«Өз жеріңді таны» (квест ойыны) Мақсаты



бет1/3
Дата21.09.2023
өлшемі25,91 Kb.
#109636
  1   2   3
Байланысты:
Өз жеріңді таны


«Өз жеріңді таны»
(квест ойыны)
Мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға бағыттау.
Ойынға қатысушылар саны – 10
Жүргізуші: КВЕСТ –ағылшын тілінен аударғанда ( іздеу, табу деген мағынаны білдіреді). Ойын барасында бірнеше міндеттер шешіледі. Баланың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, бірлесе әрекет ету іс-қимылдарын, тілдерді үйренуге деген қызығушылығы, ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге,топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеуге. Сонымен қатар, ойын барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды қолдануға болады. КВЕСТ ойынының ұйымдастыруда алдына белгіленген бір нақты мақсат қойылады, яғни (кейіпкерді құтқару, қазына табу, картамен жұмыс т.б.) Көмекшінің көмегіне жүгінуге болады.
Құрметті ойынға қатысушылар, бүгінгі тақырып өз туған өлкемізге арналғандықтан сұрақтар да соған қатысты болмақ. Ойын нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының қызықты деректерімен таныса отырып, қаламыздың бейнесін құрастырып шығарасыз.
Тапсырма №1.
Орал қаласының іргетасы қай жылы қаланды?
1. Шыңғыс берді гүл
Алмас берді 2 гүл,
Саят пенен Жақсылық
Тағы берді 5 гүл
Нұршат пенен Назерке
Әкеліп берді 3 гүл
Қалғандары қосылып,
Берді тағы 4 гүл.
Қанша гүл болды барлығы? (15 гүл)
2. Үш пар ат 8 км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шабады? (8 км)
3. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып, ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? (4 алма)
Жауабы: 1584 жыл
Бөлмеге 1 5 8 4 деген сандарды жапсырып қою.
Қатысушылар сандарды қосқан кезде артынан сөздер шығады.
Батыс Қазақстан облысы қандай облыстармен шектеледі?
Картадан табыңыз.
Жауабы: (Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облысымен, батысында Ресейдің Астрахань, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі).
Тапсырма №2 Қай жылы Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді (1978 жыл)
Тапсырма №3 Қызыл кітаптың ішінде бір кілтті қою. Кілттегі артық сөзді тауып, қалғандарының ортақ түсінігін табыңыз:
Р Қ А Р А
М И Ұ Т Н Р Ы
З Ұ Д Қ Н Ы
Жауабы: Арқар, итмұрын, құндыз (Қызыл кітапқа енгендер)
Үстелдің үстіне бір сандық-қобдиша немесе кілтпен ашылатын сөмке қою. Сөмкені ашқан соң ішінен сұрақ және жұмбақ шығады.
2.Скрипка ойнаған адамның қай құлағы дұрыс естімей қалады.
Жауабы: Өйткені скрипканы сол жақтағы иықпен ойнап сол құлағына дыбыс күші түскендікте
Тапсырма №4
Жапанда бір нәрсе бар өте қызық,
Жаңалықты күнделікті берер жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тәмам халық.
Жауабы: газет
Газетте белгіленген әріптерден сөздер құрастыру қажет.
Оралдың дәл іргесіндегі, Жайық пен Шағанның қосылар тұсындағы табиғаты әсем жер, қаланың мәдени саябағы Хан тоғайы деп аталады.
Шкафтың қасына Жаһанша Досмұхамедовтің суретін ілу, шкафтың үстіне карта бөлігі мен келесі тапсырма жасырылып тұрады. Нүктелердің орнына тиісті сандарды қой.
Тапсырманы шешсеңіздер, ақын туралы мәліметтер шығады. Тапсырмада екі сөз берілген. Олардың екеуіне де тән ортақ қасиеттері бар сөздерді, жауаптарды табыңыз. Іске сәт!
Ж.Молдағалиевтың өмір сүрген жылдары мен туған жері
Тапсырма:
1. Жүрек –Артерия
2. Ысқырық –Шу
3. Цунами –Дауыл
4. Париж-Лондон
5. Азия –Африка
6. Канал –Плотина
88. Астаналар
19. Стихиялық апат
19.Қан айналу мүшелері
20. Дыбыс
Ақжайық - Жер шарының бөліктері
Жыланды - Жасанды су құрылысы
Жауабы:
(1920-1988жж., БҚО, Ақжайық ауданы (бұрынғы Тайпақ ауданы), Жыланды ауылы.
Мына ребусты шеш.
Ор-теке суреті, жал-ын, д-омбыра, дост-ық
Жауабы : Ор ын дық
Орындықтың астынан Ч.Дарвиннің суреті және келесі тапсырма шығады.
Өлең жолдарынан үзінді (музыкасы)
Жауабы: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің авторы
кім ? Қадыр Мырза Әли.
Ол дыбыс толқындарын шығарады. Оның екі түрі болады. Біріншісі механикалық әдіспен дыбыс жазатын, екіншісі дыбысты қайта жаңғыртады. Өнердің айтулы өкілдерінің үн-даусы жазылып алынып, кейіні ұрпаққа сақтауға қалдырылады.
Жауабы: (Граммафон немесе қазіргі уақытта дискілерге жазылып сақталады.)
Граммафоның артқы жағына мына сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз.
1. Жүрек –Артерия
2. Ысқырық –Шу
3. Цунами –Дауыл
4. Париж-Лондон
5. Азия –Африка
6. Канал –Плотина
88. Астаналар
19. Стихиялық апат
19.Қан айналу мүшелері
20. Дыбыс
7.Ақжайық - Жер шарының бөліктері
8.Жыланды - Жасанды су құрылысы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет