Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі



бет56/141
Дата21.04.2023
өлшемі480,73 Kb.
#85449
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі де сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Тұлғаның өмірі әлеуметтік ортада өтеді, сол ортада өмір сүреді. Оның алдында өмірлік қиындықтарды жеңе білуі, тұлға жауапкершілігі, қоғамдық қатынастар мәдениетін менгеруі, өз және қоғамдық құқықты қорғай білуі, өз өмірін құруға дайын болуға бағытталады.
Сынып жетекшісінің мектептің тәрбиелеу жүйесін үйлестіру қызметі.Оқушыларға тәрбие беру жалпы тәрбиенің негізгі заңдылықтарын, ұстанымдарын басшылыққа алады. Заңдылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құбылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді.
Оқушыларға тәрбие беруде төмендегі жаңа идеялардың қажет екендігін және мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыруда осы идеяларды негізге алуды ұсынады: еркін тәрбие идеясы; жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлау идеясы; өзін-өзі танып білу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру идеясы және өзін-өзі бағалай білуге үйрену идеясы; ана тілі мен төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту идеясы; тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру және интеграциландыру идеясы; әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы адамгершілік қарым-қатынаста болу идеясы; мектептің ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік, мәдени және ұлттық орталықтармен, мектептен тыс мекемелермен байланысты жүзеге асыру идеясы.
Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушылардың сабақ үдерісіндегі және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептегі оқушылардың инциативасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдармен мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдық және жеке-дара тәрбие проблемаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептің тәрбие жұмысының отбасымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс- әрекетінде қоса атқарады.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара сабақтастықта қызмет ету тәрбие тұлғасын дамытуға ықпал етеді. Олар, тұлғаны әлеуметтендіру, сынып жетекшілері, тәрбие институттары болып қоғамдық тұрғыда қызмет атқарып отыр.
Тәрбие беруде сынып жетекшісімен мектеп өкілінің рөлі, жаңарған мектептегі олардың функциялары, мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден, ортаның оқушыға әсер етер ықпалын, екіншіден, өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін, олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу маңызды.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты мектеп оқушыларын қоғамдық белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал етуді, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми –дүниетанымының қалыптасуын, жан-жақты жара-сымды дамуына жағдай жасауды, тәрбиенің құрамдас бөліктерін тәрбиелік іс - шараларды жүзеге асыруды т.б. қамтиды.
Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, әрі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады.
Қоғамдық-сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атқаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты.
Балалар ұжымын ұйымдастырушы сынып жетекшісінің тәрбие берудегі негізгі міндеттеріне оқушының ата-аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу, тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету, оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, өзін-өзі басқару арқылы әртүрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжымішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы).
Оқушыларға тәрбие беруде жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын: диагностикалық, мазмұндық-тұтастық, ұйымдастырушылық іс-әрекеттік, технологиялық, нәтижелілік-бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.
Педагогикалық рефлекция сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының негізгі компонеті. Ғалымдардың анықтамаларын саралай келе педагогикалық рефлекция-даралық, шығармашылық, авторлық ізденістері мен соның нәтижесі, кәсіби рефлекция –мамадығына сәйкес нәтижелі білім алу, өзін-өзі дамыту, жан мен тән үйлесімдігі, өз ойын жинақтау. Педагог-тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиелеушілік және дамытушылық іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұру керек. Сынып жетекшісі – бұл топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, жасы үлкен жолдасы, демберуші, кеңесші, көмекші, қамқоршы, қорғаушы, ойсалушы, реттеуші, үйлестіруші, ақпаратшы, қызметкер, т.б. Ол оқушылармен, ата-аналармен осы сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдері мен бірлесе жұмыс жүргізе отырып, әр оқушының дене құрылысымен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі тануына, өзін-өзі жарата білуіне, өзін-өзі ұйымдастыра білуіне, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет