Байланысты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.
Алтыншы бағыт-көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы-мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; қарым-қатынас мәдениетіне; сөз мәдениетін сақтауға; эстетикалық түсініктерді жетілдіруге; көркемдік мәдениет саласында эстетикалық мұраттарға, өнердегі және болмыстағы мінсіз сұлулыққа шығармашылық қабілеттер қалыптастыруға; ойлауға және шығармашылық қиялға, шығармашылық қызметке мәдениетаралық әрекетке; мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін білуге; толеранттылық пен ғаламдық пікір қалыптастыруға; көпмәдениетті тұлға қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс танытуы. Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер; үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.