Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет104/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Бірінші кезеңде топтағы балаларға талапты тек педагог қана қойып, олардың әрекеттері мен қылықтарын реттейді. Бұл кезеңде топ мүшелерінің нақты жауапкершіліктері анықталмағандықтан, сынып өміріне қатынастары бәсеңдік танытады. Топта қоғамдық пікір қалыптасып үлгермегендіктен жеке пікірлер орын алады. Топ құрамындағы балалар өзін топтан оқшау сезінеді. Топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы стихиялы түрде болады.

Осылай біріккен балалар тобының қалпын Л.И. Уманскийдің жіктеу типіне қарай номиналды топ деп атауға болады. Мұндай топпен педагогтың тәрбиелік жұмыс жүргізуі күрделі және тәрбиелік нәтижесі төмен. Сондықтан, тәрбиеші оқушыларды түрлі іс-әрекеттер арқылы қызықтырып, топ аралық қатынастарды дамытып, ұяң балаларды мықтылардың жәбірлеуінен қорғап, оқушылар арасынан көмекшілер белгілеп, топпен жұмыс жүргізуді ұйымдастырады.



Екінші кезеңде оқушылар тобының құрылымы анықталып, олардың жауапкершілік міндеттері бөлінеді. Біртіндеп топ ішіндегі оқушылар педагогикалық міндеттерге орай түрлі қарым-қатынасқа түсіп, жолдастық-достық қатынастары нығайып, мұғалімді қолдайтын оқушылар саны артады. Біртіндеп күнделікті оқу-тәрбие процесінде және сынып жиналыстарында, ұжым мүшелерінің қоғамдық пікірі қалыптасады. Топқа ортақ іс-әрекеттерді атқару, олардың қарым-қатынасын дамытып, қоғамдық өмірге қатысуға белсенділіктерін арттырады. Топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы күшейеді. Осыдан бастап, тәрбиеші ұжым жұмысын бір арнаға бұрып, оны нәтижелі ұйымдастыруды көздейді.

Л.И.Уманский балалар бірлестігінің осындай қалпын ассоциациялық, кооперациялық және автономиялық топтар типіне жатқызады.

Тәрбиеші ұжымның бірінші және екінші даму кезеңінде жүргізетін жұмыстарын онан ары жалғастырып, белсенді топтар арқылы олардың өміріне ықпал ете бастайды.

Үшінші кезеңде педагогтың тікелей басшылығы, сырттай бақылауға алмасып, балалардың өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер жасайды. Топ өздігінен жұмыс жүргізетін деңгейге көтеріледі. Нәтижесінде барлық оқушылар ортақ жауапкершілікті сезініп, әр қайсысы өзіне тапсырылған міндеттерін жауапкершілікпен орындап, күнделікті топ мүддесіне қызмет ету барысында олардың жолдастық-достық қатынастары нығаяды. Сөйтіп, топ жалпы мектеп өміріне қамтылады. Топ мүшелері қоғамдық пікірге бой ұсынып, өз ісіне сын көзбен қарап, оған баға беруді меңгереді. Топтың әр мүшесі ортақ мақсатты атқаруға жұмыла отырып, өзара қолдау мен достық қатынасты сезінеді. Мұндай жағдайда топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы жоғары болады.

Топ оқушыларының осылай бірігу қалпы ұжым деп аталады. Мұндай ұжымда тәрбиеші белсенді топтар арқылы ұжым жұмысын басқарып, ұжымның жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыруына мейілінше жағдай жасайды.

Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыру үшін ортақ мақсатты жүзеге асыруға бағытталған іс - шаралар ұйымдастырылуы шарт.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өз қалауымен түрлі ұжымның мүшесі болады. Сынып ұжымына мүше болу үшін қалыптасқан қарым-қатынас ережелеріне бой ұсынады. Ұжым талаптарын орындау оның іс-әрекеттерін жетілдіреді. Ұжымның талаптарын саналы және белсенді түрде орындау, өзіндік ұстанымының дұрыстығын дәлелдеу, өз пікірін ортаға салу, өзгелердің пікірімен санасу тәрізді шешімдер қабылдауы қажет болады. Сонымен ұжым, ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруге, кез келген басшылыққа мойын ұсынуға немесе оған байыпты түрде өз пікірін білдіруге тәрбиелейді. Ұжымдық қатынастар баланың азаматтық, ізгілік, өз еркімен іске араласу, жауапкершілік, әлеуметтік әділдік тәрізді әлеуметтік сапаларын қалыптастырады.

Ұжымда әр тәрбиеленуші өз іскерлігі мен қабілетін өзгелерге белсенділікпен көрсете алады. Тәрбиешінің басшылығымен әр ұжым мүшесі атқарған іс-әрекеттерімен құрдастарының қолдауына ие болады. Өзін-өзі бағалау, өзі қол жеткізгісі келетін мақсаттарды белгілеу, өзін құрметтеу, өзін тұлға ретінде сезіну, т.б. тұлғалық сапалар тек ұжымда ғана қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет