Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Р.Төлеубекованың тәрбиелік жүйесі



бет52/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

Р.Төлеубекованың тәрбиелік жүйесі. Қоғам дамуының жаңа кезеніңде адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін ашуда оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде төмендегі жаңа идеялардың қажет екендігін және мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыруда осы идеяларды негізге алуды ұсынады: еркін тәрбие идеясы; жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлау идеясы; өзін-өзі танып білу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру идеясы және өзін-өзі бағалай білуге үйрену идеясы; ана тілі мен төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту идеясы; тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру және интеграцияландыру идеясы; әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы адамгершілік қарым-қатынаста болу идеясы; мектептің ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік, мәдени және ұлттық орталықтармен, мектептен тыс мекемелермен байланысты жүзеге асыру идеясы.

С.Иманбаеваның тәрбиелік жүйесі. Тәрбие жүйесін іске асыруда сыныптан тыс уақытта ”Болашақ” оқушылар ұйымының үлгі ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен республика мектептеріне үлгі ретінде ұсынылды. Оқушының шығармашылық іс-әрекетін, жеке басылық қасиетін, саяси көзқарастарын қалыптастыруда мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді , өнегелі өсиетті, бизнесті сүйетін жан-жақты жетілген, іскер, саналы азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым ретінде республика мектептерінің оқу тәрбие үдерісіне енгізілді. Ұйым оқушылардың талап, тілектерін, білім және білік дағдыларын, қабілеті мен іскерліктерін дамытып бағыттау жолында “Асыл мұра”, “Iзденіс”, “Достық”, “Ұшқын”, “Домбыра-дастан”, “Ерлік”, “Бизнес”, “Сымбат”, “Өсиет”, “Iзгілік” шығармашылық бағыттары құрылады. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Болашақ маршы» (сөзі: И. Сапарбай-дікі, әні: Ж. Еңсеповтікі), «Балдырғандар жыры» (сөзі: С. Қалиевтікі, әні: Ж. Еңсеповтікі), «Ұландар жыры» (сөзі: Е. Елубаевтікі, әні: Ж.Еңсеповтікі), «Мұрагерлер жыры» (сөзі: Р.Сәтімбекеовтікі, әні: Ж. Еңсеповтікі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет