгір  ұрпақтары  барлық 
мүмкіндіктерді    пайдалана  отырып,  көшпелі  қоғамның  даму  заңдылығы 
шеңберінде  прогрессивтік  дамудың саяси-құқықтық  идеяларын қалыптастырды. 
Олар  Ресей  императорының  сенімді  өкілдері  ретінде  әскер  қатарына  алынып, 
жоғары  әскери  лауазымдарды  иеленді.    Қазақ  тарихында  әскери  жоғары 
лауазымды  иеленген  Жәңгір  ұрпақтарының  ішінде  бірнешеуін  атауға  болады. 
Бірақ  жоғары  әскери  лауазымды  иелену  патшаға  адал  қызмет  жасау  дегенді 
білдіретін  еді.  Сондықтан,  Кеңестік  кезеңде  мұндай  патша  сеніміне  кірген 
монархияшылдар мен ақсүйек, ауқаттылар тобы, әсіресе әскери қызмет атқарған 
тұлғалар  туралы  зерттеуге  тиым  салынып,  тарихшылар  назарынан  тыс  қалып 
келді.  Сондықтан  қазақ  жеріндегі,  оның  ішінде  Жәңгір  ұрпақтарының  әскери 
лауазым  атқарғандары  туралы  мағлұматтар  өте  аз  кездеседі,  тіпті  бұл  тақырып 
мардымды  зерттелмеген  деуге  болады.  Қазіргі  кезеңде  тәуелсіз  Қазақстан 
тарихын  қайта  қарауға  мүмкіндік  туып,  ел  тарихы  жаңаша  зерттеліп,  шынайы 
мағлұматтар жариялана бастаған кезеңде біз өз тарапымыздан туған өлке Батыс 
Қазақстан  тарихын  зерттеуге  үлес  қосып,  ел  үшін  атқарған  Ресей  императоры 
қолынан  жоғары  әскери  лауазымға  ие  болып,  қазақ  даласына  жаңаша  саяси-
құқықтық өзгерістер әкелген Жәңгір ұрпақтары туралы зерттеумізді қолға алдық. 
Олардың  ішінде  Ғұбайдолла  Жәңгіров  –  қазақ  халқының  арасынан  шыққан 
әскери қайраткер орыс армиясының инфантерия генералы болған тұңғыш адам.  
Ғұбайдолла Жәңгіров 1841 жылы Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгірдің 
отбасында  дүниеге  келген.  Алғаш  сауатын  Ордадағы  орысша-қазақша  дәріс 
беретін мектептен ашқан ол Санкт Петербургтегі офицерлер даярлайтын Паждар 
корпусына  оқуға  түседі.  1857  жылы  корпусты  үздік  бітіргені  үшін  оның    есімі 
корпустың  Алтын  кітабына  жазылған.  Оқуын  бітіріген  соң  Орынбор 
губернаторының қарамағына қызметке жіберіледі. Орынборда ол көшпелі қазақ, 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
312 
қалмақ, башқұрт халықтарын басқару ісімен шұғылданады. 1866 жылы ротмистр 
шенін алып, Дон казактары атаманы қарамағына қызметке жіберіледі. 1868 жылы 
полковник шені беріліп, Ресейдің солтүстік – батыс өлкесіне қызметке ауысады. 
1871 флигель-адютант болып тағайындалады. Ал, 1874 жылы патша Александр І 
бұйрығымен телеграф департаментіндегі ерлігі үшін  «Алтын сапты қылышпен» 
марапатталады.  Сол  сияқты  оған  генерал-майор  шені  беріледі.  Соғыстан  кейін 
Санкт-Петербургте  ішкі  істер  министрлігі  жанындағы  қазақтарды  басқару 
бөлімінің  басшысы  болып істейді.  Оған  1888  жылы  генерал-лейтенант,  ал 1894 
жылы  инфантерия  генералы  әскери  шені  беріледі.  Ғұбайдолла  Жәңгіровты 
қызметтес достары «Чингис хан» деп атаған. Көпшілікке ресми құжаттарға да өзі 
солай қол қояды екен.  
Петербургте  қызмет  еткен  кезінде  Ғұбайдолла  Жәңгіров  қазақ 
депутациясын  патша  қабылдауына  қазақ  балаларын  жоғары  оқу  орындарына 
түсуіне,  жазықсыз  жазалы  болған  Ақмолала  атты  ақынды  түрмеден  босаттыру 
ісінде  көп  көмегін  тигізген.  Сондай-ақ  Балқан  соғысы  кезінде  Қырым 
татарларына  түріктерге  жақтасты  деген  айып  тағылған  кезде,  олар  күдіктілер 
қатарына ілігеді. Бірақ кейін Ғұбайдолла Жәңгіров мұның негізсіз екенін патша 
өкіметі алдында дәлелдеп береді. Оларды орыс әскерлерінің озбырлығынан аман 
алып  қалады.  Сол  сияқты  Жәңгір  ұрпақтары  ішінде  Сақыпкерей  Жәңгірұлы 
Бөкеев,  Ыбырайым  (Ибраһим)  Жәңгірұлы  Бөкеев,  Жәңгір  ханның  інісі  Әділ 
Бөкейхановтарды  және  тағы  да  басқаларын  атауға  болады.  Қазақ  тарихындағы 
Бөкей  Ордасының  алатын  орны  өте  зор  екендігі  белгілі.  Өйткені,  бұл  аймақ 
ХҮІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  орасан  зор  уақыт  кеңістігінде  талай-талай    ел  тарихы 
үшін  бетбұрысты  кезеңдердің  басты  себебі  де,  көнекөз  куәгеріде  болып  келді. 
Бөкей Ордасы ХІХ ғасырдағы орыс деректерінде Ішкі Орда деген атпен белгілі 
болған. Оның өзіндік себептері де бар. Бөкей Ордасы жөнінде көптеген зерттеу 
еңбектері мен деректер аз емес.  
Ғұбайдолла  Жәңгіров  туралы  жазылған  зерттеу  жұмыстары  өте  аз. 
Сондықтан  оның  өмір  жолын  зертттеу  барысында  алдымен  оның  шығу  тегі 
туралы Бөкей Ордасына қатысты көптеген зерттеу еңбектерін қарастыруды жөн 
көрдік.  Қазақстандағы  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  қоғамының  қалыптасуы,  Бөкей 
Ордасының құрылуы, ондағы биліктік құрылым тарихына арнап жазған бірнеше 
зерттеулерді  атауға  болады.  Қазақ  хандығының  саяси  құрылысына  мән  беріп 
зерттегендер  ХІХ  ғасырдан  бастау  алады.  Алғашқы  болып  еңбек  жазған 
А.И.Левшин «Описание киргиз-казацких или киргиз-кайсацких орд и степей» [1] 
еңбегінде қазақ хандығына, оның құрылысына және ондағы әлеуметтік топтарға 
және әдет-ғұрып құқықтарына мән береді.  
Қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтік  құрылымына  мән  беруші  келесі 
зерттеуші И.Казанцев [2] пен Ш.Уәлихановтар [3] болды. Ол төңкерістен кейінгі 
кезеңде көшпелілерде феодалдық қатынастар дамыды деп көрсетілді. 30-шы жж. 
зерттеуші  И.Казанцев  монографиясында  таптық  түрдегі  феодализм  болды  деп 
көрсетіледі.  Ол  Батыс  Европа  феодализмінен  аз  ғана  айырмашылығы  болды 
немесе ерекше варианты дейді. Яғни феодализм тұсында билеуші патшаға арқа 
сүйеген топтар, ауқаттылар үстемдік етті деген ойын білдіреді. Осы пікір кеңес 
ғылымында  үстем  болды.  Еңбектерде  көшпелі  және  отырықшы  феодализм 
ұқсастықтары  ізделінді.  Бірте-бірте  көшпелі  феодализм  сахнадан  кетіп,  орнына 
патриархальды  феодалдық  қатынас  пікірі  орнықты.  Қазақ  хандығын  зерттей 
отырып, Ш.Уәлиханов «оларда патриархальды-феодалдық қатынас болды, салық 
ерікті  түрде  болды,  ол  сауым  деп  аталды»  -  дейді.  50-ші  жж.  соңында  қазақ 
хандығының саяси құрылысына және қазақ даласына орыстың әскери лауазымы 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
313 
мен  әскери  жүйесінің  келуін  зерттеп,    бірінші  болып  мән  берген  С.З.Зиманов 
болды.  Ол  өзінің  «Россия  и  Букеевское  ханство»/4/  деген  еңбегінде  қазақ 
хандығының  және  Бөкей  Ордасының    саяси  құрылысы  туралы  жазады.  Сол 
сияқты  әскери  құқықтық  жүйедегі  енгізілген  өзгерістер  туралы  мағлұматтар 
береді.  
Бөкей Ордасындағы қоғамдық-саяси жағдайлар, қазақ әскерилерінің орыс 
шенеуніктері  және  патша  әкімшілігімен  өзара  қарым-қатынастары  туралы 
В.Иночкиннің  [5]  және  С.Асфендияровтың  [6]  еңбектерінде  бірқатар 
мағлұматтар  келтірген.  Сол  өзгеде  тақырыпқа  байланысты,  елімізге  белгілі 
ғалымдар  Ж.Қасымбаев  [7],  И.Ерофеева  [8],  И.Кенжалиев  [9]  Бөкей  Орда 
тарихына  арналған  еңбектері  өте  мол  деректік  мағлұматтар  береді.  Сол  сияқты 
ресейлік  автор  М.  Геллердің  [10]  Ресей  империясының  тарихына  қатысты 
жазылған  іргелі  еңбегінде  Бөкей  Ордасынан  шыққан  әскерилер  туралы 
мағлұматтар кездеседі.  Жалпы ғылыми жұмысты жазу барысында  яғни Жәңгір 
ұрпақтарының  ішінде  әскери  лауазым  алғандары  туралы  барынша  мағлұматтар 
жинақтауға талпыныс жасалды.  
Ғұбайдолла  Жәңгіров  1840  жыл  Ішкі  Орда  ханы  Жәңгірдің  ордасында 
дүниеге  келді.  Көктемде  Бөкей  жерінде  хан    баласының  дүниеге  келуіне  орай 
ұлан  асыр  той  болды:  6    мамыр  күні  ханның  үлкен  әйелі  Фатима  дүниеге 
Ғұбайдолла есімді ұл баланы дүниеге алып келеді [13, 4 б.]. 
Келесі маңызды дата – 27 қазан болды: сол күні орыс императоры Николай 
І  Жәңгірді  генерал-майор    шенін  бергендігі  туралы  жарлыққа  қол  қояды.  Оған 
дейін  хан  1  дәрежелі  Қасиетті  Анна  орденімен  және  сол  дәрежедегі  тек 
брилллиантттармен  апталған  орденмен,сонымен  қатар  Андреев  лентасында 
бриллианттармен  апталған  алтын  медальмен  марапатталған  болатын.Ал  6 
желтоқсан  күні  ханның  «адалдығы  және  атқарған  қызметі»  үшін  император 
Жәңгірдің  ұлыСақыпкерейді  хан  тағының  мұрагері  алдын-ала  рұқсатын  береді. 
Тұңғышы,  әдемі  де  ақылды  Сақыпкерейге  деген  Фатима  ханшаның  ықыласы 
ерекше  болды.  6  жасының  өзінде  Сақып  аттың  құлағында  ойнады,  ал  Паж 
корпусында  талапты  оқушылырдың  қатарынан  жетістіктерімен,  алғырлығымен 
көрініп өз ата-анасын қуантты,болашағынан зор үміт күттірді. 
Сол кезде Сақыпкерейдің өз ата-анасының өлімінен кейін 1847 жылы жас 
шағында  қайтыс  болатынын  және  Ордадағы  хан  билігі  ешкімге  мұра  болып 
қалмайтындығын,  ал  Жәңгір  тарихта  оның  соңғы  ханы  болып  қалатынын: 
ханның  орасан  зор  байлығынан  оның  балаларына  тек  бір  бөлігі  ғана 
қалатындығын және Жәңгір тұқымын атағын әлемге паш ететін 1840 жылы көп 
балалы  жанұяда  дүниеге  келген  ер  бала  –Ресейдің  болашақ  әскери  өкілі  және 
тұңғыш  қазақ  генералы  –  Ғұбайдолла  Жәңгір  Бөкеев  Шыңғысхан  сұлтан 
болатындығын кім білген? 
Жәңгір хан елге үлгі көрсетіп, алдымен өз балаларын оқытқан. Жәңгірдің 
ұлдары  Ескендір,  Зұлхарнайын,  Сейіткерей,  Сақыпкерей,  Ғұбайдоллалардың 
алдының  атақ-даңқы  алты  Алаштан  асып,  Ресей  империясының  генерал 
лейтенанты  дәрежесіне  дейін  көтерілген.  Алты  ұлы  мен  екі  қызына  орысша-
қазақша білім беріп, Еуропаның озық мәдениеті үлгісінде тәрбиелеген. 
Жәңгір Ордадағы хан ставкасында 1841 жылы халықтан түскен салықтың 
есебінен орыс тілінде сабақ беретін өз мектебін ашқан. Осы мектепті Ғұбайдолла 
Жәңгіров те Паж корпусына бармастан бұрын оқыған. Қазан төңкерісіне дейінгі 
орталық  орыс  қалалары  мен  кезінде  әлемге  әйгілі  болған  шығыстың  Кабул, 
Мысыр шаһарларындағы университеттерінде оқып,жоғары білім алған Бөкейлік 
зиялылар  тобының  аға  буын  өкілдері  –  Мұхамбет-Салық  Бабажанов,  Махаш 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
314 
Бекмұхамбетов,  Юсуп  Ниязов,  Сұлтан  Шалабаев,  Мырзағұл  Саңғырықов, 
Сұлтан-Мұрат  Жантөрин,  Сақыпкерей  және  Ғұбайдолла  Жәңгіровтер  бірінші 
ұрпақ өкілдерінің қатарына жатады. 
1849 жылы тамыз айында Ахмет-Керей мен Ғұбайдолла Оренбург генерал-
губернаторының  адъютанты  есаул  Житковтың  қарауымен    ХVІІ  ғасырдың 
ортасында  әйел  патша  Елизавета  Петровна  Санкт-Петербургте  негізін  қалаған 
Ресейлiк  империяның  таңдаулы  оқу  орыны  -  Паж  корпусына  келіп  жетеді. 
Кішкентай  сұлтандар  Ахмет-Керей  мен  Ғұбайдолла  үшін  ұзаққа  созылған  бұл 
саяхат Сақып-Керейдің аяқ астынан болған өлімі болмаса қызықты да қуанышты 
өтер еді [13, 8 б.]. 
Паждардың  көпшілігі  –  сарайдың  алдыңғы  қатарлы  шенеуніктерінің, 
жоғарғы  генералитеттің,  министрлердің,  дипоматтардың  балалары  немесе 
немерелері,  ресейлік  атақты  әулеттердің  ұрпақтары  болған:  олардың  әкелерінің 
байлығы  өте үлкен, әулеттің  көнелігі бірнеше жүздеген жылдармен  есептелген. 
Талай  жылдар  бойы  қызмет  еткен  әскери  шенеуніктердің,  офицерлердің 
балалары  да  сол  жерде  оқыған,  өздері  болса,    соғысқа  қатысып,  тіпті  сол 
соғыстарда  өз  өмірлерінен  айырылып  осындай  тамаша  үздік  білім  беретін 
мекемеде  балаларының  білім  алуы  үшін  жағдай  жасап  отырған.  Бұл  негізінен 
гвардиядағы  “әскер  қатарында  қызмет  ететін  текті  әулеттер  мен  қызметшілер 
отбасынан шыққан жастарды” даярлауға арналған жоғарғы әскери оқу орны. Бұл 
корпусқа  Ресейдегі  ең  ақсүйек  дворяндар  мен  император  әулетінің  10-15  жас 
аралығындағы ер балаларды оқытып, жылына барлығы 50 шәкірт қабылданатын. 
Оқуға  талапкердің  денсаулығы  мұқият  тексеріліп,  сырт  келбетіне  де  айрықша 
көңіл бөлінді. Оған имиген еңкіш, секпілбет, аяғы қисық адамдар  алынбайтын. 
Үрдіс бойынша, астанада өткізілетін шерулердің  қай қайсысында солар бастап 
ашып  беретін.    Денесіне  құйып  қойғандай  әдемі  киімді,  сымбатты  да  сұңғақ 
бойлы  бұл  жігіттер,  тіпті  ең  бай  гвардиялық  жастардан  да  өзгеше  көз 
тартарлықтай ерекшеленіп тұратын [13, 20 б.].  
Жәңгір  ханның  барлық  ұлдары  осы  Паж  корпусын  бітірген.  Бір  сөзбен 
айтқанда, Жәңгір ханның төрт ұлынан басқа ешбір қазақ мұнда ешбір қазақ білім 
алмаған.  Жәңгір  хан  олармен  бірге  молда    Ахмедшах  Әбсәлімовты  жібереді. 
Болашақ генерал «...озат тәрбиеленуші ретінде танылып үздік оқушылардың №9 
ерекше  кітабына  енгізілген».  Ал  1856  жылы  -  Ғұбайдолла  Шыңғысхан  корнет 
болып шығып, казак полкіне лейб-гвардияға жөнелтіледі. 
Оның  қызмет  дәрежесі  бойынша  өсуі  II-шi  Александр тұсына  тура  келдi. 
Солтүстік-Батыс  өлкесіндегі  әскери  қараулардың  бірінде  патша  оны  байқап 
қалады, сөйтіп жас офицер оның флигель-адъютантына айналады, ал 1878 жылы 
адалдығы және бiлiмдарлығы үшін свитаның құрамына кіреді. Ағалы-інілі олар 
1856 жылы таққа отыру салтанатында Ішкі Орданы көрсетіп, оның атынан өкіл 
болған. Олар 1860 жылда Оренбургке бiраз уақытқа қайтып келедi. Ғұбайдолла 
бұл  жерде  алғаш  рет  императордың  сенiмдi  тұлғасы  ретінде  алтын  кенiштерді 
тексеру  үшiн  Башқұртстанға  екi  рет  iс-сапарға  жiберіледі.  Генерал-губернатор 
А.П.  Безак  Жәңгір  ханның  екі  ұлы  –  ротмистр  князь  Ибрагим-Шыңғыс  пен 
штабс-ротмистр  Ғұбайдолла  Шыңғыс  «бiздiң  үкiметке  әбден  берілген,  жақсы 
қабiлеттiлiктері  мен  ерекшеленеді  және    тек  қырғыз  iстері  бойынша  ғана  емес, 
сонымен қатар басқа да қызметтiк қажеттіліктер бойынша да өте пайдалы» деп 
куәлік  береді.  Алайда    императорға  жақындықтан  туған  күндеушiлiк  пен  көре 
алмаушылық  және  патшаны  өлкеде  орын  алған  кемшiлiктер  туралы  кез  келген 
уақытта баяндап беруге қабiлеттi офицердiң өзiнiң жанында көргісі келмегендік, 
ақыр  соңында  Ғұбайдолланың  1866  жылы  әскери  кавалерияға  ауыстырылуына 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
315 
алып келедi, жұбаныш ретінде оған подполковник шені беріледі. Араға төрт жыл 
салып  ол  казак  полкінің  лейб-гвардиясына  полковник  болып  тағайындалады 
және  императордың  флигель-адъютанты  қызметіне  қайтып  оралады.  Ал  1879 
жылы император оған дворян атағын береді [19, 1 б.]. 
Полковник  Шыңғысханның  қызмет сатысы бойынша ары  қарай  көтерілуі 
екi  фактормен    анықталады:  оның  жеке  қабілеттер  мен  басшылық  жағынан 
қолдау.  II-шi  Александр  Солтүстiк-Батыс  аудандарға  сапарларға  шыққанда 
әрдайым  Ғұбайдолланы  ертіп  жүрген.  Сондай  сапарлардың  бірінде  ол  император 
адъютанты атанады, патшамен арада сенiмдi қатынастар орнайды. Бұл қызметте ол  
императордың жеке тапсырмасы бойынша Ливадияға келiп, алғаш Қырымда болады. 
Оған император 1876 жылдың ақпанында телеграф мекемесiн басқаруға мiндеттейдi. 
Бұл 
департаментті 
басқара 
отырып 
Ғұбайдолла 
Түркиямен 
соғысқа 
дайындықтардың үстіне түседі. Оның тарапы бойынша Севастопольде, Одесса және 
Очаковода  маяктар  және  атырау  батареялары  байланыстырылады,  Қара  теңізден 
Каспий теңiзіне дейін  телеграф кабелiнiң төсемiн төсеу басталады [28, 1 б.]. 
1877  сәуірде  орыс-түрiк  соғысы  басталды.  Соғыс  басталысымен  орыс 
армиясының  бас  қолбасшысы  атқарушы  телеграф  корреспонденциясының 
қозғалысының  басшысы  етіп  Ішкі  Орданың  соңғы  ханы  генерал-майор  Жәңгір 
Бөкеевтің  баласы  Ғұбайдолла  Жәңгіровты  жариялайды.  Сөйтіп,  полковник 
Шыңғысхан Николай Николаевичтiң ұлы князiнiң ұйғарымымен - пошталар және 
телеграфтардың  бас  бөлiм  меңгерушiсi  қызметiнде  майданға  жолданады. 
Ғұбайдолла  өзінің  жұмысқа  қабiлеттiлігімен,  техникалық  сауаттылығы  және 
ерекше ұғымталдығымен көпті  таң  қалдырады.  Соғыс  қызған  уақытта  телеграф 
өткiзгiштерiнің  қоры  таусылған  кезде  ол  олардың  орнына  казак  найзаларының 
саптарын  қолдануға  бұйрық  бердi.  Әскерге  келіп  жеткен  император 
алғашқылардың бiрi болып оның көрсеткен ерлігі үшін алтын георгиев қаруымен 
марапаттады.  
Оның  айналасындағылардың  бірі  Ғұбайдолланы  император  свитасы 
ортасында қалжыңдап Мамай деп атағаны туралы естеліктер айтады.  
Оның басшылығымен соғыс барысында маңызды  Дунай арқылы телеграф 
кабелi өткізіледі. Бірақ 1879 жылда ол сүзекпен ауырып соғыс ол үшін аяқталады 
[19, 1-2 бб.]. 
Орыс  Балкан  әскерiнiң  (210  мың  адам,  810  саймандар)  бас  қолбасшысы 
Ұлы  князь  генерал-адъютант  Николай  Николаевич  болды.  Түрiк  әскерiн    (206 
мың адам, 400 саймандар) тәжірибелі сердар-экрем Абдул-Керiм-Паша басқарды 
(генералиссимус),  кейін  оны  (мұсылмандықты  қабылдаған  немiс  Карл  Детруа) 
мехмед-Әли-Паша (генерал-фельдмаршал) ауыстырды [25, 1-2 бб.]. 
Соғыс  барлық  (жаяу  әскер,  флот,  артиллерия,  атты  әскер  тағы  басқалар) 
әскерлердiң  түрлерiнiң  қолданумен  (Балкан  және  Кавказ)  екi  майдандарда  бiр 
уақытта жұмыс  iстей алған  Ресейдегi  әскери  iс-әрекетiнiң ары  қарай  дамыуына 
үлкен  ықпалын  тигізді.  1853-1856  жылдары  болған  Қырым  соғысындағы 
жеңілістен  кейін  елде  әскери  реформа  жүргiзiлдi,  әскердiң  құрылымындағы, 
әскерлердiң  жауынгерлiк  әзiрлігi,  әскери  өнеркәсiптiң  дамуы,телеграф  және 
телефон желiлері салаларында бірқатар жобалар жүзеге асты. Соғыс қарсаңында 
австриялық  үлгi  бойынша  орыс  әскерiнде  тоғыз  әскери  -  жорық  телеграф 
парктері,  олардың  әрқайсыларында  сегіз  Морзе  аппаратынан  болды,  35 
шақырымға  созылған  мыс  телеграф  өткiзгiшi,  7  арба,  2  станциялық  күймелері 
болды. Парк штаты соғыс уақытында 373 адамнан тұрды, соның iшiнде 6 офицер 
және  шенеунiктер,  12  телеграфисттен  тұрды.  Соғыста  6  әскери  -  телеграф 
парктері  қатысты,олардың  iшiндегі  төртеуі  (3,  4,  5  және  6-шы)  әскерді  дала 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
316 
байланыстарымен тiкелей қамтамасыз еттi, ал екiпарк (1-шi және 2-шi) резервте 
болды. 
Әскери-телеграф  парктерді  ұйымдастыру  инженерлiк  әскерлердiң  сапер 
бригадалары құрамына кiрдi, бiрақ әскердiң штабы және бас қолбасшы нұсқауды 
орындап өз алдына жұмыс iстедi. 
Әскери-телеграф  парктері  инженерлiк әскерлердiң сапер  бригадаларының 
құрамына кiрдi, бiрақ әскердiң штабы және бас қолбасшы нұсқауларын орындап 
өз  алдына  жұмыс  iстедi.  Әскери-телеграф  паркі  (35  шақырым)  бiр  өткелге 
телеграф сызығының құрылымына есептелiнiп, әрбiрi екi телеграф станциялары 
бар 33 шақырымдарда сызықты жасай алатын үш бөлiмшелерден тұратын болды 
[19, 2 б.]. 
Орыс  әскерiнiң  тарихында  1877-1878  жылдардағы  соғыста  тұңғыш  рет 
орасан зор аумақты алып жатқан майдан алаңында әр түрлі бағыттардағы әскери 
істерді  басқарып  бақылап  отыру  үшін    электр  телеграфы  кең  қолданылды. 
Мысалы,  Софиядан  Қара  теңiзге  дейінгі  оның  ара  қашықтығы  400  шақырымға 
созылып  жатты.  Ол  -  басқа  қазақ  генералдары  сияқты  жергiлiктi  әскери-
азаматтық  әкiмшiлiктегi  қызметі  үшін  емес,  Ресейдiң  сыртқы  жаулармен 
соғысында,соның ішінде оның оларда мәңгi жауы - Түрiк империясымен соғыста 
қатысқаны  үшін  бұл  мәртебеге  ие  болады.  Ол  іс  жүзінде  техникалық  әскердің  
бірінші қазақ генералы атанды [19, 3 б.]. 
Орыс әскерiнiң барлық телеграф қызметiнiң басшысы сияқты оның міндеті  
соғыс  жоспарлары  мен  әскери  операциялар  жоспарларын  телеграф 
байланысының  қызметін  жоспарлау,  жалпы  әскери-телеграф  парктерінің 
қызметiн  күнделiктi  басқару,  үкiметтік  телеграф  пен  әскери  штабты  
байланыстыру  және  жеке  қосыулармен  үзiлiссiз  қамтамасыз  ету  болатын. 
Отрядтар,  корпустар  және  әскерлердiң  штабтарындағы  жеделхат  қабылдап 
жiбере  алатын  меншiктi  телеграф  бөлiмшелерi  болды,  яғни  олар  майдан 
алаңында  қиын  операцияларды  тiкелей  орындады,  бiрақ  далалық  жағдайларға 
байланысты олардың арасындағы байланысты анықтау әскери - жорық телеграф 
парктеріне тапсырылды. 
Далалық  телеграф  байланысы  қызметiнiң  басшысынан  жоғарғы 
қолбасшылықтың  бұйрықтарын  тез  және  дәл  орындау,  талаптылық,  батылдық, 
ұйымдастырушылық қабiлет керек болды. 
XX-шы  ғасырдың  басында  ресей  әскерінiң  бас  штабы  жауынгерлiк 
әскерлердiң  толық  сипаттамасымен  "1877-1878  жылда  Балкан  түбегiнде  орыс-
түрiк  соғыс  бойынша  материалдардың  жинағы"  атты  109-томдық  кітапты 
шығарды.  Гурко,  Драгомирова,  Скобелева  тағы  басқалар  сияқты  белгiлi  орыс 
әскери  қолбасшыларының    фамилияларымен  бірге  1878  жылдың  қаңтарынан 
бiрiншiден  соңғы  күнге  дейiн соғысқа қатысқан  генерал-майор  Шыңғысханның 
фамилиясы  да  кездеседі.  Парк  1877  жылдың  тамызында  сегiз  жердегi  бақылау 
станциялары бар 230 шақырымға телеграф қатынасының сызығы болды. 
Шығыс және Батыс отрядтарының құрамындағы 5-шi және 6-шы әскери - 
телеграф  парктері  соғыста  бас  қолбасшы  мен    әскери  корпустардың 
штабтарымен,  алдыңғы  қатардағы  бөлімдермен  қамтамасыз  еттi.  Тек  қана  1877  
жылдың маусымының өзінде-ақ 5-ші парк 85 шақырымдық телеграф сызығын 10 
станциямен  байланыстырып  тұрды,  4500  жеделхаттар  жөнелтіп  қабылданып 
отырды. 1877-1878 жылдың қысында орыс әскерi түрiк әскерiн Балкан түбегінде 
жеңiп, талқандады және бұдан әрi Адрианопольге, сонан соң Константинопольге 
шығуға  мүмкiндiк  алды.  Соғыстың  қорытынды  кезеңдерiндегi  операцияларын 
табысты  өтуіне  әскери  штабтар  және  үкiмет  телеграфымен  басталған 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
317 
бағаналардың  арасындағы  орнықты  телеграф  байланысының  бар  болуы  өз 
септігін тигізді. 
Әскери-телеграф  парктері  өзiн  соғыс  барысында  жақсы  көрсете  білдi, 
Ресейдегi  әскери  байланыс  қажеттi  жауынгерлiк  тәжiрибе  жинақтады  және 
әскерлер бiржолата дербес тек ретiнде көз жеткiздi. Барлық парктер "1877-1878 
жылдардағы 
орыс-түрiк 
соғысындағы 
ерліктері 
үшін" 
белгілерімен 
марапатталады,  көптеген  офицерлер  және  қатардағы  сарбаздар  ордендермен 
марапатталады. Топтық құрамдағы 500 қызметкер "Ерлiгі үшін" жазуы жазылған  
алтын  қарумен  марапатталған.  Оларды  арасында  генерал-майор  Шыңғысхан  да 
(Ғұбайдолла Жәңгіров) болды [19, 3-4 бб.]. 
Біріншіден, ол қазақ арасынан шыққан тұңғыш әскери жоғары лауазымды 
иеленген  тұлға.  Мысалы,  орыс  патшасы  II-шi  Александр    Солтүстік-Батыс 
өлкесіндегі  әскери  қараулардың  бірінде  оны  байқап  қалады,  жас  офицер  оның 
флигель-адъютантына  айналады,  ал  1878  жылы    адалдығы  және  бiлiмдарлығы 
үшін  свитаның  құрамына  кіреді.  Ғұбайдолла  1856  жылы  таққа  отыру 
салтанаттарында  Ішкі  Орданы  көрсетіп,  оның  атынан  өкіл  болған.  Бұл  жағдай 
қазақ зиялыларының арасында өте сирек кездесетін таңданарлық жайт. 
Екіншіден,  1860  жылда  Оренбургке  бiраз  уақытқа  келіп  қызмет  жасап,  
Ғұбайдолла  бұл  жерде  алғаш  рет  императордың  сенiмдi  тұлғасы  ретінде  алтын 
кенiштерді тексеру үшiн Башқұртстанға екi рет iс-сапарға жiберіледі. Бұл оның 
әскери  дипломатиялық  қырын,  шеберлігін  және  сенімділігін  таныттады.  Бұл 
қызметі үшін Генерал-губернатор А.П. Безак  Жәңгір ханның екі ұлы – ротмистр 
князь  Ибрагим-Шыңғыс  пен  штабс-ротмистр  Ғұбайдолла  Шыңғыс  «бiздiң 
үкiметке  әбден  берілген,  жақсы  қабiлеттiлiктері  мен  ерекшеленеді  және    тек 
қырғыз  iстері  бойынша  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да  қызметтiк 
қажеттіліктер бойынша да өте пайдалы» деген  куәлік береді. 
Үшіншіден, ол 1866 жылы қазақ арасында алғаш рет подполковник атағын 
алған  тұлға.  Сонымен  бірге,  араға  төрт  жыл  салып  ол  казак  полкінің  лейб-
гвардиясына  полковник  болып  тағайындалады  және  императордың  флигель-
адъютанты  қызметіне  қайтып  оралады.  Ал  1879  жылы  император  оған  дворян 
атағын береді. 
Төртіншіден,  Ғ.Жәңгіров  Ресей  императорының  сенімді  өкілі  ретінде 
мемлекеттік  жауапты  қызметтерді  атқарады.  Оған  император  1876  жылдың 
ақпанында  телеграф  мекемесiн  басқаруға  мiндеттейдi.  Осы  қызметте  ол 
Севастопольде,  Одесса  және  Очаковода  маяктар  және  атырау  батареялары 
байланыстырады,  Қара  теңізден  Каспий  теңiзіне  дейін    телеграф  кабелiнiң 
төсемiн  орнатады.  Бұл  бұрын  соңды  Ресейде  жүргізілмеген  үлкен  реформа 
болатын.  Ал  Ғ.Жәңгіров  осы  істі  ерекше  жауаптылықпен  атқарып,  өзінің 
жұмысқа 
қабiлеттiлігімен, 
техникалық 
сауаттылығы 
және 
ерекше 
ұғымталдығымен көпті таң қалдырады. Жасаған зор еңбегімен соғыстағы ерлігі 
үшін алтын георгиев қаруымен  марапатталады. Оны айналасындағылар Мамай 
деп те атаған.  
Бесіншіден, Ғ.Жәңгіров өз елінен жырақта жүрсе де қазақ зиялыларымен, 
туған жерімен байланысын үзбеген. Барынша оларға қолдау көрсетіп, кеңес беріп 
отырған, әрі қазақ даласынан келген өкілдері оған арқа сүйеп келетіндігі бірнеше 
әдебиеттерде  жазылады.  Мысалы,  Санкт-Петербург  қаласына  жеткен  Б.Б. 
Қаратаев  бастаған  делегация    генерал  «Шыңғысхан»  атымен  беделді 
Ғ.Жәңгіровке  келіп,  онымен  ақылдасады.  Генерал  Ғұбайдолла  бұл  делегацияға  
басшылық  етіп,  арнайы  петиция  дайындап  құзырлы  органдарға  тапсыруға  көп 
көмек  жасайды  және  генералдың  араласуымен  қазақ  делегаттары  II  Николай 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
318 
патшаның  қабылдауында  болады.  Ғ.Шыңғысхан  қоғамдық  жұмыстармен 
айналысып,  қазақ  даласында  емдеу  орындарын,  көпірлер  жасауға  басшылық 
жасады. Қазақ жастарының Орталық Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуіне 
көмектесті және Ақмолда ақынның түрмеден босап шығуына себепші болды. 
Санкт-Петербордағы 
Ресей 
этнографиялық 
мұражайынан 
Бөкей 
Ордасында  жасалған  заттар  табылды:  араб  жазуымен  жазылған  металл  дулыға 
бөкейордалық  шеберлердің  қолынан шыққан  екі  жастық.  Музей   жазбаларында 
бұл  заттар  1919  жылы  генералдың  әйелі  Феодосия  Шыңғысханнан  алынғаны 
туралы айтылған. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өте қызықты материалдарды 
табылды.  Сенат  архивтарында  Шыңғысхан  фамилиясына  Велинскаяның 
фамилиясының өзгертілуi туралы 1909 жылдың iсi табылды. Санкт-Петербургтің 
мекен-жайлар  кітабына  сәйкес  Ғ.Шыңғысхан  1897  жылдан  1909  жылға  дейін 
Николаев  көшесіндегі  №70  үйді  жалдағаны  анықталды.  Дворян  әулетiнен 
шыққан Феодосия Велинскасының тұрған үйі анықталды, ол тұрған пәтер Санкт-
Петербургте жалдап тұрған Шыңғысханның пәтерiмен көршi орналасқан. 
Мүмкiн,  бұл  сол  замандарда  әр  түрлі  діни  көзқарастарға  байланысты 
некені ресми рәсiмдеуге бөгет болған болуы да мүмкін. Әйтсе де Ғұбайдолланың 
өлімінен  екі  айдан  соң  Велинская  өзінің  фамилиясын  Шыңғысхан  етіп  өзгерту 
туралы өтініш береді.  
Тағы  да  бір  деректерде  Шыңғыс  князiнде  Қырым  татарлары  атақты 
мүпфтилерінiң  бірінің  қызымен  некесінен  ұл  бала  қалғаны  туралы  айтылады. 
1904  жылы  қыз  өте  діндар  болғандықтан  мешітте  құпия  некеге  отырады. 
Ғұбайдолла да Меккеге барып Қажы атанса да қыздың әкесі қызын Бұхар ханы 
Сейіт  ханның  қанатының  астына  алуға  Түркiстанға  қуып  жiбередi.  Ғұбайдолла 
1909 жылы өмірден-өткенше әйелін іздеумен болады. Ал ол 1905 жылы Хакім-
Керей  атты  ұл  баланы  дүниеге  әкеліп,  бірақ  өзі  қайтыс  болады.  Кейінгі 
мәліметтер жоғалған. 
Қорыта  келе,  Жәңгір  ханның  баласы  Ғұбайдолла  Жәңгіров  1894  жылы 
Ресейдің  атты  әскери  кавалерия  генералы  жоғары  әскери  атағын  алған  жалғыз 
қазақ болды. Ол 1877-1878 жылдары орыс-түрік соғысына қатысқан, 1868 жылы - 
полковник, 1878 жылы  - генерал-майор, 1888 жылы  - генерал-лейтенант атағын 
алған.  Ғ.Жәңгіров  әскери  қызметін  кавалерия  генералы  шенінде  аяқтаған,  ол 
бүгінгі армия генералы немесе әскери маршал шеніне тең атақ. Қалай болғанда, 
Ғұбайдолла  Жәңгіровтың  төре  тұқымына  лайықты  ел  үшін  атқарған  қызметі, 
әскери ерлік күрестері бүгінгі ұрпаққа аян, қазақ елінің қоғамдық-саяси өміріне 
белсене араласқаны айғақ, ал оның өмірінің соңғы кезеңі туралы зерттеуді, әліде 
мұрағат деректерін ақтарып, оның тұлғасын қазақ тарихында мәңгі өшпес мұра 
етіп қалдыру біздің парызымыз.  

1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал